Бақылау сұрақтары: 1 Қоректік орталардың түрлері мен олардың компоненттері. 2 Қоректік орта компоненттерін алу жолдары. 3 Китта – Тароцци ортасын қандай микроорганизмдерді өсіруде қолданады? 4 «Стерилизация» және «дезинфекция» туралы түсінік. 5 Стерильдеу тәсілдері 6 Ыстық бумен, қыздырылған құрғақ ауамен және дробты стерильдеудің маңызы. 7 Пастерлеу әдісі. 8 Бактериологиялық сүзгілермен сүзу техникасы, сүзу нәтижелерін тексеру.
Тоғызыншы зертханалық – тәжірибе сабағы
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДА МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ӨСІРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТЕХНИКАСЫ
Сабақтың мақсаты. Микроорганизмдерді қоректік орталарға себу және қайта себу тәсілдермен танысу. Микроорганизмдерді шыны түтіктердегі ЕПС мен ЕПА-на себу. Микроб өсінділерін Петри шынысындағы ЕПА-на себу. Микроорганизмдерді өсіруге арналған аппараттың, термостаттың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібімен танысу.
Жабдықтар мен материалдар. Шыны түтіктердегі апатогенді микробтар өсінділері, физиологиялық ерітіндідегі микробтардың суспензиясы. ЕПС мен ЕПА бар шыны түтіктер. Стерильденген, қағазға оралған Петри шынылары. Балқытылған ЕПА бар шыны түтіктер. Микробиологиялық ілмектер мен инелер. Стерильді пастер пипеткалары, шпательдер, шыныға жазатын қарындаштар. Спирт шамдары. Кестелер.
Достарыңызбен бөлісу: |