Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
мінсіз адам жоқ

УАҚЫТ ЖЕТПЕЙДІ
Аружан өз сыныбындағы үздік оқушылардың бірі екенін мақтан тұтатын . 
Онысын дәлелдейтін жүлделері мен медальдары да көп еді .
«МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ, 4-СЫНЫП»
«ФОТОЛАР САЙЫСЫ, 5-СЫНЫП»
«5 ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК ОҚУШЫ ЖҮЛДЕСІ»
«ҒЫЛЫМИ ЖӘРМЕҢКЕ, 1-ші ОРЫН»
«ЖАС МУЗЫКАНТТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ»
Барлық марапаттар жатын бөлмесіндегі сөреде тізіліп тұр . Аружан Сынып-
тастары компьютерлік жаңа бағдарламаларды пайдалана отырып жақсы 
жұмыс істеуі мүмкін ғой деген ойдан арыла алмады . Ондай жұмыс жәй 
ғана жақсы емес, тамаша болып шықпай ма?! Біздің жұмыстан да үздік 
болып кетсе ше? Ақбота мен Нұрдәулет бұрындары бір жұмыстарына 
керемет дизайн мен ерекше заттарды пайдаланған еді . Олар өте әсерленіп 
таңғажайып жоба жасағанын көпке дейін айтып жүрді . Бірде жаһандық 
жылыну туралы плакат жасап келу туралы тапсырма берілгенде, Ақбота 
мультимедиалық презентация жасағаны бар . «Мен бұған қарсымын!
Мүлде дұрыс емес! Әркім берілген тапсырма аясынан шықпауы керек қой», 
– деп ойлады Аружан . Алайда, өзі сондай ерекше бірдеме жаса-ғысы келді . 
Ол мұхит тіршілігін көрсететін қорапты керемет етіп жасауға тырысты . 
Алайда не нәрсені бастаса да, бірдеме кемшін болып тұрғандай әбігерленді .
«Мұхит тіршілігінің көрінісін» тапсырғаннан кейін, бірнеше апта 
өткен соң (Аружан күллі демалысын осы жобаға арнады . Иә, Гүлзат 
пен Мирас та аздап қол ұшын созды . Нәтижесінде бес алды), Аружан 
келесі үй тапсырмасын аяқтауға үлгермеді . Тіпті, ол жұмысты аяқтамақ 
түгіл, бастамаған да еді . Сәуле апай дүниежүзіндегі кез-келген елдің 


28
географиясы туралы қызғылықты мәліметтерді тауып келуді тапсырған
болатын . Аружан құр деректердің тізімін жасай салғысы келмеді . Ол аяқ 
киімге ұқсайтынын көрсету үшін Италияны бейнелейтін мүсін жасау 
туралы немесе Африкадағы тропикалық ормандар туралы баяндама 
жазу жөнінде қиялдады . «Испанияда түскен фотосуреттерімді апарсам 
да болатын шығар, бірақ мектепке сурет апарудан оңай не бар дейсің» . . . 
Мың сан ой Аружанға ұйқы бермеді . Уақыт өте берді . Аружан ерекше 
не жасайтынын ақыры ойлап таба алмады . Ақбота мен Нұрдәулет не 


29
ойлап жүр екен деп басын қатырды . Олар ғажап бірдеме ұйымдастырып 
келетініне сенімді болды . Мың сан ой Аружанды әбден қажытты . 
«Ертерек бастауым керек еді, – деді ол мазасызданып . – дұрыстап жасау 
үшін тағы бір апта қажет» . Кейінірек ол тапсырма туралы ойланғысы 
да келмеді, сондықтан оны орындамауға бел байлады . Себебі қалай 
орындаса да, жобам ең үздігі болмайды ғой деп ойлады .


30


31
Алтыншы Тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет