Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 10. Тақырыбы: Құран этикасының ерекшелігі



бет11/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
этика

Лекция 10. Тақырыбы: Құран этикасының ерекшелігі


Ислам дінінің сенімі, ғибадаты, əмірлері мен тыйымдары Құран Кəрімге сүйенеді. өйткені Құран Кəрімде жақсы мен жаман іс-əрекеттер баяндалып оларды жасағанда осы дүние мен ақыретте сый мен жазасы болатындығы баяндалады. Сол үшін Құран этикасын исламның сенімімен ғибадатынан бөлектеуге болмайды. Бақара сүресінің 117 аятында
«Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе жəне жақындарына, жетімдерге, міскіндерге жолда қалғандарға, қайыршыларға жəне құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сорып қалса əрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уəдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта жəне соғыс кезінде сабыр етуші болса міне солар шыншылдар əрі солар тақуалар» деген аятты жалпылама ахлақ негізі деп көрсетуге болады. Аятта байқағанымыздай сенімді, құлшылықты жəне ахлақты бөлек-бөлек қарастырмағандығын көреміз. Сол үшін Құранның адамзатқа беретін əдеп негіздерінде таухид сенімі бар.
Аллаһқа сенбеген адам ислам ахлағын да толық түсіне алмайды. Пайғамбарымыздың бір хадисінде «Мүминдердің иман тұрғысынан ең тамашасы ахлағы жақсы болғаны» дейді.
Құранда «Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған ешнəрсені ортақ қоспандар. əке- шешеге, жақындарға, жетімдерге міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан- жолдасқа жолда қонғандарға жəне қол астарыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ тəкаппар, мақтанақты жақсы көрмейді.» (Ниса-36, Исра-22-27, Хужурат-3, Нур-27 аяттарына қара.)
Міне осыған ұқсас көптеген аяттарды мысал беруге болады. Бұл аяттардың барлығы жақсы мен жаманның арасын көрсетіп беру арқылы мұсылмандарға əдептілік қағидаларын егжей-тегжейіне дейін түсіндіруде.
Сол себепті пайғамбарымыз құран ахлағын тікелей өзі бастап орындап біздерге үлгі қалдырып былай деген: «Мен жақсы əдепті толықтыру үшін жіберілдім.» Хз. Мұхаммедтің пайғамбар болмас бұрын Меккеліктер оны əдептілік жағынан оны жоғары бағалады да оған Əл-Əмин (сенімді) деді.
Хз.Пайғамбар барлық жағынан мұсылмандарға ең жоғарғы дəрежелі ахлақта болуларын айтып кеткен. Сондай-ақ ахлақты ең əдемі түрде жасап үлгі ретінде
қалдырады. Оның мұншалықты қасиетпен əдепке ие болуының басты себебі, Аллаһтың тəрбиесінде болуы. Пайғамбарымыз «Мені Раббым тəрбиелейді əрі қандай əдемі тəрбиелейді»- дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет