Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
64
қайсысы да түрлі логикалық, психологиялық
сипаттағы көркем детальдармен толықты-
рылып, мəнді де мағыналы көркемдік шешім-
дер жасалады. Нəтижесінде автор өмірдің
ақиқат құбылыстарының көзге көрінбей тұрған
ерекше қырларына, оларға тəн мазмұнның
ішкі, көзден таса, жасырулы сырларына жарық
түсіреді. Суреттелініп отырған дəуір шын-
дығы туралы шағын мəліметтің өзі адамның
шынын, заманның сынын ашатын көркемдік-
бейнелеуіш құралдармен көмкеріліп, сөз өнері
заңдылықтарына сəйкес жарасымды жинақ-
талады, сөйтіп, жаңа сипатқа иеленеді, келіс-
кен көркемдік құбылысқа айналады. Қаламгер
өз шығармасының көркемдігін кемел деңгейге
осылай көтереді
Отанға, ел мен жерге, адамға деген сүйіс-
пеншілік, адамгершілік, азаматтық таразы
басына түскен қилы жағдайлардан сүрінбей,
адаспай, ары мен ожданына, абыройына дақ
түсірмей өту - адам баласы үшін өте үлкен
сын. Софы Сматаев өз шығармашылығының
мазмұны мен мəнін, кейіпкерлерінің болмы-
сын осындай сындарлы сынға сай саралайды.
Автордың əр шығармасы осындай айрықша
сын алаңы іспетті. Жазушы кейпкерлерінің
осы алаңдағы тағдырталайы, адамгершілік
асыл қасиеттері, қайғысы мен қуанышы, ма-
хаббаты мен машақаты оқушыларының ең бір
аяулы сезімін толқытады, өмірдің мəні мен
мағынасының, қадірі мен қасиетінің ақтық
ақиқаты туралы ойын оятады.
Санадағы, сезімдегі небір жасырын ағыс-
тар мен нəзік толқындарды нақты өмір шын-
дықтарымен өзектес, қанаттас көрсе-тудің пси-
хопоэтикалық тəсілдерінің ерекше тұтастығы,
оның бағыт-бағдарын, эмоциялық сипатын,
реңін неше алуан тың, кейде құбылыс таби-
ғатына тосын ерекше мəн-мағынамен құ-
былтудың ажарлы да айшықты көркемдік-
бейнелеу құралдары арқылы автор қазақ
əдебиетінің поэтикалық қазынасын жаңа
жетістіктермен байытты. Заман құшағындағы,
кейіпкер жанындағы құпия сырларды, құштар
күйді қилы жағдайлар аясында, мазмұны мен
мəні түрлі деңгейдегі өмірлік құбылыстардың
күтпеген жерден бетпе-бет келіп, жарық төк-
кен немесе от шашып шарпылысқан сəттерінде
ашудағы машық пен мəнер жазушының
шығармашылық даралығын анықтайтын ірі де
іргелі көркемдік-эстетикалық жүйеге ұласты.
Əдебиеттің сөз өнері екені рас. Сөз өнері-
нің ғана емес, бар өнердің маңызы тақырыбы
мен идеясында. Тақырыбы тұрлаусыз, идеясы
байлаусыз шығарма қанша сыңғырлап, күм-
бірлеп тұрғанымен, маңызсыз, кеуек қалпында
қала береді. Одан көркемдік іздеп қажеті жоқ.
Кезінде көркем əдебиеттің тақырыбы мен
идеясын социалистік реализм əдісі талаптары-
на сай бағаладық. Бүгінде ол талаптар өзгерді,
бірақ əдеби шығарманың тақырыбы мен идея-
сының маңызы оны тану мен бағалаудың бас-
ты өзегі болып қала берді. Көркем əдебиеттің
ұлттық нəрі мен жалпы-адамзаттық мəнін осы
тұрғыдан тану дұрыс.
Софы Сматаев творчествосында көрініс
тапқан шындық құбылыстардың, олардың
негізінде ұсынылып отырған ойдың, түйін-
делген идеяның ұлттық жəне жалпы адам-
заттық құндылығы - жазушының шеберлігінің
де, жазушы шығармашылығының көркемдік-
эстетикалық байлығының да бастапқы жəне
басты өлшемі. Қаламгер шығармашылығының
осындай ішкі құндылығы мен сыртқы сұлулы-
ғының тұтастығы Һəм жарастығы, іші алтын-
дай ардақты, сырты күмістей салмақты болып
келуі – жазушының шеберлігінің ғана емес,
кемелдігінің
де
көрінісі.
Жазушының
шеберлігі мен кемелдігі - оның көркемдік
əлемінің айнымас негізі. Ал көркемдіктің көзін
жазушының ел өмірінен, Отан тарихынан таң-
дап, талғап алып, өз шығармасына арқау еткен
шындық құбылыстарға деген айрықша көз-
қарасы, құштар күйі, сүйіспеншілігі ашады.
Қаламгердің пайымдауынша, осы күйден,
«Отанға деген шексіз махаббаттан... тарихқа
деген шынайы көзқарас қалыптасады» [3, 390-
391]. Автордың шығармашылық ізденіс-
терінің өрісін ашатын, көрікті ойы мен көр-
кемдік ойлауын тереңнен толқытып, биікке кө-
теретін - осындай ерен көзқарас, терең таным,
берен ұстаным.
Софы Сматаев - елдің егемендігін, мемле-
кеттің тəуелсіздігін, адамның кемелдігін өзінің
азаматтық болмысымен де, шығармашылық
еңбегімен де аса ардақтап Һəм аялап келе
жатқан ерен көзқарастың, терең танымның, бе-
рен ұстанымның жазушысы.
ƏДЕБИЕТ
1. Платон. Сочинения в четырех томах. - Том І. - СПб.,
2006.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. - - Том І. - Алматы, 1977.
3. Сматаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. - Том
ІІ. - Алматы, 2008.
4. Гоголь Н.В. Выбранные места из переписки с
друзьями.
http://www.az.lib.ru/g/gogolx_n_w/
5. Толстой Л.Н. Дневник // Толстой Л.Н. Собрание
сочинений в 22 т. – Том 21. – М., 1984.
http://www.rvb.ru/tolstoy
6. Толстой Л.Н. Дневник // Толстой Л.Н. Собрание
сочинений в 22 т. – Том 22. – М., 1985.
http://www.rvb.ru/tolstoy
7. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. - - Том ІІ. - Алматы, 1977.
8. Русско-монгольские отношения. 1607-1634. Сборник
документов. В 2-х томах. – М., 1974. - Т.I.
9. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы,1988.
10. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Т. 1. –
Алма-Ата, 1975.
|