Сіз жолдар мен бағандарды қоя және өшіре аласыз. Бағанды өшірген кезде сіз беттің жоғарғы жағынан бастап төменгі жағына дейінгі бағанды толығымен өшіресіз. Жолды өшірген кезде бетті сол жағынан оң жағына дейінгі жолды толығымен өшіресіз. Баған немесе жолды қойған кезде, мүлдем жаңа жол және баған қойылады.
F-тен G-ға дейінгі бағандарды өшіру
Оны келесідей жасаймыз:
-
F бағаны атауына тышқанды апарып, оң жағын басыңыз, ұстап тұрып, тышқан бағытын G бағанына дейін апарыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін, Ұяшықтар тобындағы батырмасының оң жағында орналасқан төменгі бағытты басыңыз;
-
Беттен бағандарды өшіру командасын басыңыз. Бағдарлама сіз ерекшелеген бағандарды өшіреді;
-
Ерекшелеуді алып тастау үшін беттің кез келген жерінен басыңыз.
7-ден 12-ге дейінгі жолдарды өшіру
Оны келесідей жасаймыз:
-
7 жол атауына тышқанды апарып, оң жағын басыңыз, ұстап тұрып, тышқан бағытын төмен қарай 12 жолға дейін апарыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін, Ұяшықтар тобындағы батырмасының оң жағында орналасқан төменгі бағытты басыңыз;
-
Беттен жолдарды өшіру командасын басыңыз. Бағдарлама сіз ерекшелеген бағандарды өшіреді;
-
Ерекшелеуді алып тастау үшін беттің кез келген жерінен басыңыз.
Бағандарды қою
-
А бағаны атауына тышқанды апарып, басыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін, Ұяшықтар тобындағы батырмасының оң жағында орналасқан төменгі бағытты басыңыз;
-
Бетке жаңа бағандарды қою командасын басыңыз. Бағдарлама А бағанының алдына жаңа баған қояды;
-
Ерекшелеуді алып тастау үшін беттің кез келген жерінен басыңыз.
Жолдарды қою
-
1 жол атауына тышқанды апарып, оң жағын басыңыз, ұстап тұрып, тышқан бағытын төмен қарай 2 жолға дейін апарыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін, Ұяшықтар тобындағы батырмасының оң жағында орналасқан төменгі бағытты басыңыз;
-
Бетке жолдарды қою командасын басыңыз. Бағдарлама 1 жолының алдына жаңа жол қояды;
-
Ерекшелеуді алып тастау үшін беттің кез келген жерінен басыңыз.
Сіздің жұмысыңыз орындаған командалардан кейін төмендегідей болуы қажет.
Жиектерді құру
Сіз бетте көріп тұрған кесте жиектері басып шығарған кезде көріндей қалады. Оларды көрсету үшін жиектерді пайдалануыңыз қажет. Сізге жиектердің бірнеше типінің біреуін таңдап алуыңызға болады. батырмасының жанындағы төменгі бағытты басқан кезде мәзір пайда болады. Қажет жиекті таңдап алғаннан кейін оны ерекшелеген ұяшықтың жоғарғы, төменгі, оң жақ және сол жақ шетіне, барлық жағынан немесе тек сыртқы шегіне қоя аласыз. Сонымен қатар қалың сыртқы жиекті немесе жоғары жағынан бір сызық және төменгі жағынан екі сызық жиекті таңдай аласыз.
Келесіні орындаңыз:
-
B6:E6 диапазонын ерекшелеңіз;
-
Басты жиынтығына барыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін Қаріп тобындағы батырмасының оң жағындағы төменгі бағытқа басыңыз в группе;
-
Жоғарғы және екі еселенген төменгі командаларын басыңыз. Бағдарлама ерекшеленген аймаққа бір жоғарғы және екі еселенген төменгі жиектер қояды.
Сіздің алдыңызда келесідей болып шығады.
Орта бойынша біріктіру және түзету
Кейде, әсіресе беттің атауын берген кезде мәтін бірнеше бағандар немесе жолдардың үстінде ортаға орналасқанын қалайсыз. Келесі мысалда, сіз оның қалай жасалатынын көресіз.
-
B2 ұяшығына барыңыз;
-
«Математикалық есептеулер» мәтінін теріңіз;
-
Формулалар жолындағы түртпені басыңыз;
-
B2-ден E2-ге дейінгі диапазонды ерекшелеңіз;
-
Басты жиынтығына барыңыз;
-
Түзету тобындағы батырмасын басыңыз. Бағдарлама B2, C2, D2 және E2 біріктіріп, кейін мәтінді ортаға апарып қояды.
Біріктіруге қарсы команданы орындау үшін, яғни ұяшықтарды ажырату үшін (тек біріктірілген ұяшықтарға ғана жасалады) келесі қадамдарды орындаңыз:
-
Ажыратқыңыз келетін ұяшыққа барыңыз;
-
Басты жиынтығына барыңыз;
-
Мәзірді шақыру үшін Түзету тобындағы батырмасының жанындағы өменгі бағытты басыңыз.
-
Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау командасын орындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |