Христиандық б.д. І ғас. басында Палестинада пайда болған дін. Дін Иса пайғамбардың (Исус Христос) есімі мен аталған. Христос сөзі грек тілінде «құтқарушы» (мессия) мағынасын білдіреді. Христиан сенімі бойынша (Інжілде жазылған) Исус Христос құдайдың ұлы құтқарушы, ал исламда пайғамбар (Құран: 43:59:9:30-31:5:72/76) деп қабылданады. Христиан діні шығыс халықтарының діні ғана емес философиялық түсініктерінде қабылады. Христианшылдықтың идеялық төркіні 1) əр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, 2) ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғым еді.
Христос таза жүктіболудың нəтижесінде туылған құдайдың баласы болып табылады. Оны Құдай адамдарды қатаң сотқа дайындау, өздерінің күнəларынан құтылу үшін, оларға жол көрсету үшін жіберді. Бұған қоса бұл Исус еврейлерде Исус аты бар белгілі бір отбасында белгілі бір халық арасында белгілі бір уақытта жəне белгілі бір жерде туылған. Адам Иисустың адамдық өмірі туылған қайтыс болғанға дейін адамның заңы бойынша өтті. Яғни Исус əрі Христос əрі адам əрі құдай болып табылады. Оның құдайлық толық сипаты нақты бірыңғай адамдық қасиетімен бірігеді.
Иисус – Давид тұқымындағы еврей, балташының қарапайым отбасында туылған оның əкесінің аты Иосиф ол баласының мұғалім болғанына дейін қайтыс болған, ал шешесі – Мария олар Назареттегі Галилей атты кішкентай қалада тұрды.
Иисус Иерусалимнің маңындағы Вифлемде туылған, яғни мұнда əкесімен шешесі халықтың тіркелуінің ұзаруына байланысты қалуға міндетті болды. Бұл жерде отбасы тоқталып балаға иудеистік ортада салт-дəстүр қабылданды. Кейіннен отбасы Мысырға баласын құтқару үшін қашып кетеді. Бұл кезде иудейдегі Ирод ханына Вифлемге шығыстан адамдар келіп балаға сыйынғаны туралы белгілі болды. Яғни жұлдызнама бойынша ол бала иудейістік хан болу керек. Ирод сол қаладағы барлық балаларды өлтіруге əмір береді. Сол кезден бастап Иродтың аты жауыз деген мағынаға келетін. Иродтың өлімінен кейін Иосиф өз отбасымен Назарет отанына оралды.
-Жақсылық
Иисус уақыттың соңында жақсылық пен жамандықтан жарық пен қараңғылықтың, өмір мен өлімнің бір-бірінен өте алмайтын құзбен бөлінетіндігін айтады. Соған ұмтылатын адам секілді емес, ол сол жақтан келген адам секілді айтады.
Орта ғасырлық христиан Августин əулие зұлымдық туралы мына қағиданы айтып кеткен: адам бір жағына күнəға белінен батқан тəнінің ырқынан шыға алмайтын пақыр, екінші жағынан болса құдай берекесі – рухты алып жүрген жан иесі. Осынау бір басын екі жаққа тартқан кереғар пенде үшін бұл дүниедегі жақсылық, мейірімділігін көзі де өзі де құдай деп түсіндіреді. Ал нақты өмір шындығында күнделікті куə болып жүрген зұлымдықтың субстанционалды негізі жоқ, біріқ көріністерінің адам өмірінде кездесуіне адамның жеке басының еркі жауапты деп таниды.
Сонымен бірге олар басқа адамдағы жақсылықты сезінеді, бірақ жамандыққа дайын емес. Көріп отырғанымыздай жамандық пен жақсылық арасындағы жəне белгілі жетістіктер мен жетіспеушіліктерінің арасындағы айырмашылықты білу үшін адам баласының Құдайдың бар екені туралы білудің қажеті жоқ, жамандық пен жақсылықтың айырмашылығын ашық білу көптеген құндылықтарды сипаттайды.
-Əділеттілік пен мейірімділік
Əділеттілік- адамның жасаған істерінің бағасы. Бұл бағаны беру үшін екі нəрсе қажет: істерді өлшеу ережесі жəне бұл бағаны беретін тұлға.сондықтан əділеттілік заң жəне сотпен бірлеседі.
Мейрімділік – адамды жақсы-жымын іс-əрекеттеріне қарамастан жақсы көру. Иса пайғамбрдың түсінігінде əділеттілік пен мейірімділікті мына хикаядан біле аламыз: бір кісі жүзім жинау үшін адам жалдайды. Жəне оларға жұмыс аяқталғаннан кейін бір динардан беретін болып келіседі. Кейін сағат үште жəне адам жалдап олармен де солай
келіседі. Кейін сағат алтыда жəне адам жалдайды, кейін сағат тоғызда да , он бірдеде жаплайды, сағат он екіде жұмыс бітіп иесі ақыларын береді. Ең алдымен он бірде жалдаған адамдарға бір динардан береді, сол кзде ең бірінші жалдаған адамдары «бізге көптеу беретін шығар деп ойлайды». Соңынд алғашқы жалдаған адамдарға да бір динар береді. Сонда жұмысшылар неге деп ашуланады, иесі мен сендермен солай келістім ғой, мен əділмін, ал соңғыларға бір динар берсем ол менің мейірімділігім-деп жауап берді. Сол сияқты мейірімділік əділеттікті жоққа шығармайды, бірақ оған да бағынбайды. Мейірімділік қайтарсыз жасалынады, шегі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |