Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет57/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
45 
сипаттағы тілдік бірлікті аудармашы орыс тіліне 
сөзбе-сөз аударады. Нəтижесінде ақынның 
айтар ойының мазмұны, көркемдігі, эстети-
калық əсері əлсіреген. Ал көркем аудармада сөз-
дің коннотативті, яғни астарлы мағынасы 
маңызды. Біздіңше, аудармашы ақынның қол-
данып отырған авторлық фразеологизмін оның 
орыс тіліндегі баламасымен орайлас бергені 
тиімді болар еді.
Аудармашы өлең мəтініндегі фразео-
логиялық тіркестің осындай мағынасын танып, 
зерттеген соң, алдымен аударма тілінен осыған 
орайлас келетін, осы мағынадағы фразео-
логизмді іздеуі қажет. Əрине, қай халықтың 
тарихында да əділ де адал көсемдер болған. 
Мəселен, есімі қалың жұртқа белгілі Соломон 
патша ақылдылығымен, əділдігімен тарихта 
қалған. Осы патшаның есімімен байланысты 
орыс тілінде «соломоново решение» деген 
тұрақты тіркес қалыптасқан жəне бұл фразео-
логизм əлі де қолданысын тоқтатқан жоқ. 
Демек, аудармашы орыс оқырманына түсінік-
тірек болу үшін осы сияқты қалыптасқан тіркес-
ті қолданса қате болмас еді.
Ə.Қодар бұл шумақты мынадай үлгіде 
аударады: « разумный со всех поразмыслит 
сторон» [1,17]. Аудармашы түпнұсқадағы ойды 
сөзбе-сөз емес, оқырманның түсінуіне жеңіл 
етіп аударған. Бұл жерде түпнұсқадағы фразео-
логизмнің жалпы мағынасы берілгенмен, өзі 
жойылып кеткен. Екі аудармашы бір фразео-
логиялық бірлікті екі түрлі жолмен аударған: 
Ə.Қодар фразеологиялық бірліктің мағынасын 
қарапайым сөздермен берген болса, Д.Бродский 
фразеологизмді сөзбе-сөз аударған.
Ю. Кузнецов та Д.Бродский ұстанған 
тəртіптен алыстай алмай, сөзбе-сөз аударма 
деңгейінде былай дейді: «умный может рассечь 
тонкий волос вдоль на сорок частей» [6,46] 
Аудармашы нені бөліп тастайтындығын (қара 
қылды) қалдырып, оны аударманың екінші 
тармағында (тонкий волос) түпнұсқаның екінші 
тармағымен қосып береді. Бұл өлең аударма-
сында кездесе беретін əдеттегі инверсия екені 
белгілі. Алайда автор ойының образдық құры-
лымы бұзылғаны анық. Сонымен бірге түпнұсқа 
мəтініндегі концептуалды мағына да аудармада 
саймасай берілмеген. 
Түпнұсқада қылдың түсі туралы ақпарат 
берілген, бірақ оның жұқа, қалың екендігі 
туралы мəлімет жоқ. Аудармашы болса «жұқа 
(жіңішке) шаш» деген тіркесті қолданады
«Жұқа (жіңішке)» сөзін аударма мəтіні үшін 
қажеті жоқ деп санаймыз. «Жіңішке» мағынасы 
«қыл» сөзінің өзінде тұр. Аудармашы тармақ-
тың мағынасын дəл беруге тырысқанмен, айтар-
лықтай нəтижеге жете алмаған. Тармақтың 
мазмұны белгілі дəрежеде түпнұсқаға жақын. 
Аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын дəл беруге 
ұмтылған,түпнұсқаға барынша жақын болу 
мақсатын көздейді. Сөзбе-сөз аударуының 
себебі осында. Бірақ фразеологизмдерді орыс 
тіліне аударған аудармашылардың ешқайсысы 
да түпнұсқадағы «ең əділ» деген мағынаны ау-
дарма адресатына дəл жеткізе алмаған. 
Енді осы өлең жолының ағылшын тілін-
дегі нұсқасына назар аударайық:
Beneath the surface looks the keen-eyed sage.
He splits a hair in four times forty parts [7,30]. 
Аудармашы - Д.РоттенбергӨлеңді орыс 
тіліне сөзбе - сөз кері аударып көрейік: 
 
Из-под поверхности смотрит зоркий мудрец. 
Он делит волос четыре раза на сорок частиц 
Өлең сатылы түрде Д.Бродскийдің аудар-
масынан жасалған. Шашты төрт рет қырық 
бөлшекке бөлу орыс аудармашысының «рас-
щепляет волос на сорок частей» дегеніне сəйкес 
келеді. Д.Бродскийдің «проникает в глубь 
вещей» дегенін Д.Роттенберг «астарындағыны 
көреді» деп береді. Түпнұсқа мəтінді ағылшын 
тіліне сатылы түрде орыс тілінен аударған 
Д.Роттенберг орыс тіліне аударған аудармашы 
тарапынан кеткен кемшіліктерді қайталаған. 
Нəтижесінде орыс тілінде жіберілген қателік-
тер ағылшын тіліндегі аудармада қайталанады. 
Бұған өлеңді ағылшын тіліне аударушы Д.Рот-
тенбергтің өз тарапынан жіберілген кемшіліктер 
қосылады. Осының бəрі аударманың сапасына 
кері əсерін тигізген.
Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым» деген өлеңінің бір тармағы тұтастай 
«Аузымен орақ орған өңкей қыртың» деген 
фразеологизмнен құрылған. «Ауызбен орақ 
ору» – образды фразеологиялық бірлік. Осы 
фразеологизмді С.Липкин мынадай үлгіде 
аударады: «режет всех без разбора твой серп–
язык [5,47]. Қазақ əдеби тілінде «аузымен орақ 
ору» бар, жəне «орақ ауыз» кісі бар. Бұл 
екеуінің беретін мағынасы екі басқа. Аудар-
машы түпнұсқадағы «ауызбен орақ ору» туралы 
ұғымды жойып, оның орнына «орақ ауыз» 
туралы ұғымды алып келеді. Аудармашының 
«серп-язык» дегені қазақтың «орақ ауыз» 
дегеніне сəйкес келеді. «Орақ ауыз» шешен, 
сөзге жүйрік деген мағынаны береді. «Ауызбен 
орақ ору» тіркесінен «бос сөйлеу, көп сөйлеу 
(пустослов), бірақ ешқандай іс тындармау» 
(палец о палец не ударить) деген мағына 
туындайды. Орыс тілінде «молоть языком» 
жəне «палец о палец не ударить» сияқты екі 
фразеологиялық 
бірліктен 
түпнұсқадағы 
«ауызбен орақ ору» туралы фразеологиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет