Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ



бет14/15
Дата28.03.2023
өлшемі283 Kb.
#471288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы

Қорытынды.

Қорыта айтқанда, тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория – етістік.


Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика- семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен тығыз байланысты.
Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория болып есептелінеді.
Диплом жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясының басқа категориялар сияқты бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, форма жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар категория екені анықталды. Шақ категориясының ішінде өткен шақ формасын тілші-ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, кейбір мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырдық. Өткен шақ формасын мағыналық ерекшеліктеріне қарай кейбір ғалымдар, атап айтқанда А. Ысқақов, 1) анық (айғақты) өткен шақ, 2) танық (айғақсыздық) өткен шақ, 3) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ болып бөлінеді, ал кейбір ғалымдардың еңбектерінде өткен шақ: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ, 3) ежелгі өткен шақ, 4) дағдылы өткен шақ болып бөлінетіндері де бар. Бұл классификациялаудың ішінде көзге ерекше көрінетіні – А.Ысқақов классификациясы болып табылады.
Диплом жұмысының негізінен «Қазақ тілінің грамматикасы» және А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулықтардың негізінде жазылды.
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың барлық түрлері кездесетін анықтадық. Кейбір формалары ғана сирек, кейбіреулері тіпті жоқ.

Романда өткен шақтың мынадай түрлері бар:



  1. жедел өткен шақ. Олар мынадай көрсеткіштермен жасалған:

а) –ды, -ді (-ты,- ті) жұрнағы.
ә) –ған,(- ген,- қан, -кен) жұрнағы.
б) –атын (-етін, -йтын, -йтін) форманты.
в) -ып еді (-іп еді, -п еді) форманты.
г) -ған еді (-ген еді,- қан еді,- кен еді) форманты.
з) -ушы еді (-уші еді) форманты.
д) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге көмекші етістігі тіркескен.
2) Бұрынғы өткен шақ.
а) –ып,(- іп, -п) жұрнағы.
ә) -ған екен,(- ген екен, -қан екен,- кен екен) форманты.
б) –а+ді екен (-е+ді екен) форманты.
3) Ауыспалы өткен шақ.
а) –мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ едң, -пек еді).
ә) –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады.
«Қызыл жебе» романы бойынша өткен шақтың салаларынан 400-ге жуық кеспе қағазы жиналды. Олардың әрқайсысының мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырылды.
Сонымен, етістіктің шақ категориясы деп қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмаған, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын грамматикалық категория. Әрекеттің сөйлеп тұрған кезде мезгіл жағынан қатынасына қарай қазақ тілінде шақ формалары өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш топқа бөлінеді. Өткен шақ сыртқы тұлға түрлеріне қарай, мазмұн өзгешелігініе қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұстайқы болатынымен қатар күрделі форманттар сан жағынан, мағыналық реңктерді білдіру жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет