3-бөлімше. Ұңғымаларды бітеу
899. Қайта герметизациялаумен байланысты жөндеу жұмыстары алдында (сағалық арматураны ауыстыру, жер асты қондырғыларын жөндеу) ұңғымалар бітеледі (қажет болғанда). Бітеуден кейінгі тоқтау уақыты 1 сағаттан кем емес.
900. Ұңғымалар ЖҰЖ болғанда ұңғымаларды жөндеуге қабылдау туралы актіге қол қойылғаннан кейін бітеледі.
901. Бітеу алдында жер асты қондырғылары ұзындығы 25 м кем емес ұңғымаларды бітеуге арналған трубақұбырлармен жабдықталады. Трубақұбырлар кері қалқаншалармен және бақылау-тіркеу аппаратураларын қосуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Трубақұбырлар мен арматуралар ұңғымалар сағаларында қысымы күтілетін максималды қысымнан 1,5 есе артық сумен толтырылады. Қысымды желілер жедел ағытылатын қосылыстар трубаларынан жасалады.
Құрылғының жуу шлангісі диаметрі 80 мм кем емес ілгіштер шлангінің барлық ұзындығы бойынша әрбір 1-1,5 м орналасатын болат жұмсақ арқанмен қорғалады. Ұштары шлангінің қарсы фланцтеріне бекітіледі. Үзілістердің алдын алу мақсатында сорғыш агрегатта шлангіге рұқсат етілетін қысымнан 25 % төмен ескерту қалқаншасы орнатылады.
Болтты қосылыстар өзіндік босатылу мүмкіндігін болдырмайды.
902. Ұңғымаларды бітеу алдында жөнделетін ұңғымалардың екі көлеміне тең көлемдегі қажетті параметрлердің бітеу сұйықтарының қоры қарастырылады. Қорлар ұңғымаларда немесе бітеу трубақұбырларына жедел қосуға арналған тікелей жақын орналасқан орындарда сақталады.
903. Қысымы гидростатикалық қысымнан жоғары барлық қабатты ұңғымалар және фонтандау жағдайы сақталатын ұңғымалар немесе қысымы гидростатикалық қысымнан төмен болатын қабатты қысымдағы газ-мұнай-су пайда болу ұңғымалары бітеуге жатады.
904. Бітеу сұйығының тығыздығы қабатты қысымнан:
10 – 15 % тереңдігі 1200 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 0-ден 1200 м дейін), бірақ 15 кгс/см 2 (1.5 МПа) артық емес;
5 – 10 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 1200-ден 2500 м дейін), бірақ 25 кгс/см 2 (2.5 МПа) артық емес;
4 – 7 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 2500-ден жобалық тереңдікке дейін), бірақ 35 кгс/см 2 (3,5 МПа) артық емес шамаға жоғары болатын гидростатикалық қысым сұйығының бағанын жасау есебінен анықталады.
905. Ұңғымаларды бітеу кезінде қабатты гидрожару қысымынан немесе қабаттың сұйықты сіңіру қысымынан артық болмайтын гидростатикалық динамикалық қысым (мұнайды ұңғымалардан бітеу сұйықтары арқылы шығару кезінде) пайда болады.
906. Құрамында күкіртсутегі болатын көмірсутегін күкіртсутегі бар бейтараптауы болатын сұйықтармен бітейді.
907. Қабатты флюидтің өзіндік ұңғымалар сағаларына түсу мүмкіндігін болдырмайтын тау-кен-геологиялық жағдайлары бар кен орындарында бітеусіз ПРС жүргізуге жол беріледі.
908. Бітеулер жүргізгеннен кейін ұңғымалар сағалары ПРС кезінде ұңғымаларды бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бекітілген ЖҰЖ сәйкес және авариялық жағдайларда кен орындарында бұрғылау мен пайдаланудың геологиялық-техникалық шарттарын ескере отырып, тастауға қарсы қондырғылармен жабдықталады.
909. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастыру және байлау сызбасын ұйым әзірлейді.
910. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастырғаннан кейін максималды күтілетін көлемге тең, бірақ пайдалану колоннасының толтыру қысымынан жоғары емес қысымдағы сумен толтырылады. Тастауға қарсы қондырғыларды толтыру пайдалану колоннасының техникалық жағдайы, қабатты флюид (газ факторы) құрамы және қондырғы паспорты ескеріле отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
911. Мұнай газ пайда болу белгілері байқалған кезде ПРС тоқтатылады, ұңғымалар қайта бітеледі. Жұмыстарды жандандыруға ұйымның техникалық жетекшісі рұқсат береді.
912. ПРС жөніндегі жұмыстар үзілістер кезінде ұңғымалар сағалары сенімді жабылады (герметизацияланады).
913. Мүмкін мұнай газ пайда болулардың алдын алу және жою кезінде бітеу сұйығының үстеп құю блогы орналастырылады және оны ұңғымалар сағасымен өзіндік құйылу немесе сорғыш (ұңғымаларды жууға арналған агрегаттар) арқылы құйылуды қамтамасыз ететіндей есеппен байланады. Ұңғымаларды трубалардан көтеру үстеп құюмен және сағадағы деңгей сақталатындай болып жүргізіледі. Үстеп құю ыдысы градуировкасы бар деңгей өлшегішпен жабдықталады.
914. Ұңғымалардың сағалық арматурасын демонтаждау алдында трубалық және труба сыртындағы кеңістік қысымы атмосфералыққа дейін төмендетіледі.
915. Сағалық арматураны бұзу көрнекті орналастырылған ұңғымалардан газ бөлінуін тоқтату және олардың сұйық деңгейінің тұрақтылығын тексеруді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. ЖҰЖ ұңғымалардан сұйық ағынының болмауын тексеру үшін сағалық арматураны бұзғаннан кейінгі технологиялық тоқтау уақытының ұзақтығы көрсетіледі.
916. Бригада персоналы мұнай газ пайда болуын анықтау белгілеріне тұрақты бақылау жүргізеді және технологиялық регламентке сәйкес ұңғымалар сағаларының герметизацяилануын жүргізеді.
917. Трубалық кеңістікті герметизациялау үшін көпірлерде аудармалары бар, шар бұрандасы, кері қалқаншасы немесе ашық жағдайдағы авариялық ысырмалар, белгіленген қысымға толтырылған және қызыл түске боялған трубалар жинағы болады.
918. Жұмыс жоспарында ПРС алдында алдын ала бітеу жүргізу қарастырылмаған кенжарлық қалқанша – кескішпен жабдықталған ұңғымалар тоқтатылады, қысым атмосфералыққа дейін арттырылады және үш сағаттан кем емес уақытта ұңғымалар қалқанша – кескіш немесе басқа каналдар арқылы ағындар болмауына тексеріледі.
919. Қалқанша-кескіштерді ревизиялау жөніндегі жұмыстар завод-дайындаушы нұсқамасы және кәсіби тапсырыстар бойынша орындалады.
4-бөлімше. Түсіру - көтеру операциялары
920. Ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттардың түсіру көтеру операцияларын басқару пульті агргегаттарда және жұмыс алаңдарында орналасқан мачта, мұнара, ұңғымалар сағалары, шығырлар және басқа механизмдер жақсы көрінетін қауіпсіз орындарда орналастырылады.
921. Салмақты индикациялаусыз (индикатор) сорғыш-компрессорлық трубаларды (әрі қарай-СКТ) ұңғымалардан көтеру немесе ұңғымаларға түсіру, ұңғымалар тереңдігіне байланыссыз трубаларды қарау және тартумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Таразы индикаторының дұрыс жұмыс істеуі ПРС басталуы алдында тексеріледі.
Түсіру көтеру жұмыстарын:
1) дұрыс жұмыс істемейтін қондырғылар мен құрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары (жазатын құралдар, манометрлер және басқалар);
2) вахтаның толық құрамы болмағанда;
3) жел бағыты 15 м/с артық және тұман мен қар көшкінінде көрінудің жоғалуы;
4) мұнай газ пайда болуы;
5) ЖҰЖ болмауы кезінде жүргізуге жол берілмейді.
922. Түсіру - көтеру жұмыстарында мұнай газ пайда болу анықталған кезде ПРС бригадасы ұңғыманы қайта бітейді және әрі қарай ЖҰЖ сәйкес, әрі қарай әрекет етеді. Қайта бітеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұңғымалар сағалары герметизацияланады және әрі қарай аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.
923. Мүмкін мұнай газ пайда болудың алдын алу және жою үшін ұңғымаларды жуу агрегаттары немесе түсіру - көтеру операциялары кезінде үстеме құю ыдыстары труба сыртындағы кеңістікке тұрақты қосылған, ал ұңғымалар сағаларында тастауға қарсы қондырғылар орнатылған.
924. СКТ ұңғымаларға түсіру алдында әрбір труба шаблондалады. Трубалар бұрандаларға бұрау алдында металл щеткамен тазартылады және ЖҰЖ көзделген қорғаныс қабатымен (графитті майлау, сурик, арнайы герметик және басқалар) жабылады.
925. СКТ трубаның барлық резбалық бөлігіне бұралады және түбіне дейін тығыз бекітіледі.
926. ПРС бастау алдында станок тербелмесі бар ұңғымаларда ілмегі бар тальдік блок өту үшін өтетін жерді кронблоктан ұңғымалар сағаларына дейін босатады. Ол үшін станок-тербеліс балансирінің басы артқа қарай жіберіледі немесе бір жағына қарай бағытталады (конструкциясына байланысты).
927. Балансир басын артқа тастау, бір жаққа қарай бағыттау және жұмыс қалпына қайтару, арқан ілмегін алу және кигізу жұмыскерді станок-тербелменің балансиріне көтеру мүмкіндігін болдырмайтын құралдар арқылы жүргізіледі.
928. Тальдік блоктың немесе ұршықтың үлкен габаритінде түсірі көтеру операциялары кезінде олардың станок-тербелменің балансиріне тиюін болдырмау үшін шатун қисық шиптен ажыратылады және балансирді бұрылған немесе шеткі жоғары қалыптқа артқа тасталған балансир қойылады. Бұл жағдайда сальникті (полировкаланған) штоктың арқанды ілмегі бір жаққа қарай бағытталады және ілініп тұрған қалыпта тербелмеуі және бригадаға жарақтандыру, арқанды ауыстыру, және жөндеу жұмыстары кезінде кедергі келтірмеуі үшін арқанды ілмек станок –тербелменің бағанына бекітіледі.
929. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышымен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу алдында кабельдер ажыратылады, кабельді роликтердің бекітілу сенімділігі және оның орналасу дұрыстығы тексеріледі.
930. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышының кабельі бар барабан көтергіш агрегатының басқару пультінен және жұмыс алаңынан көрінетін аумақта орнатылады.
931. Кабельді роликпен бір тіке жазықтықта және ұңғымалар сағасында орналасқан барабанға кабельді орау және тарқату механизацияланған. Кабель орамдары барабанға дұрыс қатарлармен оралады.
932. СКТ көтеру және түсіру жылдамдығын СКТ салмағы, техникалық жағдайына, ұңғымаларға бітеу сұйықтарын үстеме құю, ұңғымалардан сұйықтарды төгу жылдамдығына, жел жылдамдығына байланысты жұмыс уақытында бақылау тұлғасы анықтайды.
933. СКТ көтеру кезінде СКТ жалпы ұзындығы және көтерілген трубалар мөлшері өлшенеді. СКТ түсіру кезінде СКТ түсіру тереңдігі және түсірілген трубалар мөлшері өлшенеді, өлшеулер мәліметтері «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі журналда әрбір трубаның диаметрі, қабырғаларының қалыңдығы және ұзындығы көрсетіледі.
934. Муфтілер бүйірлерінің пайдалану колоннасының ішкі қабырғаларына, үштіктер мен айқастарға тиюін болдырмау үшін бағыттаушы түтікшелер қолданылады.
Сорғыш штангілерді ұңғымаларға түсіру алдында олардың әрқайсысы қаралады, резьбалары метал щеткалармен тазартылады және графитті майлаулармен майланады.
935. Болаттың әртүрлі маркілерінен жасалған штангілерді араластыруға жол берілмейді. Штангілер көпірлерде орналастырылады және ұңғымаларға ПРС ЖҰЖ бекітілген жинақтауына сәйкес ұңғымаларға түсіріледі.
936. Штангілердің сатылы колонналарын түсіру кезінде ЖҰЖ нұсқаулары орындалады.
937. Ұңғымаларға түсірілген штангілер өлшенеді, өлшеулер мәліметтері ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Журналда әрбір түсірілген штангінің диаметрі, ұзындығы, болат маркісі көрсетіледі.
938. Ақаулары бар трубалар мен штангілер жарамсыздандырылады және жөндеу аяқталғанға дейін көпірлерден алынады.
939. Диаметрі 51 см артық сорғыш-компрессорлық трубаларды көпірлерге шығару және олардан көтеру, егер әрқайсысының ұзындығы 16 м артық болмаса, екі трубамен жүргізіледі, ал түсіру көтеру ғимараттарының тіктігі 22 м кем емес және мұнаралар дарбазалары трубалардың еркін өтуіне мүмкіндік береді. Трубаларды екі трубамен көтеру және түсіру кезінде орта муфта бекітіледі.
940. СКТ көтеру және түсірудің ұзақ үзілістері кезінде ұңғымалар сағалары герметизацияланады (жабылады).
941. Мұнара немесе мачтамен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу кезде таль арқанның жүріс тартпа ролигі арқылы өтеді, бұл кезінде арқан мұнара немесе мачта элементтеріне тимейді көпірлер мен жұмыс алаңдарымен қиылыспайды; тартпа ролик мұнара немесе мачтаның рамалық брусына, жеке фундаментке немесе арнайы құралдарға бекітіледі және металл қоршауы болады. Тартпа роликтерді бекіту үшін арқан ілмектерді қолдануға жол берілмейді.
942. Көпірлердегі түсіру-көтеру операциялары кезінде резбаны зақымданудан қорғау үшін арнайы лотоктар орнатылады.
943. Түсіру-көтеру операциялары алдында тежеуіш жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі мен сенімді әрекеттері тексеріледі.
944. Көтергіш ілмектің стопорлы болты және штроптардың ілмектен шығып кетуін болдырмайтын дұрыс жұмыс істейтін қауіпсіз автоматты ысырмасы болады.
945. Трубаларды көпірлерге түсіру және көпірлерден көтеру баяу рұқсат етілген жылдамдықтан артпайтын жылдамдықта жүргізіледі. Шығыр тежеуішінде жұмыс істейтін жұмыскер тежеуіш тұтқа саптың қозғалысының желісінен одан соққы алмайтындай бір жақта тұрады.
946. Трубаларды көпірлерден ұңғымалар сағаларына тасымалдау кезінде қолдың зақымдануының алдын алу үшін оның төменгі ұштарын қолмен бағыттауға және ұстап тұруға жол берілмейді.
947. Тасымалданатын трубалар жолында немесе оған жақын тұруға жол берілмейді.
948. Шпилькалар элеваторлар тесіктеріне өте мұқият салынады.
949. Түсіру-көтеру операциялары процесі кезінде штроптар тесіктерден шығып кетпес үшін, олар штроптарға ілмекпен бекітіледі. Ал шпилька, спайдер, гидравликалық кілттерде олардың қалыптарының белгілеуі болады.
950. Техникалық талаптар мен технологиялық регламентпен бекітілген штроптар, ілмектер, блок шкифтері және басқалар пайда болған жасырын жарықтар мен басқа ақауларды анықтау үшін ультрадыбыс дефектоскоппен зерттеледі.
951. Қосымша қондырғылар – спайдер, гидравликалық кілт және басқалар жұмыс уақытында өз еркімен қосылудан фиксацияланады.
5-бөлімше. Ұңғымаларды жер асты жөндеу
952. Жер асты қондырғыларын көтергеннен кейін ұңғымалардың пайдалану колонналарын тұздар қалдықтарынан, смолалардан, асфальтендерден, парафиндерден, тот басу өнімдерінен тазартады және техникалық талаптарға сәйкес келетін диаметрдегі шаблондармен шаблондайды.
953. Қажет болғанда жасанды кенжар (жасанды кенжар қазады) тереңдігін өлшейді.
954. Қажет болғанда жасанды кенжар мұнайгаз кәсібінде қолданылатын тәсілдер арқылы тазартылады.
955. Мұнай газ пайда болу мүмкіндігі бар фонтанды ұңғымалардағы құмды тығындарды науалармен тазартуға жол берілмейді.
956. Қажет болғанда пайдалану колонналары бұрғылау аяқталған кездегі толтыру қысымына тең қысыммен ұңғымалар бітеу сұйықтарымен толтырылады.
957. Ұңғымаларға жер асты қондырғыларын (СКТ ұшыныдағы түткішелер, газ лифтілі қалқаншалар, муфталар, тереңдік сорғыштар және басқалар). Жер асты қондырғыларын түсіру тереңдігі мұнайгаз кәсібінде қолданылатын тәсілдерді пайдалана отырып өлшенеді. Өлшеулер нәтижелері ұңғымаларды ПРС пайдалану беру актісінде көрсетіледі.
958. Сағалық қондырғыларды демонтаждау мен монтаждау және ұңғымалар сағаларын байлау жүргізіледі.
959. Ұңғымаларды игеру жүргізіледі немесе ұңғымаларға түсірілген тереңдік сорғышы іске қосылады.
960. ПРС арналған ЖҰЖ көрсетілген ұңғымалардың технологиялық параметрлері белгіленеді.
961. Ұңғымалар дебиттері, өндірілетін мұнайдың сулануы, сағадағы қысым мен температура өлшенеді. Өлшеулер нәтижелері ұңғымаларды ПРС пайдалану беру актісінде көрсетіледі.
6-бөлімше. Ұңғымаларды жөндеу кезіндегі
қауіпсіздіктің негізгі талаптары
962. Ұңғымаларды жөндеу жөніндегі өндірістік операциялар өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелері талаптары орындалған жағдайда орындалады. Жөндеу жұмыстары басталар алдында журналда тіркеле отырып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі персонал нұсқамасы жүргізіледі.
963. Жұмыс аумағының газдануы пайда болу қауіптілігі кезінде және технологиялық ортаның жарылыс өрт қауіптілігі болғанда, ұғымаларды жөндеу жөніндегі жұмыстар қауіпсіздік жөніндегі шаралар көрсетіле отырып, наряд-рұқсат беру бойынша орындалады.
964. Жұмыс аумағында агрегаттар, қондырғылар, құралдар, құрылғылар мен жарықтандыру алаңдарын орналастыру жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына, жер асты және жер үсті коммуникациялар орналасуын ескере отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген сызбаға және технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады.
965. Көтергіш агрегат, мұнара, мачта, рұқсат етілетін жел жүктемесі қауіпсіздік коэффициенті және дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген мықтылық қоры ескеріле отырып, жөндеу процесінде күтілетін максималды жүктемелерге сәйкес келеді.
Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрылғылар саға алдындағы алаңда орнатылады және дайындаушының пайдалану жөніндегі нұскамасына сәйкес ұңғымалар сағаларына қатысты орталықтанады. Құрылғыларды пайдалануға енгізу ұйымы комиссиясының актісімен рәсімделеді.
Жөндеу-оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде газ, мұнай (ағын шақырғаннан кейін) қысымымен қабаттардың гидравликалық мүмкін жарылыстары интервалында, өткізгіштік өнімді емес қабаттар интервалында орама колонналарды перфорациялауға жол берілмейді.
Перфорация уақытында ұңғымалар сағалары маңында жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында және сызбасында көрсетіле отырып, қауіпті аумақтар орнатылады және белгіленеді.
966. Топтық алаңда жөндеу жұмыстары басқа ұңғымалардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін қосымша шаралар орындалғаннан кейін, белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Бірнеше ұңғымаларда бір уақытта жұмыс жүргізу және орындаушылардың өзара әрекеттері белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жоспарымен реттеледі.
967. Қауіпті жағдай пайда болғанда, әрбір жұмыс өндіруші топтық алаңдағы барлық жұмыс істеушілерге хабарлайды. Жұмыстар қауіпті жағдай жойылғанға дейін тоқтатылады.
Пайдаланудағы ұңғымалар сағалары, трубақұбырлар, арматуралар қауіпті аумақтарда топтық алаңның басқа ұңғымаларын жөндеу кезінде мүмкін механикалық әсер етулерден қорғалады.
968. Қорғаныс экрандаушы құрылғылардың конструкциялары немесе қоршаулары аумақтардың газдану мүмкіндігін болдырмайды және ұңғымаларды басқару тораптарына еркін баруды қамтамасыз етеді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымаларды игеру тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
969. Ұңғымаларды игеру және жөндеу кезінде ұңғымалар сағасындағы мұнай, сұйықтардың төгіліп ағуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады. Сифондары бар трубалар колонналарын көтеру қажеттілігі кезінде сағалардағы сұйық деңгейін қолдай отырып, ұңғымаларға тұрақты үстеме құю жүргізіледі.
7-бөлімше. Қорытынды жұмыстар
970. Жоспарлы жұмыстарға сәйкес келетін ұңғымалар жұмыстары параметрлерін өлшеу нәтижелерін алғаннан кейін жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі жергілікті мемлекеттік органмен келісілген тәртіппен технологиялық сұйықтардың қалдықтары жойылады, техникалық дұрыс жұмыс істемейтін СКТ, штангілер, қондырғылар ұңғымалар сағаларынан жөндеу базаларына шығарылады.
971. Ұңғымаларда орнатылған қондырғылар демонтаждалады, алынады (бітеу трубақұбырлары, ыдыстар, көпірлер, сөрелер, жұмыс алаңдары, көтергіш агрегаттар және басқалар) және кезектегі ұңғымаларға ПРС жүргізу үшін немесе жөндеу базасына профилактика жүргізу үшін ауыстырылады.
972. Ұңғымалар аумақтары мүмкін жөндеу қалдықтарынан тазартылады, қажет болғанда жоспарланады және алаңдар тегістеледі.
973. Ұңғымалар сағаларындағы жер үсті қондырғылар тазартылады және қажет болғанда мұнайгаз кәсібінде қолданылатын безендірілуге қарай боялады.
974. Барлық орындалған қорытынды жұмыстар ұңғымаларды ПРС пайдалану беру актісінде көрсетіледі.
8-бөлімше. Ұңғымалардың топтық орналасуы кезінде жер асты жөндеу ерекшеліктері
975. Топта орналасқан жер асты ұңғымаларды жөндеу:
1) сағалар орталары арақашықтығы 1,5 м және одан кем қашықтықтағы топта тереңдік-сорғыш ұңғымаларды жөндеу кезінде көршілес ұңғымалар тоқтатылады және қажет болғанда бітеледі;
2) көршілес ұңғымаларды тоқтатпай топта ұңғымаларды жөндеу ЖҰЖ қарастырылған шаралар мен техникалық құралдарды іске асыру жағдайында жол берілу талаптарында жүргізіледі.
976. Топтағы басқа ұңғымаларды бір уақытта бұрғылау, ПРС екі бригадасының бір уақытта жұмыс істеуі арқылы ПРС жүргізуге жол беріледі. Жұмыс өндіруші топтағы барлық жұмыс істеушілерге ұңғымалардағы пайда болған авария (мұнай газ су пайда болу, технологиялық регламенттен ауытқу және тағы басқалар) туралы хабарлайды. Бұл жағдайда топтағы жұмыстар авариялық жағдай пайда болу себептері жойылғанға дейін тоқтатылады.
977. Топта бір уақытта жұмыс істеу жөніндегі ЖҰЖ ұйым әзірлейді, ЖҰЖ ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
978. Газ лифті топтарында ПРС кезінде жөндеу күтілетін ұңғымалардағы газды қысымдау жөндеу қондырғысын, жөндеу күтілетін ұңғымаларды сол және оң жағынан көршілес ұңғымаларға, орналастыру алдында жөндеу кезеңінде тоқтатылады.
979. Жөндеу қондырғыларын және қолданыстағы шлейфте, газ құбырларындағы арнайы техникаларды орналастыруға жол беріледі.
980. Ұңғымаларды жөндеуді мамандандырылған ұйымдар осы Талаптың және мұнай газ өндіру объектілеріндегі мұнай операцияларын жүргізуді реттейтін өнеркәсіп, өрт және экологиялық қауіпсіз еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жүргізеді.
981. Жер асты жөндеудің қауіпті объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, өндірістік бақылау қамтамасыз етіледі.
22-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау
982. Мұнай және мұнай газ кен орындарын өнеркәсіпті барлау процессінде жобада көрсетілген мұнай, газ, конденсат және сумен бірге өндірілетін ілеспелі құнды компоненттерді жинау және пайдалану қамтамасыз етіледі.
МГК орналастыру және барлау жобасында мұнай газын қауіпсіз және тиімді пайдалану шарттары әзірленеді.
