Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет88/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
70 
Жазушы қазақ халқының ұлттық киімдерін 
қазақ қызының образын ашуда шебер пайда-
ланады. Мұндағы күрең барқытпен тыстаған 
қара елтірі бөрік, жеңіл пұшпақ ішік, күрең 
барқыт шалбар, белінде күміс жапқан 
қаптырмалы былғары белдік деген сөздік 
қолданыстар арқылы автор қазақ халқының 
киім-киісін бейнелеу арқылы ұлттық құндылық-
тардың ерекшелігін айқын көрсетеді.
Шайды іше отырып қанша қарамайын 
десе де, Есеней көзін қыздан аудара алмай 
қойды. Басында күрең барқытпен тыстаған 
қара елтірі бөрік, үстінде сол күрең барқытпен 
тыстаған жеңіл пұшпақ ішік, күрең барқыт 
шалбар, белінде күміс жапқан қаптырмалы 
былғары белдік. Аяғында биік өкшелі шоңқайма 
етік – «қосай калош», бəрі де сандық түбінде 
жататын «бір киер» екені танылып тұр. Бəрі 
де шеше қолынан өткен.(Ғ.М. «Ұлпан» 38 б.) 
 Ақ жібек шаршыны шəлі , үстінен 
сəукеле, қына сары жібек көйлек, қызыл 
жібектен бүрме жаға, қара көк барқыт 
камзол деген тіркестерді пайдалана отырып, 
қазақ менталитетіне тəн ұлттық киім үлгілерін 
одан əрі дамыта суреттейді. 
Айтолқын да Ұлпаннан көзін айыра 
алмай тұр. Басына ақ жібек шаршыны шəліге 
ұқсатып жамыла салыпты да, үстінен сəукеле 
киіпті. 
Алқымы 
ашық...Мойным 
əдемі, 
еркектерге көрініп тұрсын дегені ме? Көтек! 
Қына сары жібек көйлекке қызыл жібектен 
бүрме жаға салыпты. Жетпей қалған ғой! 
Үстіне жапа-жалғыз қара көк барқыт камзол. 
Басқа несі бар дейсіз, Тəңірі. Бар болса киер еді 
ғой. Бір қос жылқы беріп алған сұлуымыз осы 
ма? Беті менің бетімнен ақ бола алмас. 
Кедейдің кербезінен сақта деген осы-ау! (Ғ.М. 
«Ұлпан» 87 б.) 
Сонымен бірге, қазақ ертеден-ақ оюмен ой 
айта білген халық екендігі баршамызға белгілі. 
Төмендегі мысалдан соның дəлелін көре 
аламыз. 
Е, мына қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл 
шырайлы торғылт келіншек Шынар болар. 
Аяғында кестелі етік. Ие, сол екен. Күлімдеп, 
іші-бауырыңа кіріп бара жатқан көзқарасы 
қандай əдемі еді. Ашаң да ашық жүзді. Көз 
қиығының құйрығы аз ғана көтеріңкі. Сол жақ 
бетінде «бармақ баттысы» бар. (Ғ.М. «Ұлпан» 
85 б.) 
Қазақ қызының табиғатына тəн сипатты 
жазушы жуан бұрым, үлбіреген ақ саусақ деген 
сөздерді пайдалана отырып, жақсы ашады. 
Шай құйып отырған қыздың он саусағы 
мен беті ғана көрінеді. Сұлулығын да, 
балғындығын да паш етпей тежеп ұстайтын 
қыз болу керек. Əлде сұңғыла қыз жасыра ұс-
таған сұлулықтың өлтіре қызық-тыратынын 
біле ме екен? Уысың толар жуан бұрымының 
астынан мойны ағараңдайды. Үлбіреген ақ 
саусақ емес, əр іске үйреніскен қолдары сенім-ді 
де оңтайлы қимылдайды. [Ғ.М. «Ұлпан» 38 б.]. 
Қамшы қазақ халқының ежелгі заманнан 
бергі келе жатқан қолөнер үлгісі, құрал аты, 
сонымен бірге ұлттық құндылықтың тағы бір 
көрінісі. Қазақтарда ертеде қамшы – ишарат біл-
діру, яғни қарым-қатынас құралы болған. Үйге 
кіргенде қамшысын екі бүктеп кіру адамның 
тəрбиелігінің белгісі есептелген [3]. 
Ана арқасында қайыс қамшы жыландай 
жүйткіп жүр. Тек отыз өрім қамшы ғана əйел 
арқасында жыландай ысыл-дайды. Қанға 
боялған қамшы ана денесінің ашылған жерлерін 
иіскеп табатындай, жанға батар жеріне дəл-
дəл тиеді. [Ғ.М. «Ананың арашасы» 87 б.] 
Қамшы сарт етіп қалғанда ана көзінен 
от ұшқыны да жалт етіп қалады. Ашуға 
булығып, қамшыны үсті-үстіне жаудырып 
тұрған ызалы Антоновтың өзі болдыруға 
айналды. [Ғ.М. «Ананың арашасы» 87 б.] 
Аттының қамшысы, жаяудың таяғы 
қашан да бізге тиеді ғой. [Ғ.М. «Ашынған ана» 
77 б.] 
Қамшы мен пышақ қазақтарда басқа да этно-
мəдени белгі ретінде қолданылған. Хан ордасы-
на келгенде келушінің қамшысы мен пыша-
ғынан басқа қаруын алып қоятын болған, қам-
шысын алғаны – сөз сөйлеуге құқы жоқтығын, 
пышағын алғаны – бұл жерде оған арналған 
сыбаға жоқтығын білдірген. Бұл ең бір ауыр 
жаза ретінде қабылданған [3, 1]. 
Табақтың шетінде жалтырап жатқан 
сар кездікке көзім түсе қалды.Өзім, көзім 
қарайып, обалымды пышаққа артып, қанымды 
шашайын деп жүрген адам, сар кездікті жұлып 
алып, жүгіріп келіп шалқасынан жатқан 
болыстың 
жұт-қыншағынан 
салып 
кеп 
жібердім. [Ғ.М. «Ашынған ана» 38 б.] 
Сондай-ақ қазақ халқының əдет-ғұрпында 
жас келіндердің ата-ене, қайын ағалары немесе 
жасы үлкен кісілермен тізесін сəл бүгіп, қолын 
айқастырып тізесінің үстіне қойып, басын иіп 
сəлемдесу дəстүрі бар [4]. 
Ұлпан үлкендерге бұрылып, бір тізелеп 
сəлем етті. Шынар да соны істеді. [Ғ.М. 
«Ұлпан» 89 б.] 
Жаулық – əйелдер басына тартатын орамал 
[ҚТТС,4, 20-б.]. В.В.Радловтың пікірінше, тұр-
мысқа шыққан əйелдер басына тағатын ақ 
орамал [В.В.Радлов,ІІІ,1,19]. ХІХ ғасырдың 
соңынан бастап əйелдер киетін кимешек сəннен 
шығып, əйелдер оны гүлді шəлімен, түрлі-түсті 
орамал-шаршымен алмастырды [4,1]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет