Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
68
ларының тарихы. Жазушы қазақтың шежіресін
қазып, жеріне жеткізе зерттеп, қазақтың шы-
найы, төл тарихына қол жеткізе алған.
«Таңғажайып дүние» атына заты сай
шығарма. Еңбекті оқи отырып, сіз таңғажайып
əлемге енесіз. Таңғажайып əсерге бөленесіз.
Таңғажайып оқиғаларға куə боласыз. Таң-
ғажайып мінездерді көресіз. Ақыр соңында ав-
тормен бірге өзіңіздің де таңғажайып өмір
сатыларынан
өтіп,
таңғажайып
биікке
өскеніңізге көз жеткізесіз.
«Намыс, рух, кісілік, ұлттық сана,
қайраткерлік деген қасиеттер туралы ұғы-
мымыз бұрын бұлдыр болса, енді сіз киелі қа-
сиеттердің қандай болатынын «Таңғажайып
дүниеден» табасыз. «Жақсының шарапаты
тиер əр жерде, жаманның кесапаты тиер тар
жерде» деген қазақы тəмсілдің өмірден ойып
тұрып алынғанына да осы шығарманы оқу
барысында көз жеткізесіз. Алуан мінезді, сан
тағдырлы кісі келбетін сомдау, ата жұрттан
алыс жатқан ағайынның алмағайып өмірін
көркем сөзбен шежірелеп беру осы кітаптың
басты мұраты. Жазушының өзі айтқандай, біз
енді қазақтың ең соңғы батырын, ең соңғы
биін, ең соңғы көшін, ең соңғы аруын, ең
соңғы асын, ең соңғы жайлауға шығуын
жазушы шығармаларынан ғана оқып білетін
боламыз.
Шығармашылығын əдебиет зерттеу-шілі-
гінен бастаған, кейіндеп бірыңғай жазу-
шылықпен айналысып, көркем шығарма
жазуға ден қойған Мұхтар Мағауиннің соңғы
романы «Жармақ» туралы: «Публистикалық
серпінді, ділгір мəселелерді қозғайды, тар-
тысты. Мен мұндай сапаны артықшылық деп
есептеймін. Мұндай сипат мені еліктіріп, қы-
зықтыра түседі, ойлануға, кешегі өткенге
мұқият үңілуге итермелейді, қайшылығы мол
бүгінгі тірлік көңілге күмəн ұялатып, болашақ
туралы ойға жетелейді. Болмысқа ұлттық һəм
жалпыадамзаттық тұрғыдан қарайсың. Бұл –
роман-толғаныс, роман-эссе, роман-айтыс-
тартыс.
Əйткенмен, бəрі де оп-оңай, айқын емес.
Бір кездегі біртұтас, бүтін нəрсе өз-өзінен
қарапайым бөліне салған жоқ. Əңгіме тұл-
ғаның екіге жарылуы туралы. Біз ойлағандай,
бірінші жарты барлық жақсы қасиеттерді өзіне
сіңіріп, ал оның антиподы – екінші жармақ
күллі жағымсыз сипатты бойына жинақ-
тамайды. Бəрі əлдеқайда күрделі, əлдеқайда
шиеленісті, бірімен бірі ұласып, сабақтасып
жатыр» – дейді Герольд Бельгер.
Роман басынан аяғына шейін публицис-
тикалық қуатты серпінмен жа-зылған. Шығар-
мадағы баяндалатын оқиғалар менің заман-
дастарыма етене таныс, олардың бəрі де біздің
көз алдымыздан өтті, көбі таяу жылдар-дағы
баспасөз беттерінде əйгіленген, қай-қайсысы
болмасын бүгінгі таңдағы біз бастан кешіп
отырған мəселелерді қозғайды. Міне, нақ осы
актуалдылық, көкейкесті қажеттілік көлемі
шағын болса да мазмұны ауқымды осынау
шығармаға оқырман назарын еріксіз аудартары
ақиқат.
Қорыта келгенде айтатынымыз, қазіргі қа-
зақ прозасындағы жазылуға тыйым салынған
тақырыптар жарыққа шығып, қазақ əдебиетін-
дегі проза жанрын одан əрі дамыта түсуде.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |