Microsoft Excel бойынша бастапқы курс



бет7/8
Дата14.06.2016
өлшемі5.59 Mb.
#135165
1   2   3   4   5   6   7   8

Ұзақ мәтінмен жұмыс


Ұзақ мәтінді енгізген кезде, олар көбіне ұяшыққа сыймай жатады, ал Excel оны толығымен көрсетуге тырысады. Бағдарлама мәтінді сол жақтан түзетеді де, сыймаған мәтіннің жалғасы оң жаққа қарай жалғаса береді. Бірақ, терілген ұзақ мәтін өздігінен екінші ұяшыққа ауыспайды, бағдарлама оны ұяшықтың ұзындығы бойынша кесіп тастайды.



  1. A6 ұяшығына барыңыз;

  2. «Excel бағдарламасында жұмыс жасауды үйренетін уақыт келді» сөйлемін енгізіңіз.

  3. Енгізуді растаңыз. Көріп отырғаныңыздай, мәтін бірнеше ұяшыққа жағасып кетті.



  1. B6 ұяшығына барыңыз;

  2. «Тест» сөзін енгізіңіз;

  3. Енгізуді растаңыз. Көріп отырғаныңыздай, мәтін ұяшықтың ұзындығымен бірдей болып кесіліп қалды.



  1. A6 ұяшығына барыңыз;

  2. Формулалар жолына қараңыз. Сөйлем сол күйінде толықтай тұр.

Бағанның ұзындығын өзгерту




  1. Сіздің ұяшығыңыз A бағанында тұрғандығын қадағалаңыз;

  2. Басты жиынтығын басыңыз;

  3. Ұяшықтар тобындағы батырмасының оң жағындағы төменгі бағытты басыңыз.

  4. Баған ұзындығы командасын басыңыз. Диалогтік терезе шығады;

  5. Баған ұзындығы жолына 50 санын енгізіңіз;

  6. OK батырмасын басыңыз. А бағанының ұзындығы сөйлем толықтай сиятындай, 50-ге өзгереді.

Баған ұзындығын (жол биіктігін) тышқанның көрсеткіші арқылы да өзгертуге болады:



  1. Екі баған (жол) атауындағы жиекке көрсеткішті апарыңыз;

  2. Тышқанның сол жағын басып, ұстап тұрып, ұзарту үшін оңға қарай, қысқарту үшін солға қарай бағыттаңыз. Ал жолдар үшін жоғары немесе төмен бағыттайсыз.



Сандар пішіні


Сіз ұяшыққа енгізген сандарды пішіндей аласыз. Мысалы, мыңдықты ажыратушы үтір, үтірден кейінгі неше сан екендігін, санның алдында доллар белгісін қоя аласыз немесе санды пайыз түрінде көрсете аласыз.

  1. B6 ұяшығына барыңыз;

  2. «1234567» санын енгізіңіз;

  3. Енгізуді растаңыз;



  1. Басты жиынтығын басыңыз;

  2. Сан тобындағы Жалпы тізімінің оң жағындағы төменгі бағытты басыңыз.

  3. Тізімнен Сандық командасын таңдаңыз. Бағдарлама үтірден кейін 2 сан қояды;



  1. батырмасын басыңыз. Бағдарлама мыңдық санды ажыратушы белгі қояды;

  2. батырмасын басыңыз. Бағдарлама ақша бьірлігі белгісін қояды. Өз ретінше ол аймақтық жүйе қондырылымымен анықталады. Керек болған жағдайда тізімнен кез келген ақша бірлігін таңдап алуға болады.

  3. Үтірден кейінгі сандар көлемін азайту үшін батырмасын екі рет басыңыз;

  4. Үтірден кейінгі сандар көлемін көбейту үшін батырмасын басыңыз.

Ұяшықта пайыз белгісін көрсету үшін санды жүздік бөлікпен енгізу қажет. Яғни 56 пайызды енгізу қажет болса, онда 0.56-ны енгізіп, батырмасын басасыз.

3 бөлім. Функцияларды қолдану, ұяшықтарды толтыру және басып шығару


Функциялар көмегімен сіз орта мәнді, санның ең көбін, ең азын табуды және тізімдегі элементтер санын есептеуді тез және оңай орындай аласыз. Microsoft Excel-де жұмыс барысында қолдануға болатын бірнеше функциялар бар.
Функция – бұл формула немесе формулалар жиынтығы. Функциялардың қарапайым формулалардан ерекшелігі, онда сіз +, -, * немесе / секілді операторларды емес, ұяшықтың адресін немесе диапазоннын көрсетесіз. Мысалы, қосындыны есептеу үшін СУММ функциясын қолдануыңызға болады. Функцияны қолдану барысында келесін есте ұстаңыз:

  • Енгізуді тең белгісінен бастаңыз.

  • Функцияның атауын көрсетіңіз.

  • Функция параметрлерін жақшаға орналастырыңыз.

  • Функция аргументтерін тізімдеп жазу үшін үтірді қолданыңыз.

Функцияларды енгізу барысында бағдарлама сізге оның атауын дұрыс енгізуге көмектесуге тырысады.



Функциялар


СУММ функиясы көрсетілген ұяшықтардың/диапазондардың мәндерін қосады.



  1. B1 ұяшығына 12 санын енгізіңіз;

  2. [Enter] пернесін басыңыз;

  3. B2 ұяшығына 27 санын енгізіңіз;

  4. [Enter] пернесін басыңыз;

  5. B3 ұяшығына 24 санын енгізіңіз;

  6. [Enter] пернесін басыңыз;

  7. B4 ұяшығына =СУММ(B1:B3) өрнегін енгізіңіз;

  8. [Enter] пернесін басыңыз. Бағдарлама есептеп, 63-ке тең нәтижені көрсетеді.




Функцияларды қолмен де, арнайы командаларды қолдану арқылы да енгізуге болады. Функцияларды енгізудің қосымша тәсілдерін қарастырайық.





  1. С1 ұяшығына 150 санын енгізіңіз;

  2. [Enter] пернесін басыңыз;

  3. С2 ұяшығына 85 санын енгізіңіз;

  4. [Enter] пернесін басыңыз;

  5. С3 ұяшығына 65 санын енгізіңіз;

  6. [Enter] пернесін басыңыз;

  7. Формулалар жиынтығына барыңыз;

  8. батырмасын басыңыз;

  9. Категория тізіміндегі диалогтік терезеден Математикалық опциясын таңдаңыз;

  10. Функциялар тізімінен СУММ функциясын таңдап, OK батырмасын басыңыз;

  11. Егер бағдарлама автоматты түрде жасамаса, C1:C3 диапазонын енгізіңіз;



  1. Аяқталысымен OK батырмасын басыңыз;

  2. A4 ұяшығына «Қосынды» сөзін енгізіңіз.



Сандардың орташа арифметикасын есептейміз.




  1. A6 ұяшығына «Орта бал» сөзін енгізіңіз;

  2. =СРЗНАЧ(B1:B3) формуласын енгізіңіз;

  3. [Enter] пернесін басыңыз.



Функциялары бар формулаларды құру барысында Главная жиынтығындағы батырманы қолдануға да болады.



Немесе Формулалар жиынтығындағы батырманы қолдануға болады.



Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің біреуін қолданып, C1:C3 диапазонының орта мәнін есептеңіз. Сізде тқөмендегідей шығуы қажет.





Сандардың ішінен ең азын табайық

Сандар қатарынан ең азын табу үшін MIN функциясын қолдануыңызға болады.






  1. A7 ұяшығына «Ең азы» сөзін енгізіңіз;

  2. B7 ұяшығына барыңыз;

  3. =МИН(B1:B3) формуласын енгізіңіз;

  4. [Enter] пернесін басыңыз.


Сандардың ішінен ең көбін табайық

Сандар қатарынан ең көбін табу үшін MAX функциясын қолдануыңызға болады.





  1. A8 ұяшығына «Ең көбі» сөзін енгізіңіз;

  2. B8 ұяшығына барыңыз;

  3. = МАКС (B1:B3) формуласын енгізіңіз;

  4. [Enter] пернесін басыңыз.

Сандар қатарынан сандар санын есептеу

  1. A9 ұяшығына «Сандар саны» сөз тіркесін енгізіңіз;

  2. B9 ұяшығына барыңыз;

  3. Басты жиынтығын басыңыз;

  4. Функциялар тізімін шақыру үшін Өзгерту тобындағы батырмасының оң жағындағы төменгі бағытты басыңыз.

  5. Сан функциясын таңдаңыз. Бағдарлама сізге диапазонды көрсетуге тырысады, бірақ ол барлық уақытта дұрыс болмайды;

  6. B1:B3 диапазонын ерекшелеп алыңыз;

  7. Растау үшін [Enter] пернесін басыңыз.

Жоғарыда орындалған қадамдардың нәтижесі келесідей болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет