Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 4. Тақырыбы: Негізгі діни-этикалық категориялар



бет4/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
этика

Лекция 4. Тақырыбы: Негізгі діни-этикалық категориялар


Діни этиканың негізгі категориялары мен ұғымдары
Көптеген философиялық-теориялық пəндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғи құбылыстарға еш қатынасы жоқ, тек тікелей дам əлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, тек адамға, яғни жақсылық пен жамандықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.
Достық – адамдар арасындағы баланыстың ең ізгі, ең қалаулы, ең келісті түрі. Ол адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады.
Махаббат- достықтың, тату-тəттіліктің, құрмет-ізеттің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мəні, қызығ, құны жоқ. Абай ақын «Махаббатсыз дүие-бос» деп тегін айтпаған. Махаббат адам өмірінің ұлы жарастығы. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Ол дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жолдастарының сүйіспеншілігін біледі. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш-махаббат.
Жомарттылық- басқаға жақслық жасап, көмек көрсетуге пейілдік.
Мейірімділік- этиканың орталық категориясы. Бұл категорияның қосалы екендігін айтар болсақ, онда қатыгездік, зұлымдықты еске аламыз. Ең абстрактілідеңгейде мейірімділік пен зұлымдықты дамгершілік пен адагершіліксіз айуандықтың баламасы деуге болады. Мейірімділік арқылы адамдар өздерінің отақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Мейірімілік категориясында барлық оң қылықтар жинақталған.
Ар-намыс, ұят-абырой-бұл ұғымдардың бір-бірімен тығыз байланыстығы соншалық оларды бөліп жарып қарастырудың өзі қиын. Ұят-адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы. Ұят жоқ жерде əдеп-инабаттылық жоқ.
Абырой- адамның өз іс-əрекеттерінің тиесілі адамгершілік мұратарына сəйкес келуінен пайда болатын өзіндік жеткіліктік.
Парыз бен қарыз- адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптары орындау қажеттілігін түсіну.
Əділеттік- мейірімділіктің нақтыланған өзіндік бір түрі. Ол адамды қоғмның елеуі, марапаттауы болып саналады.
Бақыт- этиканың іргелі категориясы болып табылады. Бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігін, түгелдігін, асқан қуаныш əкелген ерекше көтеріңкі көңіл күйін айтады.
Діни этикадағы ізгілік пен зұлымдық категориялары
Адамдар арасындағы қарым-қатынасын, тəртібін қаса қана бұзу, зорық зомбылық жасап, мəжбүр ету, реніш, қорлау, зорлау сияқты істер Құранда зұлымдық істері деп көрсетіледі. Зұлымдыққа қарсы тұрудың түрлі тəсілдері бар. Барлық жерде əділдік жұру керек. Өйткені: 1-Зорлық деп жүргені жəбірлеуші тарапынан да жіберілген қате болуы мүмкін. 2-Зұлымдықтан жапа шегуші онсыз да бағалы болып табылатын моральдық адалдығын сақтады. 3-Бұзақылық, зұлымдық зиянын арттыратын ауыр зардаптарға ұрындырады да əділдікке қолы жетпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет