Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
66
ЖАС ҚАЛАМ
Есқалиева Б.
Ғылыми жетекшісі Мамбетов Ж.
ДҮРБЕЛЕҢ ДƏУІР ТУРАЛЫ ШЫҒАРМА
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер.С.Елубаевтың «Ақ баз үй» трилогиясы. Ұлттық
идея. Мазмұн мен пішін. Жазушы шеберлігі.
Тірек сөздер: С.Елубаев, «Ақ боз үй» трилогиясы, ұлттық идея, мазмұн, пішін, шеберлік.
Ескалиева Б.
Научный руководитель Мамбетов Ж.
ПРОИЗВЕДЕНИЕ О ЛИХОМ ВРЕМЕНИ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Трилогия С.Елубаева «Белая юрта».
Национальная идея. Содержание и форма. Мастерство писателя.
Ключевые слова:С.Елубаев, трилогия «Белая юрта», национальная идея, содержание и форма,
мастерство.
Eskalieva B
.
scientific advisor: Mambetov Zh.
THE WORK ON DASHING TIME
Abstract. The issues dealt in this article. S. Elubaeva’s trilogy "White yurt." National idea. Content and
form. The skill of the writer.
Keywords: S. Elubaeva, national idea, content and for,skill.
Соңғы жылдар ішінде қазақ қоғамында
болып жатқан түбегейлі өзгерістер əлеуметтік
рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды.
Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік
реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі
алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі
қоғамда «қазақ əдебиеті тоқырауға ұшырады,
бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе
алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда,
көркемөнер тез күш жинап, уақыт көшінен
қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін
зерттеу нəтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да
оңтайлы жанр – поэзияны былай қойғанда,
шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін
проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман
биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-
кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың
сюжеттерді алып келді.
Кейінгі жылдарда жазылған прозалық
туындылардағы көркемдік үлгі-өнегелер өте
күрделі. Ол қаламгерлердің ұлттық ауқы-
мындағы шеберлік нақыштарымен ғана шек-
телмей, əлем əдебиетіндегі көркемдік үрдіс-
терді қазақ топырағында жаңғырта, түлете
білгендігімен көңіл аудартады.
Қазіргі кезеңдегі қазақ прозасындағы
ұлттық идеяның əлеуметтік талдау пайы-
мымен көркем бейнеленуі жан-жақты сөз
болады. Қазіргі қазақ прозасының тақы-
рыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі
|