Ұяшықтарды автоматты түрде толтыру
Бағдарламада қатарлар көмегімен ұяшықтарды толтырудың мүмкіндігі бар. Мысалы, ұяшықтарды апта күндері, ай
атаулары, жылдар немесе басқа да қатарлармен толтыруға болады.
Ұяшықтарды апта күндерімен толтырайық
-
A1 ұяшығына «Жекс» сөзін енгізіңіз;
-
B1 ұяшығына «Жексенбі» сөзін енгізіңіз;
-
A1:B1 диапазонын ерекшелеңіз;
-
Главная жиынтығын басыңыз;
-
Мәтінді қоюлаңыз;
-
Оң жақ төменгі шетіндегі кішкене тіктөртбұрышты – толтыру маркерін табыңыз;
-
Тіктөртбұрышты басып тұрып, 14 жолға дейін созыңыз. Бағдарлама автоматты түрде апта күндерін толтырып шығады. Сонымен қатар Автотолтырудың қасиеттері - батырмасы шығады.
Суреттен көріп отырғанымыздай, бағдарлама Толтыру командасын қолданды, бұдан басқа Ұяшықтарды көшіру, Тек қана форматты толтыру, Тек қана мәндерін толтыру, Күндер бойынша толтыру және Жұмыс күндері бойынша толтыру секілді бірнеше командалар бар.
Баған ұзындығын реттейік
Бағдарлама автоматты түрде өлшемді анықтауы үшін тышқан көрсеткішін бағанның оң жақ жиегіне апарыңыз. Екі жақты бағыт пайда болған кезде, тышқанның жиектік батырмасын екі рет басыңыз.
Нәтижесі төмендегідей кесте болатын бірнеше тапсырмаларын орындайық.
Уақытты толтырамыз
-
C1 ұяшығына «1:00» уақытын енгізіңіз;
-
Толтыру маркерін басып тұрып, 14 жолға дейін оны созыңыз;
-
[Esc] батырмасын басыңыз;
-
Басты жиынтығын басыңыз;
-
Сандарды форматтау тізімінен, Уақыт мәнін таңдаңыз;
-
Бағдарлама уақыт көрінісін «1:00»-ден «1:00:00»-ге өзгертеді.
Сандармен толтырамыз
-
D1 ұяшығына 1 санын енгізіңіз;
-
Толтыру маркерін басып тұрып, 14 жолға дейін оны созыңыз;
-
батырмасын қолдана отырып, Қатарды толтыру опциясын таңдаңыз. Бағдарлама өзі ұяшықтарды 1,2,3 ретімен толтырады.
-
E1 ұяшығына «1 сабақ» мәнін енгізіңіз;
-
Толтыру маркерін басып тұрып, 14 жолға дейін оны созыңыз. Бағдарлама өзі ұяшықтарды 1 сабақ, 2 сабақ, 3 сабақ ретімен толтырады.
Колонтитулдарды құру
Жоғарғы және/немесе төменгі колонтитулдарды қою үшін
Қою жиынтығындағы
Мәтін тобын қолданыңыз. Жоғарғы колонтитул – бұл сіздің баспа парағыңыздағы әрбір беттің жоғарғы жағында пайда болатын мәтін. Төменгі колонтитул – бұл сіздің баспа парағыңыздағы әрбір беттің төменгі жағында пайда болатын мәтін.
батырмасын басқан кезде
Дизайн (контекстік) жаңа жиынтығы пайда болады және кестенің көріну жағдайы – бет өлшеміне ауысады. Контекстік жиынтықтар тек қажет жағдайда ғана пайда болады. Бет өлшемі жағдайы құжаттық басылған түрін реттеуде өте ыңғайлы. Бадарламаның негізгі жұмыс жағдайы – бұл қарапайым жұмыс жағдайы.
Колонтитулдар батырмасын басқан кезде бағдарлама автоматты түрде енгізуге жоғарғы орталық ұяшықты белсендіреді. Төмендегі кестеде
Колонтитул элементтері тобындағы әрбір колонтитулдың элементі сипаттамасымен берілген:
Командалар
|
|
Сипаттамасы
|
Бет номері
|
|
Бет номерін салу
|
Бет саны
|
|
Беттердің жалпы санын салу
|
Ағымдағы күн жады
|
|
Ағымдағы күн жадын салу
|
Ағымдағы уақыт
|
|
Ағымдағы уақытты салу
|
Құжатқа бағытталу
|
|
Ағымдағы құжаттың толық атауын салу
|
Құжат атауы
|
|
Ағымдағы құжаттың атауын салу
|
Парақ атауы
|
|
Парақ атауын салу
|
Сурет
|
|
Сурет салу
|
Колонтитулдар үш бөлікке бөлінеді: сол жақ, оң жақ және орталық. Жоғарғы және төменгі колонтитулдар арасында ауысу үшін Ауысулар тобындағы батырмаларын пайдаланыңыз.
Колонтитулдарды қою
-
Қою жиынтығын басыңыз;
-
Мәтін тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Курсорды жоғарғы колонтитулдың оң жақ бөлігіне апарыңыз;
-
Колонтитулдар элементтері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Курсорды сол жақ бөлікке апарыңыз;
-
«Microsoft Excel» деп жазыңыз;
-
Төменгі колонтитулға ауысу батырмасын басыңыз;
-
Колонтитулдар тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Мәзірден сіздің құжатыңыздың толық бағытын табыңыз. Бағдарлама оны колонтитулға өзі қояды.
-
Түр жиынтығын басыңыз;
-
Кітапты қарау жағдайы тобындағы батырмасын басыңыз.
Басып шығару
параметрлері
Бағдарламада басып шығарудың көптеген параметрлері бар:
жиектер, бет бағытталуы, бет өлшемі және т.б. Басып шығару параметрлері
Бет өлшемі жиынтығында орналастырылады.
-
Жиектер жоғары, төмен, сол жақ және оң жақ шектің арасындағы арақашықтықты анықтайды.
-
Бет бағытталуының 2 түрі бар: альбомдық и портреттік. Портрет өз ретіндегі опция болып табылады.
-
Беттер әр түрлі форматта болады. Көптеген іскерлік хат алмасуларда 21 де 29.7 см өлшемі қолданылады. Егер сізге беттеің басқа өлшемі қажет болса, онда оны Бет өлшемі жиынтығынан таба аласыз.
Бет макетін құру
-
Бет өлшемі жиынтығына барыңыз;
-
Бет параметрлері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Ұсынылған тізімнің ішінен Ұзынды таңдаңыз.
Бет бағытын беру
-
Бет өлшемі жиынтығына барыңыз;
-
Бет параметрлері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Ұсынылған тізімнің ішінен Альбомдықты таңдаңыз.
Бөр өлшемін беру
-
Бет өлшемі жиынтығына барыңыз;
-
Бет параметрлері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Ұсынылған тізімнің ішінен қажет форматты таңдаңыз.
Басып шығару
Құжатты басып шығарудың ең оңай, әрі тез тәсілі – бұл
Microsoft Office батырмасын басу. Мәзір ашылғаннан кейін,
Басып шығару, Тез басып шығару командаларын орындаңыз. Кестеде бөлшектеуші сызықтар шығып, кейін басып шығару басталады. Бөлшектеуші сызықтар басып шығарылатын парақтың оң жақ, сол жақ, жоғарғы және төменгі жиектерін көрсетеді.
Сонымен қатар оны Алдын ала көру опциясы арқылы да қарап алуға болады. Алдын ала көруді опциясын қолданған кезде экраннан басып шығарылатын құжатыңыздың қандай болатынын көруге болады. Егір сіздің құжатыңыз бірнеше беттен тұратын болса, онда әрбір бетке ауысу үшін
Келесі және
Алдыңғы бет батырмаларын қолданыңыз. Сонымен қатар,
Жиектерді көру опциясын қондырып алсаңыз, құжаттағы жиек сызықтарын да көре аласыз. Жиекті үлкейтіп немесе кішірейту үшін маркерді қозғалтуыңызға болады. Қалыпты жағдайға қайтып оралу үшін
Алдын ала көру терезесін жабу батырмасын басасыз.
Құжатты алдын ала көру
-
Office батырмасын басыңыз;
-
Алдын ала көру және құжатты басып шығару терезесін шығару үшін, Басып шығару опциясына тышқанды апарыңыз;
-
Терезеде Алдын ала көру батырмасын басыңыз. Құжатты көрсету жағдайы алдын ала көру жағдайына ауысады.
Құжатты ортаға апару
-
Басып шығару тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Терезедегі Жиектер жиынтығын басыңыз;
-
Горизонтальді опциясына түртпені қойыңыз;
-
Вертикально опциясына түртпені қойыңыз;
-
Растау үшін OK батырмасын басыңыз.
Печать
-
Басып шығару тобындағы батырмасын басыңыз. Басып шығару терезесі пайда болады;
-
Атау тізіміндегі қондырылған басып шығару құрылғыларының бірін таңдаңыз;
-
Басу секциясында барлығын немесе аралас шығару керектігін көрсетуге болады;
-
Көшірмелер секциясында көшірме санын және шығару ретін көрсетуге болады;
-
Басып шығаруды растау үшін OK батырмасын басыңыз.