Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 9. Тақырыбы: Исламның діни этикалық құндылықтары



бет10/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
этика

Лекция 9. Тақырыбы: Исламның діни этикалық құндылықтары


Ислам жəне оның моральдық құндылықтары
Исламдағы діни-этикалық құндылықтардың негізі Құранға сүйенеді. Бұл құндылықтар адамзат тарихында мəңгі жəне ешқашан өзгермейді. Бұл бүкіл дəуірлерге тəн. Бір Аллаһқа сенген адам ұлы мінезге ие болады.
Əрбір дін оның ішінде ислам діні де ахлақ құндылықтарын өздері шығармайды тек қана объективті түрде пайда болған құндылықтарға сипат береді. Жəне де белгілі қағидалармен бірге дін оларға жалпы сипаттама береді. Əсіресе бұл дін адамдарға қолайлы.
Өмірдің мақсаты жəне мəні деген мəселе бойынша: Құранда бұл өмір уақытша жəне адамдар Аллаһқа жалбарыну керек,дейді, өйткені өмір алдамшы (фани), қысқа əрі қатыгез екені уралы айтылады. өмірдің мəнін түсіну мəселесі ғайып мəселесімен тығыз байланысты. Адамның ең маңызды борышы – Аллаһқа құлшылық ету.
Ислам дінінде адамға Аллаһ тарапынан жаратылған үшін жəне оған құлшылық еткен үшін үлкен маңыз беріледі.
Адам өмірінің құндылығы Аллаһқа деген сенімділігімен бағаланады. Сондықтан жай өмірдің ешқандай жеке бір маңызы жоқ. Бұл өмір о дүниеде жақсы өмір сүру үшін берілген емтихан. Жəне де бұл өмірдегі бақытты адам бақытты болып саналмайды. өйткені адам Аллаһқа құлшылық жасау үшін өз бақытын құрбан ету керек. Жəне де дүниеде бүкіл құбылыстар Аллаһ тарапынан жасалуда. Сондықтан да адам баласы бүкіл іс-əрекетін Аллаһ Тағала үшін жасау керек.
Қазіргі дін адамдары бұрынғы дін адамдары сияқты осы дүниедегі өмірді жəне о дүниедегі өмірді салыстыруда. Адам баласы осы өмірде бақытты өмір сүруге тырысу керек. Жəне бүкіл нығметтерді пайдалану керек. Басқа тұрғыдан қарағанда олардың пікірі бойынша адамның бас мақсаты осы өмірде Аллаһқа құлшылық ету. Құлшылықтың бес негізі бар.
Исламдағы құндылықтар типологиясы
Ислам этикасы тек дін саласында пайда бола алады. Дін адамдары былай дейді: Ислам ахлағы дегеніміз Құран жəне сүннетте айтылған негізгі қағидалар, өйткені олар Аллаһ тарапынан жаратылған. Ислам ахлағында үш негіз бар:
Бір Аллаһқа сену жəне оның елшісіне Ғайыпқа сену
Ақыретке сену
Мұсылман теологиясының пайда болуы
Мұсылман теологиясы Құранға негізделеді. Мұсылман теологиясындығы нормалар барлық дəуірлерге жарамды. Аллаһ-абсолюттік болмыс. Бұл сипатын айтқанда теологтар Аллаһтың Құранда айтылған 99 атыннан сөз етеді. Осыған байланысты ислам ахлағы өзгермейді. Осы ахлақпен өмір сүру жəне Аллаһқа сену адамды кəмілдікке алып барады.
Исламда ізгілік пен зұлымдықтың қарастырылуы (Борыш жəне ар-ұждан Мейрімділік, Кəмілдік)
Ізгілік пен зұлымдық мəселесінде теологтар Құранға сүйене отырып былай дейді: Ізгілік – Аллаһтан, зұлымдық - адамнан, олардың пікірі бойынша Аллаһ зұлымдық жаратпаған. Жəне де олар былай дейді: адамдарды сынау үшін Аллаһ зұлымдықты сақтаған. Ал басқа дін адамдары болса зұлымдық пен ізгілікті Аллаһ Тағала жаратқан жəне адамдардың пайдасы үшін деген пікірде. өйткені Құранда айтылған: адам баласы жақсы нəрсе жасау керек, зұлымдықтан ұзақ жүру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет