Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
69
Keywords: G. Musrepov, works ethnographism, ethnolinguistics, analysis.
«Этнолингвистика - этностың нысандық
болмысынан туып, санасында сараланып,
тарихи жадында сақталып, тілі арқылы қалып-
тасып, қорланып рухани-мəдени
мұра ретінде
атадан балаға, əулеттен нəсілге үзілмей ауып
келе жатқан дəстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-
жақты зерттеп, танымдық мəнін ашып, болашақ
ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге
келген тіл білімінің күрделі де құнарлы
саласы»[1].
Этнолингвистиканың негізін салған ғалым
В.Гумбольдт (1767-1835) «Ява аралдарындағы
киви тілдері» атты еңбегінің алғысөзінде этно-
лингвистикалық ұстанымдардың тиянақты кон-
цепциясын баяндап берді. Л.Вайсгербер оның
идеясын жалғастырып (1950), «Неміс тілінің
күші туралы» атты төрт томдық еңбегінде неміс
мəдениетінің ұлттық сипатын зерттеді.
Тіл бір-
ліктерінің астарында этностың қасиеттері мен
мəдени асыл қазыналарының мол қабаты
көрініс беретіндіктен, бұл мəселенің шешімін
ізденуші этногроф, философ, əлеуметтанушы,
психолог ғалымдар да əр дəуірде сан алуан ой-
пікірлер айтты. Бұл
бағытта зерттеудің алғашқы
нысандарын ХУШ-ХІХ-ғы неміс ғалымы Иоган
Гердердің еңбектерінен бастау алатынын атауы-
мызға болады. Ол ұлттың, этностың рухани құн-
дылығы — миф, таным-түсінік, тіл, моральдық
нормалар, əдет-ғұрып, салт-дəстүр қағидаларын
уақыт пен кеңістік аясында қарастыруға ерекше
назар аударса, тіл білімінің аса көрнекті ғүла-
масы Вильгельм Фон Гумбольдт — тілдің жа-
рыққа шығуы адам-заттың ішкі қажеттілігімен
байланысты, ол тек адамдар арасындағы қарым-
қатынас құралы ғана емес, адамда жара-
тылысынан бар рухани күш пен дүниетанымдық
білімді дамыту үшін керек, яғни əр халық өз
тілін - адам іс-əрекетінің қаруы ретінде жасайды,
- деп түжырымдайды[2].
Этнолингвистика ғылымына қазақ ға-
лымдарының ішінен өз үлестерін
қосып келе
жатқан ғалымдар қатарына Ə.Қайдар, М.Копы-
ленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Р.Сыздық,
Н.Уэлиев, Б.Қалиүлы, Г.Смағұлова, Б.Момы-
нова, Ғ.Аронов, Р.Шойбеков, Қ.Ғабитханүлы,
Ш.Сейітова, Р.Иманалиева, Б.Қарағұ-лова сын-
ды ғалымдарды жатқызуға болады.
Алдымен, Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы
этнографизмдерді талдамас бұрын, Ə.Қайдар-
дың еңбегінен қазақ этнолингвистикасының
өзіндік ерекшеліктерін танытатын тұжырым-
дарды келтірейік.
Қалай болған жағдайда да: қазақ этно-
лингвистикасының бүгінде өзінше түйген ой-
түжырымы, өзінше бағамдап, бағдарлауы, өзіме
тəн деп айта алатын ерекшеліктері жоқ емес.
Солардың біразын санамалап өтейік:
1. Қазақ этнолингвистикасының өзі үшін
біржолата басын ашып, айқындап алған мəсе-
лесі - қазақ этносының ұлттық бейнесін, өзіндік
болмысын толық та түбегейлі түрде
тек оның
тіл байлығы
- «тіл əлемі» арқылы ғана жан-
жақты танып-білуге болатындығы.
2. Қазақ этнолингвистикасы алдына қойған
мақсаттың мүддесінен шығу үшін этнос тіліне
қатысты көптеген қоғамдық пəндермен де, лин-
гвистика салаларымен де бірлесе отырып, өзара
сыбайласа, іліктесе əрекет ететін, бірақ олардың
бірде-біреуінің шылауында жүрмейтін, пəн-
аралық қызмет атқарып, «қолбала» да бол-
майтын, өзіндік үрдісі мен принципін сақтаушы
əмбебап ғылым.
3. Қазақ этнолингвистикасы қазақ тілінің
лексикалық байлығын мүмкін болғанша түгел
қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. Тіл əле-
міндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі
қолданылатын «үстіңгі қабатындағы» мағы-
налық
бірліктер негізінде ғана емес, сонымен
қатар оның төменг қабаттарында, қой-науында
тұнып жатқан сөз маржандары ар-қылы да
жаңғыртуға тырысады. Этнолингвистикалық
зерттеулердің өзіндік ерекшелігі
- əдеттегі сөз-
діктерге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бей-
нелі де көркем, көне де байырғы сөз өрнектерін,
тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз
деректерді де, əзіл-қалжыңдарды да қамтуында.
4.Қазақ этнолингвистикасының
тағы бір
принципі - лексикалық байлықтың мазмұны мен
мəн-мағынасын этностық таным тұрғысынан
толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы
мағлұматтар мен құнды деректерді түгел
сөйлету, тілдің өзіне тəн бояу-нақышымен бей-
нелі де көркем түрде суреттеу.
Бұл принциптер мыңдаған бірлікті екі түрлі
деңгейде - алғашқы номинативтік мағынасы мен
этностық танымынан туындаған «этнолингвис-
тикалық мағынасы» деңгейінде түсіндіруді,
анықтауды, топшылауды, сипаттауды талап
етеді.
5. Қазақ этнолингвистикасының мықтап
ұстанатын
принциптерінің тағы бірі – жүйе-
лілік.Мұны этнолингвистикалық зерттеу-лерде
тұрақты да бірізділікпен қолдану əдіс-тəсіл-
дерінің бірі жəне ең тиімді тетігі деп санаға жөн
[1,2].
Жоғарыда айтылған академик Ə.Қайдардың
пікіріне сүйене отырып,
қазақтың баршамызға
танымал жазушысы, қоғам жəне мемлекет қай-
раткері Ғ.Мүсірепов шығармалары тілінің ұлт-
тық болмысты танытатын қырларына соқпай
өте алмаймыз.