Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет54/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
42 
кезегінде Қытайдағы қазақ əдебиетіне тиісті 
деңгейде ықпал етті. Əсіресе, жоғары-да 
атаған Қытай əдебиетінің көрнекті өкілдері 
Лу Шүн, Го Моро, Ай Чиң секілді ақын-
жазушылардың шығармаларын қазақ əдебиет-
шілері үлгі тұтты.
Осы орайда Қытай əдебиетін қазақ 
тіліне аударған Қытайдағы қазақ аударма-
шыларының еңбектерін атай кеткен жөн. 
Бұл еліміздегі əдебиеттанушылар үшін де, 
«Қытайтанушылар» үшін де аса қажетті 
дүние деп ойлаймыз. Жалпы, Қытайдағы 
аударма саласында қызмет етіп жүрген қа-
зақ аудармашылары еңбегінің басым бөлігі 
Қытай билігін дəріптейтін саяси дүниелерді 
аударуға арналған. Одан қалса, телефильм, 
кино аудару саласы жүйелі қолға алынған. 
Дегенмен əдебиет аудармашылары да жоқ 
емес. Біз сол көркем аударма саласына ат-
салысқан біраз аудармашылардың еңбегін 
таныстыра кетуді жөн көрдік.
Əбдібек Байболатов (1921-2000 ж.ж) 1957 
жылдан бастап көркем аудармамен айналысқан. 
Ол Қытай əдебиетінен «Шайқаспен өткен 52 
жыл», «Сұңқар» секілді повес-термен қатар 
«Қалың орман, қарлы дала», «Үш патшалық 
қиссасы» сынды көлемді шығармаларды қазақ 
тіліне аударған.
Қытайдағы қазақ аудармашыларының 
ішінде Əбділдабек Ақыштайұлы сынды «Аудар-
маның арысы» атанған қарт қаламгерлер де бар. 
Оның аудармашылық еңбегі де өткен ғасырдың 
50 жылдарынан бастау алады. Аудармашылық 
жолын саяси-философиялық шығар-маларды 
аударудан бастаған Əбең 1960 жылдардан 
бастап, əдеби аудармаға ден қояды. «Акюдың 
ресми өмірбаяны», «Бəрі де партияға», «Дауыл» 
сынды романдармен қатар, Қытай əдебиетінің 
классигі Лу Шүннің «Дала шөбі», «Серменде», 
«Айғай», «Шамда үзілген таң гүлі», «Жаң-
ғыртылған ескі əңгімелер», «Таңдамалы хат-
тар», «Ертең», «Шарапханада», «Бақытты отау», 
«Жалғыздық», «Шер», «Айрылысу», «Көкті 
жамау», «Айға ұшу», «Қорғаннан шығу», 
«Жиырма төрт қайырымдының суреті», «Бес 
есірік тауабы», «Соңғы сөз» сияқты жүзден 
астам əңгіме, публицистикалық туындыларын 
аударып, қазақ əдебиетінде Лу Шүнтанудың 
негізін қалады.
Оның Қытайдың ерте заман классикалық 
əдебиет туындыларын қазақ тіліне аударудағы 
еңбегі де ұшан-теңіз. Айталық, 1990 жылы 
«Жұңгоның ерте заман əдебиеті» тарихының 
Чиң, Хан дəуіріне арналған бөлімін қазақ оқыр-
мандарына таныстырды. Сондай-ақ, Қытайдың 
классик ақыны Чүй Юанның «Ақын азабы», Таң 
дəуірінің əйгілі ақыны Бай Жүйидің «Шер» 
дастандарын қазақ тілінде жырлады. 1988 жылы 
Чиң патшалығы дəуіріндегі Жұңгоның атақты 
сатиралық романы У Жиңызының «Ғұламалар 
шежіресін», 1990 жылдары «Күңзы ғақылия-
лары», «Мыңзы ғақылиялары», «Батыс сапар-
намасы» сияқты Қытайдың дүниеге əйгілі 
классикалық шығармаларын қазақ тілінде 
сөйлетті.
1949 жылы Үрімжідегі тіл мектебін оқып 
жүрген кезінен-ақ аударма əлеміне жол тартқан 
Əзімқан Тышанұлы (1929-1993) да қытай 
əдебиетін қазақ тіліне аударуда орасан зор 
еңбек сіңірді. Көне қытай тілін жақсы меңгерген 
аудармашы Қытайдың классикалық шығарма-
ларынан «Үш патшалық қиссасы», «Таң 
дəуірінің таңдамалы өлеңдері», «Су бойында», 
«Жұңгоның ерте заман əдебиеті» сияқты 
шығармаларды жəне «Қызыл сарай түсі» 
романындағы өлеңдерді аударды.
Біз əдебиеттанушы, тарихшы ғалым 
ретінде танитын Нығмет Мыңжанидың аудар-
машылық қыры да айрықша ден қоюды талап 
етеді. Ол қазақ əдебиетіндегі ғашықтық, ба-
тырлық дастандарды қытай тіліне аударып қана 
қоймай, қытай тілінен «Хор Чин даласында», 
«Бақытты болашақ», «Су бойында»(3 кітабы), 
«Қызыл сарай түсі» (4-5-томдары), Лу Шүн 
шығармаларынан «Есалаңның естелігі», «Қай-
ғы, қаза» сынды бір топ маңызды əде-биеттерді 
аударып, қазақ оқырмандарына ұсынды.
Нариман Жабағытайұлы – Қазақстанда 
туып, Қытайда өмір сүрген майталман аудар-
машы, ол Қытай қазақтарының ішінде тұңғыш 
аға аудармашы кəсіптік атағын алғандардың 
бірі. Нəкең қытай қазақтары ішінен тұңғыш рет 
ханзу тілінен қазақ тіліне «Көркем Чаушиянда» 
атты романды аударып, 1955 жылы баспадан 
шығарған. «Өмір жолы», «Қызыл жартас» (екі 
томдық), «Ағады Фынхы аял-сыз» (екі томдық), 
«Жер ортаға келгенде» (роман), «Далин мен 
Шиаулин» сынды 15-тен артық роман-
повестерді қазақ тіліне аударған. 
Аудармашылық шеберлігінің арқасында 
Қытай 
қазақтарының 
аударма 
саласында 
айшықты іздерін қалдырған Найман Сапанұлы 
сонау 1960 жылдардың бас шенінде-ақ Таң 
дəуіріндегі Ли Бай, Ду Фу сынды айтулы 
ақындардың, осы заманғы Ян Чын, Жияң 
жымин, Ли Иың сынды танымал ханзу ақын-
дарының өлеңдерін қазақшаға аударды. Қытай 
əдебиетіне аты мəшһүр «Ақ өрік ағашы», 
«Нажағай жыры», «Əке», «Жеті тал сіріңке», 
«Нарт қызыл гүлдер», «Қызмет өткізіп аларда», 
«Аға буын», «Жасыл құм» сынды əңгімелерді 
қазақ оқырмандарына таныстырды.
«Таң дəуіріндегі өлеңдерден үш жүз» атты 
кітапты құрастырып, Қытай əдебиетінің алтын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет