Microsoft Excel бойынша бастапқы курс



бет3/8
Дата14.06.2016
өлшемі5.59 Mb.
#135165
1   2   3   4   5   6   7   8

Қосу


Келесіні орындаңыз:

  1. А1 ұяшығында «Қосу» сөзін жазыңыз және [Enter] пернесін басыңыз;

  2. А2 ұяшығына 1 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  3. А3 ұяшығына 1 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  4. А4 ұяшығында «=A2+A3» формуласын жазыңыз;

  5. Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы (немесе [Enter] пернесін) басыңыз;

  6. Бағдарлама автоматты түрле формуланы есептеп, А4 ұяшыңында көрсетеді. Ал формулалар жолында формуланың өзі шығады.



Алу


Келесіні орындаңыз:

  1. В1 ұяшығында «Алу» сөзін жазыңыз және [Enter] пернесін басыңыз;

  2. В2 ұяшығына 6 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  3. В3 ұяшығына 3 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  4. В4 ұяшығында «=В2-В3» формуласын жазыңыз;

  5. Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы басыңыз;

  6. Бағдарлама автоматты түрле формуланы есептеп, В4 ұяшыңында көрсетеді. Ал формулалар жолында формуланың өзі шығады.


Көбейту


Келесіні орындаңыз:

  1. С1 ұяшығында «Көбейту» сөзін жазыңыз және [Enter] пернесін басыңыз;

  2. С2 ұяшығына 2 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  3. С3 ұяшығына 3 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  4. С4 ұяшығында «=С2*С3» формуласын жазыңыз;

  5. Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы басыңыз;

  6. Бағдарлама автоматты түрле формуланы есептеп, с4 ұяшыңында көрсетеді. Ал формулалар жолында формуланың өзі шығады.

Бөлу


Келесіні орындаңыз:

  1. D1 ұяшығында «Алу» сөзін жазыңыз және [Enter] пернесін басыңыз;

  2. D2 ұяшығына 6 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  3. D3 ұяшығына 3 санын салып, [Enter] пернесін басыңыз;

  4. D4 ұяшығында «=D2/D3» формуласын жазыңыз;

  5. Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы басыңыз;

  6. Бағдарлама автоматты түрле формуланы есептеп, D 4 ұяшыңында көрсетеді. Ал формулалар жолында формуланың өзі шығады.

Төменде көрсетілген формулалардың барлығы дұрыс болып табылады:



= A2 / B2

= A1 + 12 - B3

= A2 * B2 + 12

= 24 + 53

Автоқосынды


Басты жиынтығында орналасқан Автоқосынды батырмасын сіз бағандар немесе жолдардағы сандар қосындысын есептеу үшін қолдана аласыз. Автоқосынды батырмасын басқан кезде бағдарлама қосынды жүргізу үшін болжамды түрде ұяшықтар тобын таңдайды. Егер сіз формулалар жолындағы түртпе суретін басып немесе [Enter] пернесін қолдансаңыз, онда бағдарлама қосындының нәтижесін көрсетеді. Ал егер де бағдарлама сізге қажет ұяшықтар тобын есептемесе, онда өзіңіз көрсетуіңізге болады.
Келесіні орындаңыз:

  1. F1 ұяшығына барыңыз;

  2. 3 санын енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз;

  3. 3 санын енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз;

  4. 3 санын енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз. F4 ұяшығы санмен белгіленеді;

  5. Басты жиынтығына барыңыз;

  6. батырмасын басыңыз. Бағдарлама F1 мен F3 аралығындағы диапазонды ерекшелеп алып, F4 ұяшығына формуланы шығарады;

  7. [Enter] пернесін басыңыз. Бағдарлама ерекшеленге диапазондағы сандардың қосындысын шығарып, F4 ұяшығына жазады.



Автоматты есептеу


Формулаға кіретін ұяшықтардың мәнін өзгерткен кезде, бағдарлама автоматты түрде нәтижені қайта есептейді. Бұл мәліметтерді есептеу және талдау барысында қатені табуға ыңғайлы.
Тәжірибе үшін кейбір ұяшықтардың мәнін өзгерте отырып, алдыңғы бөлімдегі мысалдарды қолданамыз.
Келесіні орындаңыз:

  1. A2 ұяшығына барыңыз;

  2. 2 санын енгізіңіз;

  3. Оң бағыты бар пернені басыңыз, кейін А4 ұяшығындағы нәтиженің өзгергендігін көресіз.

  4. B2 ұяшығына барыңыз;

  5. 8 санын енгізіңіз;

  6. Оң бағыты бар пернені басыңыз, кейін В4 ұяшығындағы нәтиженің өзгергендігін көресіз.

  7. С2 ұяшығына барыңыз;

  8. 4 санын енгізіңіз;

  9. Оң бағыты бар пернені басыңыз, кейін С4 ұяшығындағы нәтиженің өзгергендігін көресіз.

  10. D 2 ұяшығына барыңыз;

  11. 12 санын енгізіңіз;

  12. Оң бағыты бар пернені басыңыз, кейін D 4 ұяшығындағы нәтиженің өзгергендігін көресіз.


Ұяшықтарға мәліметтерді орналастыру


Ұяшыққа мәтінді енгізген кезде, өз ретімен сіздің жазбаңыз ұяшықтың сол жақ шетіне біртегіс орналасады. Ұяшыққа сандарды енгізген кезде, өз ретімен сіздің жазбаңыз ұяшықтың оң жақ шетіне орналасады. Ұяшықтардағы мәліметтердің орналасуын қалауыңыз бойынша кез келген уақытта өзгертуге болады. A1 ден D1 аралығындағы ұяшықтарға назар аударыңыз, ондағы мәліметтердің барлығы сол жаққа біртегіс орналасқан.



Орта бойынша түзету

A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтардағы мәліметтерді ортаға қарай түзетеміз.





Келесіні орындаңыз:

  1. A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтарды ерекшелеңіз;

  2. Басты жиынтығына барыңыз;

  3. Түзету тобындағы батырмасын басыңыз. Бағдарлама ерекшеленген диапазондағы мәліметтердің барлығын ортаға қарай түзетеді.

Сол жақ шетке қарай түзету

A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтардағы мәліметтерді сол жақ шетке қарай түзетеміз.





Келесіні орындаңыз:

  1. A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтарды ерекшелеңіз;

  2. Басты жиынтығына барыңыз;

  3. Түзету тобындағы батырмасын басыңыз. Бағдарлама ерекшеленген диапазондағы мәліметтердің барлығын ортаға қарай түзетеді.



Оң жақ шетке қарай түзету

A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтардағы мәліметтерді оң жақ шетке қарай түзетеміз.





Келесіні орындаңыз:

  1. A1-ден D1-ге дейінгі ұяшықтарды ерекшелеңіз;

  2. Басты жиынтығына барыңыз;

  3. Түзету тобындағы батырмасын басыңыз. Бағдарлама ерекшеленген диапазондағы мәліметтердің барлығын ортаға қарай түзетеді.

Мәліметтерді мәтін, сан, күн жады және тағы басқа белгілеріне қарамай кез келген бағытқа түзетуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет