Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
мінсіз адам жоқ

ТЕК БЕС АЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Сәуле апай «Мұхиттағы тіршілік көрінісі» атты ғылыми жобаны 
орындау үшін сыныпты шағын топтарға бөлді . Сәуле апай – Аружанның 
сүйікті ұстазы . Ол мейірімді және ұдайы қызық тапсырмалар береді .
– Жобаларыңды кішкене қорапшаға сыйдырыңдар, – деді Сәуле апай .
Аружан, Гүлзат пен Мирас бір топқа түсті . Аружан мұхит тіршілігін көр-
сететін ең үздік жұмысты қалай жасау керегі туралы ойлай бастады .
– Мұражайда заттарды жылжыту үшін қораптың астына магниттер қой-
ғанын көрген едім . Бір ғана қорапқа жасай салмай, бірнешеуін қатарлап 
қойып, мұхиттың бірнеше деңгейін көрсетсек қалай?
– Керемет, Аружан! Бірақ оны жасау үшін уақыт керек . Сондықтан үлгере 
алмай қалуымыз мүмкін, – деді Мирас .
– Иә, бұл тамаша! Алайда Мирас дұрыс айтады, бұл тым ауқымды іске 
айналып кетейін деп тұр, – деді Мирас . – Шағын ғана, әсем жоба жасайық . 
Сәуле апай бізден үлкен жұмыс күтіп отырған жоқ қой .
Олар Аружанның ұсынысына келіссе, ең үздік жобаның иесі атанар еді . 
Гүлзат пен Мирас жақсы-ақ оқушылар шығар . Бірақ неге жанын жалдап 
жұмыс істегісі келмейді? Тапсырманы орындауға өзіндей қызығып, ынта 
білдірмегесін, Аружанның көңілі түсіп, ренжіп қалды .
Гүлзат жұмысты жеңілдету үшін жобаны теңдей бөліп істейік деп ұсынды . 
Мирас шығарманы жақсы жазатын, демек, көріністі сипаттап жазу оның 
қолынан келеді . Гүлзат қорапшаны бояп, сазбалшықтан теңіз табанының 
жер бедерін жасайтын болды .
– Аружан, сенің қиялың ұшқыр ғой, теңіздің тіршілік иелерін, жан-
жануар әлемін жасау қолыңнан келеді, – деді Гүлзат . – Әрқайсымыз өз 
жұмысымызды аяқтаған соң, бәрін құрастыра қоярмыз .


24
– Онда біздің жобамыздың басқалардан түк ерек-
шелігі болмай қалмай ма? – деп қарсылық 
білдірді Аружан .
Ол Гүлзат пен Мирастың ерекше, қайталанбас 
бірнәрсе ойлап табуға тырыспайтындарына 
ренжіді . Оңай жолды таңдап тұрғандай 
көрінді . Оған қоса Мирас барлық жобаны 
бүлдіріп алуы мүмкін деп уайымдады . 
«Ол соншалықты жақсы жаза біл-
мей ді», – деп ойлады Аружан ішінен . 
Гүлзаттың да тапсырманы ыждахатпен 
орындайтынына сенбеді . «Дәл мендей 
ешкім жанталасып жүрген жоқ», – деп 
ойлады ол .
Аружан Гүлзат пен Мирасты қанаттан-
дырғысы келіп, ойын қайталап айта бастады .
– Қолымыздан келеді! – деді ол құлшыныспен . 
– Демалыс күні тек осы тапсырмаға отырамын . 
Бос уақыттарыңда келіп, мүмкіндігінше қол ұшын 
берсеңдер болғаны .
Достары әлденені бүлдіріп алғанша, өзім-ақ бәрін істейін деген ойға бекіді . 
Аружан үшін не нәрсені де дұрыс істеудің жалғыз жолы 
– бастан-аяқ өзінің ғана жасап шығуы . Күрделі 
жобалар жасайтын және кілең бестік алатын 
болғандықтан, Гүлзат пен Мирас Аружанға 
бөгет жасағысы келмеді . Қалай болғанда да 
бәрі Аружанның ойындағыдай болатынын 
және олардың тапсырманы орындауға 
қатысу-қатыспауы Аружан үшін маңызды 
емес екенін түсінді . Сондықтан олар үнсіз 
келісті .
– Осы сенбіде әуелі бір жұмыстарым бар, 
кейін саған көмектесермін, – деді Гүлзат .
Мирас сол күні бейсболға баратынын айтты:
– Ойыннан кейін екеуіңе қосы-ламын, – деді ол .
– Жақсы, – деді Аружан . – Көр де тұрыңдар, барлығымыз бес аламыз!


25
Аружан барлық демалы-сын жобаға 
арнап, ойынға уақыты болмайтынын 
ұқты . Бірақ ол ойна-мауға үйренген 
еді . «Ештеңе етпейді! Сәуле апай 
бұл жобаны қалай ұнатып, мақ-
тайтынын қазірден-ақ көзіме 
елес-тетіп тұрмын!», – деді 
ол өзіне-өзі .
Гүлзат мен Мирас бір-
біріне қарап, иықтарын 
қиқаң етті . Ауыздарына 
сөз де түспеген еді .


26


27
Бесінші Тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет