Абылай хандығы 1771-1781ж.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, азан шақырып қойған аты «Әбілмәнсүр». 1711ж. дүниеге келген, атасы Түркістан қаласының билеушісі, оның есімі Абылай болған. Әбілмәнсүрдің қашып жүргендегі лақап аты Сабалақ. 1771ж. орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салады. Абылай 3 жүздің басын біріктіріп, өзін қазақ ханымын деп жариялайды. 1781 ж. Абылай қайтыс болады. Одан 30 ұл, 40 қыз тарайды. Абылайдың бас мирасқоры Уәли сұлтан Ресей мемлекеті орта жүз ханын танығанымен, ол қабілетсіз басқарушы болады.
XVIIғ. әлуметтік-экономикалық жағдайы.
Қазақстанның оңт. аудандарында феодалдық жер иеленудің – Сойырғал деп аталатын түрі болды. Оны билеуші хан соғыстағы ерлігі үшін немесе азаматтық өмірдегі еңбегі үшін сыйға берді.
Сырдария қалаларында мұсылман дінбасылары – Шайхы ислам, Қазы, Шайхы, Молда т.б. болды. Оларда сойырғал, ихта, милкь, уахф деп аталатын тұрақты түрлері болды.
Алым салықтың түрлері:
Малшыларда – соғым, сыбаға, ерулік, беруге.
Егіншілер мен қолөнершілерде – ұшыр, баж, тағар, харадж деп аталатын салықтарды төлеп отыру міндеттенді. Тағы бір міндеттері – Сауын деп аталды. Оның мәні бай адамдар малын кедейге берді. Ол оны бағып, күтіп бұзаумен бірге қайтарады. Сауын малын жаюды көршіге беру.
Ақша түрлері
1. Алтын динарлар.
2. Күміс дирхемдер.
3. Мыс теңгелер.
Қазақстан мен Орта Азияда ақшаның осы үш түрі де шығарған жалғыз қала – Отырар.
Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері және дерек көздері.
Тарих адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың матералдық және рухани өмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін өткен меңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сөзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бөлігі болып табылады, және дүниеге көзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты өз халқының рухани өмірімен жақындастыруға, оның
мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп өсуіне көмектесуі тиіс.
Қазақ халқының тарихы дүние жүзлік тарихтың маңызды бір бөлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына
жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде төртінші орын алады, ал териториясы жағынан дүниежүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдермен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан өтті, жат елдің басқыншыларға қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзлік өркениетке өздерінің лайықты үлесін қосты. Алайда қасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін,табиғи байлық -тарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де өшіруге тырысты. Жаулап алынған
елдердің халқын өздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу орталық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ халқының тарихын ревалюцияға дейін де, одан кейінде Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Өз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды.
Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Көп ғасырлар орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыру, жас ұрпақты отан сүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Өткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер көмектеседі.
Олар мынадай топтарға бөлінеді.
1. Заттай ескерткіштер (еңбек құралдар, қол өнер бұйымдары, үй тұрмысында пайданылатын бұйымдар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақ, тұрғын үйлердің қалдықтары және т.б.). Ежелгі
замандардан қалған заттай ескерткіштерді зерттеумен арнайы тарихи археологиялық ғылым айналысады. Жер қыртысының қабаттарында заттай деректердің бай қорлары сақталған. Олар қазба жұмыстары арқылы бізге жетеді. Археологиялық ескерткіштер әлі жазу болмаған өте ерте дәуірлерді зерттеуде баға жетпес деректер болып табылады.
2. Этнографиялық ескерткіштер, яғни халқымыздың ежелгі тұрмыс салтының бүгінге дейін жеткен қалдықтары: салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары. Оларды зерттеумен этнография ғылымы айналысады.
3. Лингвистикалық ескерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер. Географиялық атаулар, жеке адамдардың есімдері, басқа тілден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары халқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық процестер мен ежелгі қоғамдық қатынастырды зерттеуде көп көмегін тигізді.
4. Фольклордық материялдар, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің ескерткіштері әртүрлі аңыз әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи жырлар, шежірелер.
5. Жазба деректер: тасқа, металға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен қағаз бетіне түскен әртүрлі қолжазба және баспа құжаттар. Қазақстан тарихи жөнінде мәліметтер түрлі тілде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, арап, парсы және орыс тілдерінде жазып қалдырылған.
6. Кино-фото-фоноқұжаттар деректердің ең жаңа түрлері болып табылады. Бұлар бізге және келешек ұрпақтарға ХХ ғ-да
болып өткен аса ірі тарихи оқиғалардың тынысын, тарихи қайраткерлердің бет бейнесі мен үнін жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |