Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 8. Тақырыбы: Христиан дінінің діни-этикалық құндылықтары



бет9/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
этика

Лекция 8. Тақырыбы: Христиан дінінің діни-этикалық құндылықтары


-Христиан дінінің моральдық құндылықтарының қалыптасуы
Христиан діні моральды жоғары бағалайды, бірақ толығымен дінге байланыстырады. Өйткені моральды дінмен байланыстырмасақ ешқандай идеал пайда бола алмайды жəне біз адамдар алдында мақсат қоя алмаймыз. Мораль жəне дін жеке адамның жалпыға деген қарым-қатынасын зерттеуде. Моральдің негізі- адамның қоғамға деген қарым-қтынасы, діннің негізі-адамның Аллаһқа деген қатынасы.
Дін үшін адамды өзіне бағынддыратын құндылық-Құдай. Адамның құндылығы болса Құдайға деген қатынасымен өлшенеді. Сондықтан адамның өмір сүру мəнін өзінде емес, дінде іздеу керек. Христиан дінінде адамның бұл өмірде сүру мақсаты-жанын/рухын құтқару/тазалау. Бұл- бір діни ақиқат.
Христиан аксиологиясы жан мен тəнге негізделеді. Тəн-зұлымдық, жан-ізгілік деп санайды.
-Христиан дінінде ізгіліктің шешімі
Теологтардың көзқарасы бойынша ізгілік жəне зұлымдық деген екі категорияны адам санасына дін енгізген. Христиан этикасында бұл екі категорияның мəні құтқарушы деп біледі. Ізгілік –Аллаһтың маңызды сипаттарынан бірі. Ізгілік адамның сенімін күшейтеді. Жəне де адамның істерін жаман немесе жақсы деп нақты айталмаймыз. Өйткені жаман дегеніміз жақсы, жəне жақсы дегеніміз жаман болу мүмкін.
-Христиан дінінде зұлымдық шешімі
Ізгілік мен зұлымдық ұғымдары барлық діндерде болған. Зороастризмде бұл екі ұғым жарық жəне қараңғылықпен теңеседі. Зұлымдық – абсолюттық ұғым. Адамның басына түскен зұлымдық оның мəңгі өмірде құтқарушысы. Адамның ішінде үнемі бұл екі ұғымның күресі жүруде. Ізгі істер жасаған адам Аллаһтан күш алады, ал зұлымдық жасаған адамдар күшті өз еркілерінен алады. Сондықтан христиандық дам бостандығын болымсыз түге айналдыруда, яғни зұлымдық жасау бостандыққа итермелейді.
Аврелий Августиннің теодицеясы
Августин Аврелий (354-430) Солтүстік Африкаа гиппона епископы христиан дінбасы жəне неоплатонизмге жақын тұрған философ. Ол «Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Августиннің көзқарасы –схоластика көздерінің бірі.
«Құдайдың қаласы туралы » деген шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсіндіреті христианық концепциясын ұсынды. Августинның христиан теологиясының кейінгі дамуына ықпалы орасан зор.
Библиядағы мəтіндердің философиялық мазмұны нақты емес. Бұл мазмұнның дамуы Платон жəне Аристотельдің философиялық көзқарастарын негізге алғаннан кейін іске асты.
Августин Платон философиясымен таныс еді. Өз заманында Платон ақыл мен жақсылық арқылы мақсатқа жету жолдарын тапқан. Осы Платон логикасын Августин өзгертеді. Ол жан (ішкі дүние) арқылы қалай Аллаһқа жете алатын жолдарын қарастырған. Кемелдікке жету үшін жанымыз арқылы тəнімізді де қолдана аламыз, бірақ бұл Аллаһқа толық жету деген сөз емес. Сана емес тек Аллаһқа деген махаббат бізді оған жеткізеді. Бақыт дегеніміз философиялық шыңдарға жетуден емес, ол бастауын ішкі
дүниеден алатын Аллаһқа деген махаббаттан тұрады. Аллаһ адамның сыртында ғана емес оның ішінде де орын алады.
Фома Аквинский этикасының құндылықты аспектілері
Фома Аквинский–орта ғасырдың кталик дінінің теологі, ортадоксалдық схоластикан жүйеге келтіруші. Ф.Аквинский Аристотель философиясынан оның материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін т.б.) күшейту бағытында əрекет етті.
Ф.Аквинский философиясына неоплатонизм ілімі едəуір ықпалын тигізді. Ол универсалиялардың үш түрін мойындайды: жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті), заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық) жəне заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын).
Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі принципі-сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша ақыл құдайдың болмысын саналы түрде дəлелдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.
Аристотель еңбектерінің латын тіліне аудармалары тек ХІІІ ғ. басында ғана біткен. Фома Аквинский өз этикасының анықтамасын жасағанда осы еңбектерден (аудармалардан) пайдаланған. Фома Аквинский Аристотель сияқты жақсылық бақытты өмірдің негізі деп санайды. Яғни жақсылық-Құдай, ал оған деген махаббат-бақыт. Фома Аквинский мен Аристотель «Əр адамның жүрегінде жақсылық жасап жаманықтан ұзақ тұруды талап ететін «табиғи заң» бар» деген пікірде бірлеседі. Осы заңмен жүрген кезде адам Аллаһтың ризасын алады. Фома Аквинскийдің этикасын католиктер құптайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет