Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет56/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

* * *
 
 
 
Қожақанова М. 
А.ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. А.Құнанбаевтың өлеңдеріндегі 
фразеологизмдердің орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы. 
Тірек сөздер: орыс, аударма, бірлік, балама, шеберлік, даралық. 
Кожаканова М. 
ПЕРЕВОД ФРАЗЕОЛОГИЗМОВ В СТИХОТВОРЕНИЯХ А.КУНАНБАЕВА 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Переводы фразеологизмов в 
стихотворениях Абая Кунанбаева на руский и английский языки. 
Ключевые слова: руский, перевод, единица, эквивалент, мастерство, индивидуальность. 
Kozhakanova M. 
TRANSLATION PHRASEOLOGICAL UNITS IN POEM BY KUNANBAEV 
Abstract..The issues dealt in this article.
The translation of phraseological words in A. 
Kunanbayev’s poems.
Key words: Russian, translation, unit, equivalent, skill, individuality. 
 
Мақалада Абай (Ибраһим) Құнанбевтың 
өлеңдерндегі фразеолгизмдердің орыс жəне 
ағылшын тілдерінде берілу жолдары қарас-
тырылады. Фразеологизмдер - күрделі тілдік 
құбылыс. 
Фразеологизмдердің 
поэзиядағы 
көркемдік қызметін пайымдау (осмысление), 
анықтау жəне өзге тілде беру оңай емес. Абай, 
Пушкин сияқты ұлы ақындардың поэзия-
сындағы фразеологизмдердің мəнін, көркемдік 
қызметін басқа тілдерде беру аудармашыдан 
терең білімді, ақындық талантты талап етеді. 
Мұндай жағдайда аудармашының алдында 
бірнеше міндеттер тұрады: фразеологизм тео-
риясының негізгі мəселелерін білу; фразео-


 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
44 
логиялық бірліктердің мəнін екі тілде бірдей 
терең білу; аудармада олардың мəнін, семан-
тикасын, экспрессивті-стилистикалық қызметін 
лайықты (адекватно) жеткізу.
Ал бұл міндеттерді ойдағыдай іс жүзіне 
асыру фразеологизмді аудармашының аудар-
маға дейінгі (предпереводческий) талдауының, 
пайымдауының деңгейімен байланысты. Фра-
зеологизмдерді аудармаға дейінгі талдау ке-
зеңінің алғашқы қадамынан-ақ аудармашы 
көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың 
бастылары қатарында мыналарды атауға бола-
ды: фразеологизмдердің құрылымын, құрамдас 
бөліктерін анықтау; олардың текстегі, контекс-
тегі жəне жасырын (скрытое) мағынасын, 
мазмұнын, мəнін түсіну; көркемдік-эстетикалық 
қызметін анықтау; фразеологиялық бірліктің 
аударма тіліндегі толық баламасын табу; фра-
зеологиялық бірліктің аударма тіліндегі жақын 
баламасын табу; фразеологиялық бірліктің 
мағынасын аудармада сипаттау жолымен беру, 
т.б. Бұлардың əрқайсысы фразеологизмдерді 
аудару процесінің белгілі сатыларына сəйкес 
келеді.
Аталған сатылардың алғашқысында анық-
талатын мəселелердің маңызы зор. Бұл жерде 
екі тілді жете білмейтін аудармашының қателе-
суі оңай. Абайдың поэзиясындағы фразео-
логизмдердің орыс, ағылшын тілдеріне аудары-
луында осындай қателіктер көп кездеседі. 
Олардың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, 
аудармашы фразеологизмді тұрақты емес, тура 
мағынадағы лексикалық бірліктер ретінде 
қабылдап, оны сөзбе-сөз аударады. Екіншіден, 
түпнұсқадағы жекелеген фразеологизмдердің 
орыс тілінде бар баламасын таба алмайды. 
Үшіншіден, түпнұсқада ауыспалы мағынада 
қолданылған тілдік бірліктерді фразеологизм 
ретінде қабылдайды жəне солай аударады. 
Бұндай жағдайларда аудармада түпнұсқаның 
мазмұны, мəні, көркемдік ерекшеліктері дұрыс 
(адекватно) беріледі деп айтуға болмайды. 
Ең басты талап - аудармашы фразео-
логизмді фразеологизммен аударуға ұмтылуы 
керек. Дегенмен, көп жағдайда түпнұсқа мен 
аударма тілдерінде сəйкес фразеологизмдер 
табыла бермейді. Мұндай жағдайларда сипат-
тама беруге, калькалауға, лексикалық аударма 
жасауға, контекстуалды ауыстыруға, таңдап 
аударуға тура келеді. Біздіңше, фразео-
логизмдерді аударуда лексико-грамматикалық, 
семантикалық 
трансформациялардың 
қай-
қайсысын да лайықты жерінде орнын тауып 
қолдануға болады. 
«Қара қылды қақ жару» фразеологизмі 
қазақта бұрыннан бар. Фразеологизмнің орыс 
тіліндегі сөзбе-сөз аудармасы «рассекающий 
конский волос пополам по оси». Бұл фразео-
логизм əділдіктің ең жоғарғы деңгейін образды 
түрде көрсету үшін қолданылады. Ертеде ұлыс-
тар мен тайпалар, адамдар арасындағы əртүрлі 
тұрмыстық, əлеуметтік дау туындаған кезде сол 
даулы іске билер мен ақсақалдардың берген əділ 
шешімін осылай атаған.
Осы фразеологиялық бірлікті Абай 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» 
өлеңінде өз тарапынан өзгерткен, мағыналық 
тұрғыдан 
күрделендірген. 
Бірақ 
фразео-
логизмнің табиғаты сақталған. Өлең мəтінінде 
бұл ақынның əділдік пен адалдық жөніндегі 
концепциясын тереңірек танытуға қызмет етеді. 
Д.Бродский бұл тармақты мынадай үлгіде 
аударады: 
Мудрый зорко проникает в глубь вещей, 
Расщепляет волос на сорок частей [6,20]. 
Аударма түпнұсқаның мазмұнын белгілі 
дəрежеде жеткізіп тұр. Оны жоққа шығара 
алмаймыз. Бірақ сөз арасында артық, бөгде сөз-
дер бары байқалады. Олардың өлең мазмұнын 
ашуға кедергі келтіріп тұрмағанын жоққа 
шығаруға болмайды. Бірақ артық, бөгде сөздер
түпнұсқа табиғатына, автордың шығармашылық 
даралығына əсерін тигізбей қоймаған. «Ақылды 
қара қылды қырыққа бөлмек» деген бір тармақ 
Д.Бродскийдың аудармасында екі тармақпен 
берілген. Аудармадағы «зорко проникает в 
глубь вещей» («істің мəнің жете ұғыну») - 
аудармашының өз жанынан қосқан сөздері. 
Түпнүсқада мұндай тіркестер беретін ұғым жоқ. 
Түпнұсқада «қара қылды қырыққа бөлу» туралы 
айтылады. Д.Бродский болса «қара қылды» емес
«шашты» бөледі. Қыл мен шаштың арасында 
айырмашылықтар бар екені белгілі. «Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде»: « Қыл - жалдың, 
құйрықтың жіңішке əрі ұзын бір талы. Шаш - 
адамның бас терісіне шығатын жіңішке əрі 
қалың қыл» деген анықтама берілген [10,554]. 
Қазақша-орысша сөздікте «қыл» сөзі «волосы 
(хвоста и гривы лошади)» деп аударылған. 
[11,150]. 
Д.Бродскийдың 
аудармасында 
«лошадь» деген бірлік қалып кеткен. Сондықтан 
оқырманның көз алдына аттың қылы емес, 
адамның шашы туралы ұғым келеді. Оқырманға 
түсініктірек болуы үшін аудармашы жəй
«волос» емес, «конский волос» деп алуы керек 
болатын. Сондай-ақ, аудармашы түпнұсқадағы 
«қара» эпитетін қалдырып кеткен. Бұл 
аудармашының түпнұсқадағы «қара» сөзін 
маңызды деп есептемегендігінен туындауы 
мүмкін. Түпнұсқа тілінің жүйесінде «қара» сөзі-
нің үлкен мəні бары. Оны алып тастаған жағдай-
да фразеологиялық бірлік өзінің мəнін жоғал-
тады. Осылайша түпнұсқадағы фразеологиялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет