Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 15. Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғғ. діни-этикалық ілімдер: В.Соловьев; Н.Бердяев; П.Флоренский этикасы



бет17/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
этика

Лекция 15. Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғғ. діни-этикалық ілімдер: В.Соловьев; Н.Бердяев; П.Флоренский этикасы:


В.Соловьев – орыс философы жəне діни қайраткері. Соловьевтің көзқарасына христиан əдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің жəне басқа діни- философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Соловьев ілімінің өзегі баршаның біртұтастығы идеясы болып табылады. Ол абсолюттік, құдіреттілік аясы ретінде, ал нақты дүние осы идеяның дербестелуі жəне жүзеге асуы ретінде қаралады.
Шартсыз «біртұтастық» ақиқаттың, жақсылық пен сулулықтың мінсіз жетілген синтезі ретінде, Соловьевтің пікірінше мистикалық, рационалдық жəне эмпирикалық білімнің жиынтығы болып табылатын «тұтас» біліммен ғана ұғынылады.
Қоғамда «біртұтастық» идеясы өзін адамдардың құдай адам одағы адамзаттың көкейтесті мақсатын айқындайтын жер бетінде əлеуметтік немесе барлық ұлттарды біріктіретін жəне қайшылықтарды шешетін «құдай патшалығын» орнатуды көздейтін ғаламдық шіркеу ретінде танытады.
Соловьев этиканы тағы да дінге негіздейді: егер өзінің ерік-жігерін «абсолютті жақсылық» жасауға, яғни құдайға еркін бағындыратын болса жəне құдай-адам патшалығын орнатуға ұмтылса, ол-ізгі адам. Соловьев «таза өнерге» қарсы шықса да (ол сулулыққа абсолюттің сезімдік көрінісі деп қарады жəне өнерге негізінен діни-тəрбиелік мəн берді) оның поэзиясы мен эстетикасы орыс символизмнің идеялық көздерінің біріне айналды.
Соловьевтің теориясы ХХ ғасырдың басындағы орыстың діни-идеалистік философиясын қалыптасыруға зор ықпал етті.
Н.Бердяев этикасы:
Н.Бердяев-орыс философы. Н.Бердяев адамдарды тапқа бөліп шатастырған марксизм жеке адамның белсенділігі мен бостандығы туралы көкейтесті мəселелерді шешуге қабілетсіз деп тұжырымдады. Бердяев субъектінің «өмір сүруін» ақиқат деп жариялады. Оның түпсіз тұнғиыққа бойлайтын шығармашылықтың негізі- «абсолютті бостандық», бұл шығармашылық негізгі мазмұны- құдай-адамзат диалектикасы-құдайдың тууы адамға, адамның тууы Құдайға байланысты-дейтін мистерия. Құдай –адамзат шығармашылығының жүзеге асырылуын Н.Бердяев «жаңа ортағасырлық» дейтінге,
«төртінші өлшемнің», о дүниесіне көшіреді, жер бетіндегішығармашылықты үмітсіз далбасалық деп жариялады. Н.Бердяевтің көзқарасы оның «Теңсіздік философиясы» деген ең басты еңбегінде ерекше айқын көрінді, мұнда əлеуметтік теңсіздік- «игілік, ізгілік, шындық» деп, ал соғыс-адамзаттың шығармашылық қозғалысының негізі деп жарияланды.
П. Флоренский этикасы:
П. Флоренский-орыстың діни ойшылы, ғалымы. Флоренскийдің көзқарастары діни сенім мен ғылыми ақиқаттарды түйістіре зерттеу əрекетінің мүмкін еместігін көрсетеді. Ол мəдениетті діннен шығарып, ғылым мен философия мүміндіктері арқылы православиялық қағиалар жүйесін сақтауға тырысты. Қазіргі православия діндарлары діннің бүгінгі қажеттеріне Флоренскийдің мұраларын пайдалануға əрекет жасауда.
Ф. Достоевский этикасы:
Ф.Достоевский-орыстың реалист жазушысы жəне ойшылы. Оның шығармаларында жеке адамның рухани-парасаттық ізденістеріне байланысты (өмірдің мəні, бостандық, жауапкершілік, борыш, ақыл мен мораль т.б.) проблематика басым орын алған. Адамды өз еркі өз басындағы, істеген ісіне өзі жауапты жеке адам деп түсінген. Достоевский тіршілікте кездесетін жағдайлардң бəрінде де жоғарғы жəне қатаң этикалық принципке
«адамдар арасында адам болу жəне адм күйінде қалу, қандай қолайсыздқ болмасын қайғырмау жəне бас имеу» принципіне сүйенуді талап етті. Ол адамды барлық жағдайларға тəуелді, үнемі өз жүрегінің əміріменжүретін тірі жан дейтін ағартушылық көзқарасты теке шығарды. Достоевскийдің пікірі бойынша жеке адам бостандығы оның барлық болмысына байланысты тек ізгіліктің ғана бастауы емес, ол зұлымдылықтың да,
«адамның жасырын астарының» қайнар көзі. Шексіз бостандық қалыптасқан қатынастарға қарсы дара бастың бүлігіне, адамдар арасына жік салуға, жеке адамның моральдық күйреуіне, тіпті өліміне дейін алып келеді. Достоевский бойынша үйлесімді жəн кемелденген адам парасаттық дағдарыстан босанып жəне Иса Пайғамбармен, құдаймен бірігу идеалын, құдай-адамзаттық идеалды өз еркімен қабылдайтын көнгіштік пен қайғы- қасірет тарту арқылы өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет