3. Жазбаша нөмірлеу. М.-2, 158-бет. Тапсырма 1-4. Ауызша талданып, жазбаша орындау. Екі таңбалы сандарды жаза білетіндіктерін пайдаланыл, жүздіктер, яғни Ш-разрядтың бірліктері оңнан солға қарай санағанда, 3-орынға жазылатынын көрсету. Кесте цифрлар арқылы бірнеше сан жазғаннан кейін «3 таңбалы» сан терминін енгізу. Разряд бірліктері болмаса олардың орнына 0 жазылатындығы жөніңде түжырым жасау.
4. Жазбаша нумерация бойынша біліктерін бекіту мақсатында мынадай тапсырмалар берген дүрыс:
• 657, 765,576 сандарының жазылуында эр цифр нені белгілейді?
• 473, 49, 504, 444 сандарының эрқайсысыныц жазылуын-да 4 цифры нені белгілейді?
• 35, 33, 335, 555, 700, 1000 саңдарының әрқайсысының жа-зылуында не бары неше цифр бар? Әр түрлі неше цифр бар?
• 2, 3, 4 цифрларын пайдаланып, 3 таңбалы эр түрлі 6 сан жазыңдар.
• 7, 8 цифрларын пайдаланып, мүмкіндігінше барлық 1 таңбалы; 2, 3 таңбалы сандарды жазыңдар.
5. Санның ондыққүрамын бекіту мақсатында атаулы жэне қүрама сандарды түрлендіруге жаттығулар берген тиімді.
2 теңге 36 тиын = ? тиын 207 см = ? м ? см 3 м 2 дм = ? дм
6. Сандар аралығын толтыр:
* 1 9
* 10 99
* 100 999
Сурет бойынша сабақтан үзінді жоспарла. Осы тақырыпты пысықтау үшін тагы қандай тапсырмалар ойластыруға болады? Жоғарыда берілген суреттер бойынша қандай жүмыстар жүргізуге болады? Ойлан!
Тақырып: Көмекші мектептегі математика бағдарламасының ерекшеліктері, құрам компоненттері
Достарыңызбен бөлісу: |