Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы


ПП ПП ПП ПП ПП         5>4  4 < 5



бет32/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
8-сынып

ПП ПП ПП ПП ПП         5>4  4 < 5      Бүлар - теңсіздіктер

2. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу - өрнек болып табылады. Ал амалды орындағанда шыққан нәтиже - өрнектің мәні деп аталады. Осыны басшылыққа ала отырып, ілгеріде қарастырылатын қарапайым өрнектердің атаулары енгізіледі. Мәселен, "қосынды" деп "+" таңбасы және сандарды 6 ал "айырма" деп "-" таңбасын және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. Амалдың нәтижесіне сәйкес "қосынды" және "айырма" деп атамай, "қосындының мәні" және "айырманың мәні" деп атаған жөн. Сонда математикалық терминдерді қолдануға бірліктің саөталуы мүмкін, яғни "өрнек", "қосынды" және "айырма", "өрнектің мәні" - "қосындының мәні" және "айырманың мәні" терминдері мағыналық түрғыдан алғанда бір-бірінен туындайтын болады. Өрнек пен санды, өрнектерді бір-бірімен салыстыру жоғарыда қарастырылған мәселелердің заңды жалғасы болып табылады және көрнекілікке сүйеніп оқытылып-үйретіледі. Тиісті қатынас таңбасы негізінен, өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстырғаннан кейін анықталады. Сандық өрнек туралы түсінік қалыптастырғанда, сандар арасында қойылған амал таңбасының екі түрлі мағынасы бар екендігін ескерту қажет. Мысалы: "5+2", 5 қосу 2; "3*4" 3 көбейту 4; екінші жағынан амал таңбасы қрнекті сипаттайды. Мысалы: 5-2: 5 пен 2 сандарының қосындысы; 3*4; 3 пен 4-тің көбейтіндісі т.б. Бастауыш сыныптарда қарапайым өрнек (екі санның қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі, бөліндісі) және күрделі өрнектер (көбейтінді мен санның қосындысы, қосынды мен санның көбейтіндісі т.б.) туралы үғым қалыптастырылады. Сандық өрнек үғымын қалыптастыруға арналған жүмыс әдістемесі мыналарды қамтиды:

1.  арнайы   әдістерді   пайдаланбай-ақ,   көрнекіліктер   арқылы,   өрнекті жазуға, оқуға және мәнін табуға үйретеді;

2.  өрнектің мәнін табуды "қосынды", "айырма" терминдеріне сүйеніп енгізу;

3.  қосу және азайту амалдарының компоненттері (қосылғыш, азайғыш, азайтқыш) мен нәтижелерінің атауларын енгізу;

4.  жақшасы бар өрнектермен таныстыру;

5.  өрнектерді түрлендіру арқылы оны жазуға, оқуға және оның мәнін табуға машықтандыру;

6.  "Математикалық өрнек", "өрнектің мәні" терминдерін айқын түрде енгізу;

7.  көбейту және бөлу амалдарына байланысты терминдерді (көбейтінді, көбейткіш, бөлінгіш,и бөлгіш, бөлінді) енгізу;

8.  әріпті өрнекті және оның мәнді белгілерін қарастыру;

9.  амалдарды орындаудың рет - тәртібі және өрнекті қарастыру, оқу, жазу, мәнін табуға жаттығу;

10. есептің шарты бойынша өрнек қүруға немесе өрнек бойынша есеп қүрастыруға үйрету.

"Өрнек" сөзі алғаш рет 10 көлеміндегі сандардың реттік қатары тақырыбында қарастырғанда екі санның қосындысы немесе айырмасы ретінде енгізіледі. Сонда нақты заттардың тобымен практикалық іс-әрекеттер орындағанда балалар алдымен қосынды мен айырманың нақты мағынасын меңгеріп, 5-2, 7-2 түріндегі жазудағы амалдардың таңбаларын "қосу", "азайту" сөздерінің қысқаша белгісі ретінде түсінеді, яғни 5-ке 2-ні қосқанда 7 болады, 7-ден 2-ні азайтқанда немесе шегергенде 5 қалады. Біртіндеп бүл амалдар туралы түсінік тереңдей түседі, яғни бірнеше бірлікке азайтқанда, санның сонша бірлікке кемитінін біледі. Мүндай жазуларды оқудың жаңа формасы айқындалады. (5-ті 2-ге арттырса, 7-і шығады, 7-ні 2-ге кемітсе, 5 шығады), (5+2, тең болады 7-ге, 7-2 , тең болады 5-ке). Қосу амалымен байланысты мыеалды екі санды "қосу" таңбасымен жалғастырып жазамыз, ол жазу қосынды деп аталады, ал нәтижені де қосынды дейтіні ескеріледі.

Мәселен: 5+3=8 демек 8- қосындының мәні, 5+3 - қосынды. Қосынды деген терминді өрнектің мәні ретінде түсінуге мынандай жаттығулар септігін тигізеді.

1)  4 пен 3 сандарының қосындысын жаз;

2)  7 мен 2 сандарының қосындысын есептеп шығар;

3)  6+4 жазуын оқыңдар;

4)  8 санын, сандардың қосындысымен алмастыр;

5) 4+3 және 3+4 сандарының қосындысын салыстыр.

Осындай жаттығуларды орындау барысында "қосынды" терминінің екі түрлі мағынасы түсіндіріледі: сандардың қосындысын жазу үшін оларды қосу таңбасымен байланыстыру керек; қосындының мәнін табу үшін, берілген сандарды қосу керек; осы сияқты "айырма", "көбейтінді", "бөлінді" терминдері олардың мәнін сәйкес амлдардың көмегімен таба білу - өрнектерді оқу және жазу, олардың мәнін табуға берілген жаттығуларды орындау барысында қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет