11
– Сахнада – Аружан
Мұратқызы, – деді Зәуреш апай .
Аружан домбырасын құшақтап ортаға шықты . Айналасына қарап анасын,
әкесі мен інісі Шыңғысты, сондай-ақ Зәуреш апайдың өзге де шәкірттерінің
ата-анасын байқады . Өнеріне тәнті етер жұлдызды сәт туды деген осы емес
пе?! Аружан бұл күнді ұзақ күткен еді .
Ол «Балбыруын» күйін шерте жөнелді . Делебеңді қоздырар, жігерге толы
күйді екпіндете орындап шықты . Күй от-жалындай қызуға толы еді . Сол
сезімді беруге барынша тырысты .
Зәуреш апай күйді орындағанда нота дәптерін пайдалануға рұқсат етсе де,
«жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүргісі келмеген Аружан шығарманы
түгел жаттап алған болатын . Бір жағынан ересек оқушылар сияқты ойнай
алатынын да дәлелдегісі келді . Олар әдетте күйлерді жатқа шертеді ғой .
Екінші кезекте «Бала Мишка» күйін орындауы керек . Бұл күйді жұрттың
көңілін көтеретін қалыпта, жеңіл және жылдам орындады . Күйді аяқтай
бере, саусағы сырғып кетіп, кездейсоқ басқа пернені басып қалды . Әттеген-
ай! Жап-жақсы әуенді басқа бір дыбыс бүлдіріп жіберді . Аружан тұтас
шығарманы нашар орындап қойдым-ау деп күйінді . Қызарып кетті, тіпті
ашуы да бұрқ ете қалғандай . Көңілі нілдей бұзылды . Жүрегі май ішкендей
кілкіді .
Зәуреш апай келесі орындаушыны сахнаға шақырғанда ғана иығынан ауыр
жүк түскендей, ата-анасының қасына үнсіз отыра қалды .
– Тамаша орындадың! – деп сыбырлады әкесі .
Анасы да құптап басын
изеді .
Аружанның жүрегі әлі өрекпіп тұр еді . «Бәрін бүлдірдім!» . Өзге оқу шы-
лардың көзіне түскісі келмеді . Шығарманы қате орындап, достарының да
Бірінші Тарау
Достарыңызбен бөлісу: