Минсизадамжок indd


ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖЕҢІЛГЕНДЕР



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
мінсіз адам жоқ

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖЕҢІЛГЕНДЕР
Сәкен ағай спортзалда волейбол торын орнатып жатқан еді .
– Қыздар мен ұлдар волейбол ойнайды! – деді ол бүкіл сыныпқа .
Балалар қуана шулап кетті . Аружан және басқа да қыздар ойнау үшін 
дөңгелене тұра қалды . Ұлдар бір-бірінің қолын алып жатты . Аружан да 
қуанып кетті . Себебі волейболды жақсы ойнайтын .
– Ұлдардан мықты екенімізді дәлелдейік, – деді ол қыздарға .
Бірақ олай болмай шықты . Ұлдар алты ұпаймен бірден алға шықты . Рүстем 
допты жіберіп қап еді, Гүлназ оның соққысын тойтарып үлгере алмады . 
Қыздар ұтыла түсті .
– Гүлназ, не тұрыс? Қимылда! Секір де, допты ұр! – деп Аружан айғайлап 
жіберді: – Жеңуіміз керек қой!
Гүлназдың беті өрттей қызарды . Аружан айқайлап жіберген соң, допты 
әдейі жаңсақ ұрғандай кінәлі болып қалды . Барлығы ойын қызығы үшін 
емес, жеңіс үшін ғана ойнап жүргендей ме? Гүлназдың әрі қарай доп соғуға 
зауқы соқпады .
Жұлдыздың допты ұратын кезегі келгенде, қыздар ұпайды теңестірді . 
Аружан қайтадан қуанып кетті . Келесі доп Гүлбану мен Әсияға қарай 
ұшты . Бірақ допты екіншісі қағар деп ойлап, екеуі де қозғала қоймады . Доп 
екеуінің дәл ортасына түсті . Ұлдар тағы жеңе бастады . Болмашы жерден 
доптан айрылып қалған Гүлбану мен Әсия сықылықтап күліп жіберді . 
Мұны байқаған Аружан ызадан жарылып кете жаздады . Теп-тегіс жерден 
осылай сүріне ме екен? Қыздар жеңіс үшін жанын салмайтынына күйініп 
кетті, жеңе ме, жеңіле ме – оларға бәрібір болғаны ма?
– Қыздар! Допты қағып алсаңдаршы! – деп жекіп жіберді Аружан .


20
Әсия мен Гүлбану дереу күлкісін тия қойып, Аружанға жақтырмай қарады .
Ұлдар келесі раундта да үздік ойнады . Гүлжан өзіне келген допты алаңның 
сыртына қарай ұрып жіберді . Аружанның үміті сөне бастады . Жеңіске 
ынталандырып, кеңес беру үшін қыздарды қасына жинады . Ол допты 
қарсы топтың әлсіз ойыншыларына лақтыру керегін түсіндірді .
– Сонда ғана жеңуіміз мүмкін, – деді Аружан дауысы жарықшақтанып .
– Аружан, саған не болды, бұл жай ғана ойын ғой, – деп Гүлжан басу айтпақ 
болды .
– Жоқ, – деп қарсыласты Аружан . – Біз міндетті түрде жеңуіміз керек!
. . .Әрине, қыздар ұтылып қалды . Аружанның ойынша, қыздар үздік бо луға 
түк те тырыспағандықтан жеңілді . Ұтылған топта ойнағаны үшін өзіне де 
жыны келді .
– Ендігәрі қыздар ұлдарға қарсы 
ешқашан ойнамайтын болармыз 
деп үміттенемін, – деді ол шара-
сыздықтан .
Гүлжан екеуі сыныпқа бет алды . 
Дәліздегі хабарлан-дыруға көзі 
түскен Гүлжан қуаныштан ай-
қайлап жіберді .
– Қарашы, Аружан, осы аптада 
футболға тіркелуге болады екен, 
– деді ол қуанышы қойнына сый-
май .
Гүлжан «Жолбарыстар» командасында футбол ойнауды 
армандайтын . Аружан да футболға қызығатын . Бірақ топ жарып 
шығатынына күмәні басым еді . Себебі бұрын футбол ойнап көрмеген .
«Күлкіге қалар жайым жоқ», – деп ойлады да:
– Гүлжан, шынымен де футболға жазыласың ба? – деп сұрады .
– Әрине! Осы күнді жыл бойы күттім ғой! – деді Гүлжан екі езуі 
құ лағына жетіп, – футбол ойнаған қызық емес пе?
– Ал мен сәл ойланайын, – деді Аружан .


21
Мысықтың судан қорғалақтайтыны сияқты, Аружан да жаңа бір нәр сені 
бастаудан қатты қорқатын . Әсіресе «жаңа істі үздік істемесем ше» деген 
күдігі басым болса, ол жаққа аттап баспайтын . Қазір де доп тебе алатынына 
толық сенімді емес еді .
– Жақсы ойнай алмаймын-ау, – деді ол Гүлжанға .
– Мейлі, – деді Гүлжан . – Мен де жетістіріп доп тебе қоймаспын . Онда 
тұрған не бар екен? .
Қалай сонда? «Онда тұрған не бар?» деген сөз бола ма? Қолыңнан келмесе, 
мәселен, доп тебе алмай қалсаң, айнала жұрт жатып кеп күлмей ме? 
Күлкіге қалғанша, бірден ойнамаймын деп шешкен дұрыс болар .
Гүлжанға:
– «Жолбарыстар» теңдессіз ойыншылар болып шықса қайтесің? – деп ес-
кертті .
– Соған бола уайымдап тұрсың ба? Міне, мұнда футболды енді
үйренгісі келгендерді қабылдаймыз деп жазылған, – деді Гүлжан . – 
Жақсырақ ойнаймыз деп сенемін .
Бірақ Аружан «жақсырақ» ойнағысы келмеді, ол ең тамаша ойыншы болса 
ғана командаға қосылуды көздеді .
– Қайдам . Футбол ойнағым келмейді-ау осы .
– Түу, Аружан! Неге бар жерде оза шапқың келеді де тұрады?
– Кімнің бейшара болғысы келеді дейсің, – деді Аружан шап ете қа лып . 
«Гүлжан мені енді түсінген болар» деп ойлайды өзі іштей .
– Озат оқушы болғаның үшін емес, жақсы адам деп сені дос тұтам, Аружан, 
– деді Гүлжан, – қателессең де сені ешкім бейшара демейді .
Аружан не дерін білмеді . Ол да Гүлжанды үздік болғаны үшін емес,
досы болғандықтан жақсы көретін .
Гүлжан одан әрі ештеңе дей қоймады . Екеуі жол бойы үнсіз келді .


22


23
Төртінші Тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет