ӨНЕР КӨРСЕТУ
12
көңіл-күйін бұзған жоқ па? Талай уақытын жұмсап, осы күйді үйренген
еңбекті еш қылғаны-ай . Ендігәрі домбырада тапжылмай отырып үйрену
керек, сонда өзгелер секілді үздік ойнап шығар . «Тәжірибелі футболистер
қателеспейді ғой, мен де солардан үлгі алуым керек», – деген шешімге
келді .
Күйлерін орындап біткен соң Зәуреш апай барлығын астан дәм татуға
шақырды . Үстелдегі тәрелкелерде тәтті-тұрым толып тұр . Дәл ортада
шабдалы шырыны бар үлкен ыдыс . Шырынға тәтті балмұздақ пен мұз
қосқан .
Аружан достарымен сөйлескісі келмеді . «Өзгелердің де менімен сөйлескісі
келмес», – деп ойлады ол . «Жолы болмаған адаммен кім сөйлесе қояр
дейсің?», – деді іштей . Шырыннан ұрттап қойып, өзімен-өзі шеткері тұрған
еді .
Қасына Арайлым келе қалды . Ол Аружаннан бұрын сахнаға шыққан
болатын .
– Өте жақсы орындадың, – деді Арайлым .
– Есесіне «Бала Мишкада» бүлдірдім . Құрттым ғой, – деді Аружан .
– Қойшы, байқамадым, – деп Арайлым таң қалды .
Сосын:
– Ештеңе етпейді, мен де қателестім, – деп емен-жарқын әңгімеге тартты .
«Көңілімді аулап тұр», – деп ойлады Аружан . Ол Арайлымның күйін
тыңдады ғой, мүлтіксіз орындады . Арайлым домбыраның құлағында
ойнайтын дәулескер күйші деп есептеді Аружан .
Шырынды бір ұрттап қойып, қолындағы тәттісін жеп тауысқан
Аружан кетуге оқталды . Көңіл-күйі жоқ еді, әсіресе Зәуреш апайдың
кө зіне түскісі келмеді . «Апайдың сенімін ақтамадым» деп есептеді .
13
14
15
Екінші Тарау
«БАР БОЛСАҢ ШОҚ БОЛ,
ШОҚ БОЛМАСАҢ ЖОҚ БОЛ!»
Келесі күні мектепке зорға барды .
– Қане, тыныш! Орындарыңа отырыңдар! – деді Адина апай . Оқу шылар
демін ішіне тарта қалды . Алдыңғы аптада қойылымға адам іріктеген . Бүгін
соның қорытындысы шықпақ . Көктемде «Күн астыңдағы күнекей қызды»
қоймақ, кімнің қандай рөлге бекігенін білгісі келіп бәрі орындарына
отыра қойды .
– Ал, мені тыңдаңдар, – деді Адина апай қайталап .
Ол театр үйірмесінің оқытушысы және қойылымның режиссері еді . Қызыл
түсті шашы бұп-бұйра болатын . Қобырамасын деп шашын төбесіне
жинай салатын әдеті бар . Кейде шашын ұстап тұру үшін бір-екі қарындаш
қыстырып қояды . Сонысына қарамастан сабақ бітер уақытта шашы босап,
бір-екі талы иығында бұйраланып жататын . Мұнысы Адина апайдың
көркіне көрік үстейтін еді .
Оқушылардың көбі театр үйірмесіне қатты қызығады . Себебі, Адина
апай әр баланың талантын тап басатын . Оның үйірмесіне бәрі қуана
жүгіре жөнелетінінің тағы бір себебі – Адина апай балалардың қателігін
ешқашан бетіне баспайтын . «Қателеспейтін адам болмайды», – дей тін
ұстазы . Ол Альберт Эйнштейн, Элеонора Рузвельт сынды ұлы адам дардың
да қателескенін, оны өздері де мойындағанын үнемі мы сал ға алатын .
Сондықтан да театр үйірмесінде ешкім қымсынып қым тырылмайтын еді .
Әлдебіреу қателесе қалса, Адина апай дауыс көтерген емес . Мысалы Есей
жаттауға берген сөзді үнемі ұмыта берсе, Нұргүл сықылықтап, күлкісін тия
алмай қойса немесе Сара Жалмауыз кемпірді мейірімді әжеге айналдырып
жіберсе де Адина апай қабақ шытқан емес . Ол балалардың рөлді әйтеуір бір
орындай алатынына сенетін . «Ештеңе етпейді, өмір осындай ғой», – дейтін
16
жай ғана . «Өмір осындай ғой» деген сөз тіркесі оқушылардың қағытпа
сө зіне айналды . Балалар да өз қателіктеріне күле білуді үйренді . Бірақ
Аружан ондай бала емес еді .
Адина апай спектакльдер туралы көп білетін, себебі ол жергілікті театрдың
актрисасы және режиссері болатын .
– Дәліздегі хабарландыру тақтасында қойылымға бекіген қатысу шылар
тізімін іліп қойдым . Сабақтан кейін барып танысарсың-дар . Қойылымға
қатысқысы келген баршаға алғыс айтамын . Бұл қойылым тамаша болар
деп сенемін, – деді ол .
Әрине, сабақтың соңына дейін ешкім күткісі келмеген еді . Барлығы кү-
бірлеп, қозғалақтап, қарсылығын білдіріп қалып жатты .
Аружан басты рөлден үміттенді . Күнекейдің рөлін сомдағысы келді . Спек-
такльдегі ең маңызды рөл осы деп ойлады . Ол Алматыда бұл қойылым ды
отбасымен тамашалаған болатын . Күнекей рөлін оп-оңай сомдап шығамын
деп сеніп жүрген .
Мұндайда сабақ та бітпей қояды . Міне, әрең дегенде қоңырау да соғылды-
ау! Барлығы бірдей сыртқа лап қойды . Хабарландыру тақта-сынынң маңына
топырлап жүргендер көп . Бірін-бірі итерген оқушы-лардың бәрінің де
көзі тақтада . Кейінірек тұрғандарға тақтадағы жазуды көру мүмкін емес .
Аружан тізімді оқу үшін аяғының ұшымен тұрды . Бірден Күнекей рөліне
кімнің бекігенін іздей бастады . «Мүмкін емес!» . Онда Әсияның есімі
жазылып тұр еді . Ал Жұлдыз – Әсияның дублері болыпты . Аружан – күймен
сүйемелдемек . . .
– Құттықтаймын, Әсия, – деді Аружан сүлесоқ .
Оның көңіл-күйі күрт түсіп кеткен еді . Қойылымда қалаған рөлі шынымен
де бұйырмағаны ма? Не үшін? Ол Әсияның қай жері артық екенін білгісі
келді . «Әсияға ұқсағанымда ғой», – деп ойлады ол .
Аружанның ең жақсы досы Гүлжан еді . Ол қасына қуана келіп:
– Аружан, спектакльде күй шертесің! Жақсы, иә! – деп мәз-мейрам болды .
– Күнекейдің рөлін сомдағым кеп еді . Нақты рөл де бұйырмады, – деп
Аружан ауыр күрсінді .
«Әу баста қатты тырыспадым . Жақсы өнер көрсетсем, мені Күнекейдің
рөліне бекітер еді» деген ой Аружанды мазалай бастады . «Сөзді әбден жат-
тап алуым керек еді», – деді ол өкініп, өзіне-өзі .
17
– Рөл бермеді деген сөз бола ма?! Маған да ешкім-
нің рөлі бұйырмады, – деді Гүлжан . – Сахнаны
безендіремін .
Гүлжанның қуанышы қойнына сыймай тұр еді . Себебі
ол суретті жақсы салатын . Және сурет салғанды
ерекше ұнататын .
– Оның не керегі бар? – деп күңкілдеді Аружан .
– Басты кейіпкер, ең болмағанда негізгі кейіпкер-
лердің бірі болмасаң, ешкім саған мән де бермейді .
Осы бір қойылымға қатысқым келмей қалды . Сен не
істейсің? – деп сұрады ол Гүлжаннан .
Гүлжанның қойылымға қатысатыны көзінен-ақ
байқалып тұр еді . Ол Аружанға сахна сыртында
жұмыс істеудің, қойылымға дайындалудың қандай
қызық екенін әңгімеледі . Өзіне сахнаны безендіруді
сеніп тапсырғанға риза еді .
– Бас тартпа! Қызық емес пе? – деді ол күлімсіреп .
Аружан Гүлжанның неліктен соншама қуанып
кеткенін түсінбеді . Түптеп келгенде, сахнаны
безендіру мен күй шертудің қойылымға не
қатысы бар? Олар ол қойылымның жұлдыздарына
айналмайды ғой . Тіпті ешкім көзіне де ілмейді .
Гүлжан басқалармен қызу әңгімеге айналғанда,
Аружан жалғыз өзі сыныпқа кіріп кетті .
18
19
Үшінші Тарау
Достарыңызбен бөлісу: |