Лекция 3. Тақырыбы: Құндылықтардың құрылымы жəне дін
Рухани жəне материалдық құндылықтар
Адам руханиятының маңызды бөлігі құндылықтар болып табылады. Құндылықтыр əлемі дегеніміз-адамның объективтік шындыққа деген көзқарасы.
Бұл көзқарас тек қана ақылымен пайда болады. Яғни бір заттың не болғанын неден тұратыны емес бұл заттың бізге деген пайдасы бар ма? Құндылығы қандай екендігін қарайды?
ХІХ-ғасырдың ортасына дейін құндылықтар туралы мағлұмат жоқ. Кейіннен құндылықтар философиясы, аксиологиясы деген ұғымдар пайда бола бастады. Алайда құндылықтарды түсіну жəне оның теориясын ашу көп уақыт бұрын пайда болған. Көне философиялық еңбектерде адамдардың қылықтары жасаған іс-əрекеттері: əдемілік, жақсы, жаман жəне т.б.
Құндылық деген сөздің шығу тегі үш нəрсені білдіреді:
Заттардың сипаты (сырт көзбен).
Адамның психологиялық қылықтары.
Адамдармен деген қарым-қатынастары.
Дробницкий О.Г., құндылықтарды екі тұрғыдан қарастырады: Құндылықтар: жеке тұлға жəне қоғам арасындағы проблемаларды зерттейді. Қоғамның тарихи дамуын зерттейді.
Қоғам өмірінде белгілі қағидалар бар. Жақсы, жаман, əділ, əділетсіздік. Осылайша құндылық субъект жəне объект арасындағы қарым-қатынас болып табылады.
Құндылықтар тек белгілі нормалар, шарттар болса ғана əсер бере алады. Құндылықтар сана яғни құндылықтардың сана жүйесі тек идеал болса өмір бере алады. Белгілі бір идеал болса ғана біз заттарды бағалай білеміз. Құндылық мақсатпен бірлескен кезде күшті болады. Мақсат дегеніміз қалау бірақ əр қалау мақсатымыз емес.
Қоғамдағы əлеуметтік тұрмысқа қарай əр қоғамның өзіне тəн құндылықтары мен идеалдары бар. Құндылықтарды материялдық жəне рухани деп екіге бөлуге болады.
Материялдық дегеніміз тəн, биологиялық ал рухани болса идеал жəне санадан тұрады. Адам баласы биологиялық жəне материялдық болмыстан тұрады. Оның рухани қажеттілігі бар. Əлемдігі заттар жəне құбылыстар адам үшін аса құнды. Өйткені олар адамның өмір сүруі үшін қажеттіліктер.
Адам тек қана материялдық болмыс емес. Егер де ол өзінің биологиялық қажеттіліктерін өз сана сізіміне бағындыра алса ғана адам болып өмір сүре алады. Екінші жақтан адамның рухани өмірі де жақсы болса адам болып өмір сүре алады. Адамда рухани қажеттіліктер бар: əдебиет оқу, табиғатты тану, əн тыңдау т.б. Рухани құндылықтар адамның рухани өмірінің негізі.
Діни дүниетаным жəне рухани құндылықтар
Діннің басты қызметі адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тəртіпке келтіріп оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамды сендіру.
Дін тек салт-дəстүр əдет-ғұрып шеңберімен шектелмейді. Ол рухани мəдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі дүниедегі бағдар мен жол көрсетуші.
Қоғамның маңызды бір саласы дін. Егер біз мəдениетті адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке жатады.
Құндылықтар дүниетаным ықпалымен қалыптасады. Себебі адам əрқашан өзінің əлеуметтік тəжірибесі барысында əр түрлі қөзқарастарды біріктіруге ұмтылады.
Жалпы адами құндылықтар
Мəдениет-адамның қажеттіліктері мен сананың бірге жұмыс істеу нəтижесі. Егер де адамда құндылықтар жəне сана болмағанда адамда ешқандай мəдениет (материялдық жəне рухани) болмас еді.
Құндылық дегеніміз заттың сипаты, ал баға сол заттың ерекшеліктері, бірақ осы ерекшеліктер адамның табиғатын білдіруде. Бағалау нəтижесінде қоғамда этикалық қағидалар пайда бола бастайды.
Құндылықтар түрлі формаларда болады. Материялдық, рухани, этикалық, эстетикалық, саяси, жəне діни т.б.
Діни құндылықтардың ролі
Діни құндылықтар аса қажет өйткені материалдық, этикалық, саяси т.б. құндылықтар адамның сырт өміріне ғана қатысты. Ал адам болса сенімді, ішкі дүниесін талдауды керек етеді.
Діни құндылықтардың классификациясы əртүрлі. Мысалы Рух, идея, құдай-ең жоғары құндылық. Бұл ортағасырда пайда болған. Ол кезде дін бүкіл мəселелрге араласатын. Құдайда ақиқат, жақсылық жəне əдемілік бірлескен.
Ғалымдар бұл құбылысты əртүрлі талдайды. Кейбіреулерге асыл құндылық «үміт», кейбіреулері үшін «ғашықтық». Нəтижеде орта ғасырда асыл құндылық Құдай. Орта ғасырда құндылықтарды символ арқылы түсіндере бастады. Соңында философияда симиотика (ишара жəне белгілер) ғылымы пайда болды. Яғни діни құндылықтарды символ арқылы түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |