аль-Фарабидің этикалық көзқарастары
872-950 жылдар аралығында өмір сүрген аль-Фарабидің этикалық көзқарастарына үңілсек оның Орта Азия мен Таяу шығысқа рухани мəдениетіне үлесі мол болды. Фарабидің өзінен тек қана Орта Азия ғана емес Батыс елдері де əсер алған. Еңбектері шет тілдерінде жариялаған. Фараби қоғамтануды, жаратылыстануды яғни математика, философия, медицина, əн, саясат, филология жəне этика ілімдерін кеңінен меңгерген. Шығыста муаллим сани деген атаққа ие болған. Фарабидің көзқарасы бойынша адамдар үнемі қарым-қатынаста болу керек. Сонда ғана қоғамда бірлік, тірлік болатындығын айттқан. Адамдардың ынталылығын, құштарлылығын тек қоғам ғана шеше алады. Адам қоғамнан керектігін алады. Сол үшін адамдар бір жерге шоғырланған. Жақсы мінез-құлық
пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде бұлар адами қасиеттер болып табылады. Қасиеттер деген кезімізде біз əрбір нəрсенің игілікті жағын жəне оның əрекеттерінің абзалдығына, жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі бірдей болып келсе біз өз бойымыздан жəне өз əрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз жəн осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті жəне қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.
Мінез-құлық жүре-бара пайда болады. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез-құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін.
Адам білуіне тиісті барлық нəрсені жақсы ақыл-парасат арқылы таниды. Ақыл- парасаттың екі түрі болады: біріншіге тəн қасиет тек білу ғана, бірақ əрекет бұған тəн емес. Мысалы: біз дүние жаратлған деп, Аллаһ тағала біреу деп білеміз немесе сезім арқылы қабылданатын көп нəрселердің себептері туралы білеміз. Екіншісінің қасиеті білу жəне əрекет ету болып табылады. Мысалы: ата-ананың сүйіспеншілігі жақсы қасиет, сатқындық-жаман қасиет, əділеттік-жақсы қасиет. Білім мен əрекет тəн болған
Достарыңызбен бөлісу: |