ШЖК артық болатын ауада күкіртсутегі бар газдарды жандырмай немесе нейтрализацияламай шығаруға жол берілмейді. Технологиялық аппараттар мен ыдыстардың жұмыс және резервтегі қорғаныс қалқаншаларынан газ шығару газ жинау және факельді жүйеге жүргізіледі.
983. Өнімдегі меркаптандар болуын анықтау жүргізіледі және санитарлық нормаларға сәйкес газды меркаптандардан тиімді тазарту қамтамасыз етіледі.
984. Жұмыс аумағына күкіртсутегі, меркаптандар және зиянды заттар бөлінуі мүмкін құрылғылар, ғимараттар және өнеркәсіп алаңдарында және санитарлық–қорғаныс аумағы шегінде ауа ортасының мониторингі жүргізіледі.
985. Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы қатты өлшенген заттардағы және мұнай өнімдеріндегі болатын нормаларға сәйкес суда тазартылады, қабат қысымын ұстау жүйесінде пайдаланылады немесе сіңірілетін деңгейжиектерге айдалады.
Мұнай және суда күкіртсутегі пайда болуына әкелетін күкіртсутегі бактерияларын жұқтырудың алдын алу үшін, өнімді қабаттарға айдалатын суды антисептиктермен өңдеу іске асырылады.
986. Қабат суларын булану өрістеріне, жер бетіндегі су көздеріне жіберуге, жер асты суларының ластануына әкеліп соғатын жер асты деңгейжиектерге айдауға және күкіртсутегі бар, ШЖК жоғары сұйықтарды бейтараптаусыз кәріздер жүйесіне төгуге жол берілмейді.
Күкіртсутегі бар, ШЖК жоғары қабат сулары өңделеді және герметикалық ыдыстарда сақталады.
987. Объектілер аумақтарында мұнай қоқыс амбарларын орналастыруға жол берілмейді, қоқыс жинағыштардағы заттар қайта өңделеді және полигондарда жойылады.
988. МГК барлау объектілеріне арналған қоршаған ортаны қорғау негізгі шаралармен қамтамасыз етіледі:
1) жер бөлудің қауіпсіз қашықтығы мен нормативтерін сақтау;
2) жерді минималды бұза отырып, коммуникацияларды салу;
3) ластануларды, олардың пайда болғаннан кейін жою;
4) тот басудан қорғану құралдарын қолдану;
5) физикалық және радиографиялық әдістермен дәнеркелеу тігістерінің герметикалығы мен сапасын бақылау;
6) шығындалатын және қайтарылатын суды тіркеуді ұйымдастыру;
7) ауа, су және топырақ сынамасын алу;
8) санитарлық-қорғаныс аумақтарын орнату;
9) тазарту ғимараттарын салу;
10) жерді рекультивациялау және өндірістік аумақтарды көркейту.
989. Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау үшін ұйым:
1) трубақұбырлар салғаннан кейін траншеяларды көму кезінде топырақты тығыздау және жоспарлауды;
2) аумақ алаңынан жер беті суларын ұйымдастырылған шығаруды;
3) су бөгеттері арқылы трубақұбырлардың өтетін орындарында жағалық ғимараттар орналастыруды қарастырады.
990. Жер бетін және су айдындарын ластанудан қорғау үшін:
1) қалыпты технологиялық режимді қоршаған ортаның ластану қауіптілігін және мұнай және газ ұңғымаларын өнімдерінің су айдындарына түсуін болдырмайтын көмірсутектерді жинау және тасымалдаудың герметизирленген сызбасы;
2) ұңғымалар сағалары алаңдарын және резервуарларды авариялар кезінде локализациялау мақсатында бекіту;
3) қатты жабуы бар және технологиялық қалдықтарды, метео түсулерді шығару алаңдарында технологиялық қондырғыларда орналастыру;
4) сумен қамтамасыз ету және су құбырлары ғимараттарын санитарлық қорғау аумақтарын ұйымдастыру;
5) тоған-жинағыштар, тоған-буландыру және басқа да ұқсас объектілер үшін фильтрлеуге қарсы экрандар құрылғылары;
6) ұңғымаларды жөндеу кезінде ластанған ағындарды инвентарлық түптер мен ыдыстарды жою үшін қолдана отырып, жинау және шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |