Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 11. Тақырыбы: Ислам ахлағы Ислам діні əкелген əдеп түсінігі



бет12/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
этика

Лекция 11. Тақырыбы: Ислам ахлағы Ислам діні əкелген əдеп түсінігі


Ислам дінінің сенімі құлшылықпен байланысты əмірлері мен тыйымдары Құранға сүйенеді. Өйткені Құранда жақсы-жаман іс-əрекеттер баяндалады.
Құранның адамзатқа беретін əдеп негіздерінің түбінде таухид сенімі бар.
Құранның (Ниса, 36; Исра, 22-27; Хужурат 13; Нұр 27) көптеген аяттарда əке- шешеге, жақындарға, туыстарға, міскін-жетімдерге жəрдем беру керек екендігін айтқан. Бұл аяттар адамзатқа жақсы мен жаманның арасын көрсетіп беру арқылы мұсылмандарға əдептілік қағидаларын егжей-тегжейіне дейін түсіндіруде. Адамзат жақсы-жаман мінез құлықтарға ие.

Жақсы мінез құлықтар: Жаман мінез құлық:


-Əділетті болу -Сараң
-Кешірімді болу -Бүлік
-Жомарт болу -Тəкаппар
-Еңбекқор болу -Өсек
-Кең пейілді болу -Ұрлық
-Арлы намысты болу -Өтірік
-Мейірімді болу т.б. -Ғайбат т.б

Пайғамбардың үлгі тұтар əдебі


Мухаммед Пайғамбар (с.а.у.) пайғамбар болмастан алдын Меккелік тұрғындар арасында өте жоғары əдептілігімен танылатын. Оның өтірік айтпайтын, шыншыл мінезі үшін Меккеліктер «əл-Əмин» (сенімді адам) деп атайтын.
Пайғамбардың ахлағы Құран болғандықтан Аллаһ бұл жайында біздерге тағы жол көретіп былай дейді: «Əй мүминдер! Аллаға, əрі елшісіне бой ұсыңындар. Құранды ести тұра Пайғамбардан бет бұрмандар.» (Əнфал-20)
Яғни бір мұсылман қалайша иман мен ғибадат мəселесінде Пайғамбардың əмірлерін орындап, ның жолымен жүрсе əдеп мəелесінде де оны үлгі тұтуы керек.
Мұхаммед Құран əдебін жақсы біліп оны орындаған кісі болғаны үшін мұсылмандарда оның жолымен жүруді басты міндет деп білуі тиіс. Бірақ бұл міндетті орындамас бұрын Пайғамбарымыздың үлгі тұтарлық əдебін жақсы білуі қажет.
Мұхаммед пайғамбар ұрсу, салғыласу, артық сөйлеу, өзіне тиісті болмаған іске араласудан алыс тұратын. Ешкімді сынамай, өзгелердің сырын білуді құмар тұтпайтын. Мақтануды ұнатпайтын. Сөйлеп жатқан адамның əңгімесін бөлмей сөзді соңына дейін тындайтын. Пайғамбар өте қарапайым болып өмірін де қарапайым түрде өткерген. өз тірлігін өзі істеуді ұнататын. Ішіп жегенде астың таза жəне халал болуын қалайды. өтірік іш бауырға кіруді жек көретін. Ешқашан өзін жоғры санамайтын.
Екі дүниенің гүлі атанған Мұхаммед өте жомарт еді. Бір нəрсе сұрап келген кісінің қолын қайтармайтын. Ешқашан əділетсіздік етпейтін.
Қорыта айтқанда Мұхаммед барлық жағынан мұсылмандарды ең жоғарғы дəрежелі ахлақта болуларын айтып кеткен. Сондай-ақ ахлақты ең əдемі түрде жасап, үлгі ретінде қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет