Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Жарылыс қауіпті аумақтар кластарының салыстырмалылығы



бет12/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#131117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жарылыс қауіпті аумақтар кластарының салыстырмалылығы


№ р/н

Электрмен қамтамасыз ету жарылыс қауіпті аумақтар

Осы ережелердің жарылыс қауіпті аумақтарының шет ел стандарттарына класстары мен сипаттары

1

2

3

1

В-1

Жабық ғимараттардың техникалық құрылғыларында, аппараттарында, ыдыстарында орналасқан ашық ғимараттар кеңістіктері



Аумақ 0

Тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы жарылыс қауіпті қоспа болатын кеңістік



2

В-1а

Жабық ғимараттардың техникалық құрылғыларында, аппараттарында, ыдыстарында орналасқан жабық ғимараттар кеңістіктері



Аумақ 1

Қалыпты пайдалану жағдайындағы жарылыс қауіпті қоспаның болуы мүмкін кеңістік



3

В-1а

Ашық ғимараттардың техникалық құрылғылар, аппараттар, ыдыстар (осы және басқа класстар аумақтарының шекаралары ерекше баяндалады) маңындағы ашық кеңістіктер



Аумақ 1

Қалыпты пайдалану жағдайындағы жарылыс қауіпті қоспаның болуы мүмкін кеңістік



4

В-1г

Жабық ғимараттардың техникалық құрылғылар, аппараттар, ыдыстар (осы және басқа класстар аумақтарының шекаралары ерекше баяндалады) маңындағы жабық кеңістіктер



Аумақ Зона 2

Қалыпты пайдалану жағдайдағы жарылыс қауіпті қоспаның болуының аз ықтималдығы кезіндегі кеңістік, ол пайда болған жағдайда ол қысқа уақыт мерзімінде ғана болады.



Ескерту: Кез-келген 0 және 1 класстар аумақтарындағы (есіктер, терезелер, желдеткіш саңылаулар және басқалар) жарылыс қауіпті хабарлары бар жабық кеңістіктер жарылыс қауіпті болып саналады. Олардың жарылыс қауіптілік класы хабарлайтын аумақтың жарылыс қауіптілік класына сәйкес келеді.

_________________________

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына

6-қосымша

МГК барлау объектілерін тазарту және кәсіби

трубақұбырларды сынау кезіндегі қауіпті

аумақтардың шекаралары


р/н


Көрсеткіштер атаулары

Сынау шарттары

Шартты

ТНГ диаметрі

300 мм дейін

500-800 мм

1

2

3

4

5

1.

Трубақұбырлар діңінің екі жағына тазарту кезіндегі қауіпті аумақ радиусы, м

пневматикалық, гидравликалық

40

60

2.

Трубақұбырлар осінің екі жағына сынау кезіндегі қауіпті аумақ радиусы

пневматикалық, гидравликалық

82,5 кгс/см2 дейін

82,5 кгс/см2 артық


100
75

100


150-200
75

100


3.

Тазарту құрылғысының шығысына қарай бағыттағы және трубақұбырлар бүйірінен бітегіш құрылғысының радиусы

пневматикалық, гидравликалық

82,5 кгс/см2 дейін

82,5 кгс/см2 артық


600
800

900


800
800

1200

Ескерту: қашықтықтар мұнай және газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздік талабына сәйкес көрсетілген.

____________________


Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына

7-қосымша

Мұнай дайындау құрылғысын пайдалануға арналған

технологиялық регламентті әзірлеу жөніндегі ұсынымдар

1. Жалпы талаптар
1. Ұсынымдар МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, пайдалануға арналған технологиялық регламенттің құрамын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін, келістіру және бекітуді анықтайды.

2. Технологиялық регламент негізгі технологиялық құжат болып табылады және процессті немесе оның жеке сатыларын (операциялар) жүргізудің технологиясын, өнім өндірудің режимі мен технологиясын, өнім сапасының көрсеткіштерін, қауіпсіз жұмыс жағдайларын және жобалық құжаттамаға сәйкес қолданыстағы техникалық құжаттарды анықтайды.

3. Технологиялық регламент жұмыстың қауіпсіз жағдайын, қондырғыларды авариясыз қолдануды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды, өнім сапасының өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

4. МДҚ және ҚҚҒ пайдаланушы қызметкерлер Технологиялық регламентті, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары және аварияны жою жоспарларын басшылыққа алады.



2. Технологиялық регламентті әзірлеу, келістіру және бекіту
5. Технологиялық регламент технологиялық процессте қолданылатын мұнай дайындау, көмекші құралдар мен ғимараттар кешенді орналастыруға әзірленеді.

6. Қолданыстағы құрылғыларда жаңа қондырғылар мен технологиялық процесстерді іске қосу және сынау кезінде бекітілген регламентпен бірге жаңа регламент әзірленеді.

Регламентті бекітетін ұйымның шешімі бойынша қолданыстағы регламентке толықтырулар әзірлеуге жол беріледі.

7. Технологиялық регламентті әдетте, мұнай газ кен орындарын орналастыру, әзірлеу және пайдалану жобасын әзірлеген аттестацияланған немесе жобалау ұйымы әзірлейді.

8. Ұйымда әзірленген Технологиялық регламентті ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

Ұйымның техникалық жетекшісі әрбір нақты жағдайда Технологиялық регламентті әзірлеуге қатысатын өндірістік және техникалық қызметтер, ұйымдарды анықтайды.



3. Регламенттік әрекет ету мерзімі
9. Технологиялық регламенттің әрекет ету мерзімі жобалау шешімдері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдалану ұйымдарының шешімі бойынша анықталады.

10. Технологиялық регламент келесі жағдайда қайта қарастырылады және толықтырылады:

1) өндірістік және технологиялық жағдайлар өзгергенде;

2) қауіпсіздік декларирлеу шарты өзгерген жағдайда;

3) өнеркәсіп, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбек және қорашаған ортаны қорғау жөніндегі ережелер мен нормативтік құжаттар өзгергенде;

4) қосымша жобалық шешімдер мен қауіпсіздік талаптары регламентке сәйкес келмегенде;

5) жобалық шешімдер мен МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды пайдалану процессінде қауіпсіздік шарттарының орындалмауы анықталғанда;

6) технологиялық өнімнің қанағаттанарлықсыз сапасы кезінде;

7) жоғары тұрған ұйымның, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектордың шешімі және нұсқауы бойынша.

11. Технологиялық регламент өзгерген жағдайда бекіту процедурасы Технологиялық регламент және жобалық құжаттарды дайындау шарттарына сәйкес келеді.



4. Технологиялық регламентті рәсімдеу
12. Технологиялық регламент Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы конструкторлық құжаттар, мәтінді құжаттарға сәйкес рәсімделеді.

13. Әрбір технологиялық регламенттің титуль бетінде және Технологиялық регламенттің барлық құжаттамасы бойынша колонтитулында көрсетіле отырып, нөмірі, индекс немесе ұйымда қабылданған тәртіптегі белгілері беріледі.

14. Титулды беттің ұсынылатын үлгісі:

___________________________________________________________

(ұйым атауы)
«БЕКІТІЛГЕН»

_____________________

(лауазымы немесе

______________________

құжат атауы)

«___» ________________

(күні)
Мұнай дайындау құрылғысын
пайдалануға арналған
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ
________________________________________________

(объект атауы)


Әзірлеушілер:

(ұйым, лауазымы, аты-жөні, тегі)

Құжат индексі:

Әрекет ету мерзімі:

15. Технологиялық регламенттер даналарының саны, МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарда және басқа бөлімшелерде сақтау шарттары оны пайдаланушылар санына қарай пайдалану ұйым анықтайды.

16. Технологиялық регламенттің ұйымның техникалық қызметімен бекітілген көшірмелері мен үзінділері жеке құрылғылар және МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарда жұмыс істейтін мүдделі ұйымдар басшыларына басшылыққа алу және технологиялық режимді жүргізу үшін беріледі.

17. Қолданыстағы Технологиялық регламентке шикізат сапасының өзгеруімен байланысты, жүктемелердің, режимнің өзгеруіне, қондырғыларды ауыстырумен және басқа шарттарға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Өндірістік шарттардың негізделген өзгерістері кезінде МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды модернизациялау және реконструкциялау кезінде жаңа технологиялық регламент әзірленеді.

18. Елеусіз өзгерістер мен толықтыруларды ұйымның техникалық қызметтері енгізеді және ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

19. Өзгерістер үлгі бойынша рәсімделеді және Технологиялық регламентпен бірге сақталады.





№№

р/н


Бөлім, бет №

Қолданыстағы редакция

Жаңа редакция

Өзгерістер мен толықтырулар негіздемелері

1

2

3

4

5

20. Өзгерістерді тіркеу беті үлгі бойынша жүргізіледі және өзгерістер мен толықтыруларды әрі қарай жазу үшін регламентке енгізіледі.




ИӨзг.

Парақ (беттер)нөмірі

Құжаттағы барлық парақ (бет)

Құжат №

Алып жүретін құжаттың кіріс №

Қолы

Күні

өзгертілген

ауыстырылған

жаңа

жойылған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




5. Технологиялық регламент мазмұны
21. Технологиялық регламент мазмұнына МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттардың жұмыс циклі бойынша бөлімдер енгізіледі:

1) өндірістік объектілердің жалпы сипаттары;

2) бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер, дайындалатын өнімдердің сипаттары;

3) өндірістік көлемнің технологиялық процессінің және техникалық сызбасының сипаттамасы;

4) техникалық режим нормалары;

5) технологиялық процесті бақылау және автоматтау;

6) өндірістік объектілерді қалыпты және авариялық жағдайда қауіпсіз іске қосу және тоқтатудың негізгі талаптары;

7) өндірісті қауіпсіз пайдалану. Аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі және қауіпті жағдайдағы әрекеттер;

8) өнім өндіру кезіндегі қалдықтар, ағынды сулар, атмосфераға тастаулар, оларды жою әдістері, қайта өңдеу;

9) технологиялық қондырғының, реттеуші және қорғаныс қалқаншаларының, басқару жүйесінің қысқаша сипаттары;

10) нормативтік-техникалық құжаттар тізімі;

11) өнім өндірудің технологиялық сызбасы (графикалық бөлігі);

12) МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды, олармен байланысты объектілерді орналастырудың ситуациялық жоспары.

6. Технологиялық регламент тарауларының мазмұны
22. Өндірістік объектілердің жалпы сипаттамасы:

1) өндірістік объектілер атауы, оның мақсаты, пайдалануға берілу жылы, орналасқан орны, ведомостволық бағыныстылығы;

2) технологиялық регламентті әзірлеген және жобаны орындаған ұйым атауы;

3) технологиялық объектілер желілер (ағындар) саны және олардың мақсаты.

23. Бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер, дайындалатын өнімдердің сипаттары:

1) өнімнің техникалық атауы, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес сапасы;

Пайдалану саласы. Мәліметтер 1 - кесте үлгісі бойынша келтіріледі.

1-кесте
Бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер,



дайындалатын өнімдердің сипаттары


№ р/н

Дайындалатын өнімнің шикізат, материалдар, реагенттерінің атауы

Мемлекеттік немесе салалық стандарт, ұйым стандартының нөмірі

Тексеруге міндетті сапа көрсеткіштері

ГОСТ, ОСТ бойынша нормалар (қажетіне қарай толтырылады)

Дайындалатын өнімді пайдалану саласы

1

2

3

4

5

6

Ескерту: Тексеру үшін сапа көрсеткіштеріне металдар тот басуын, адам организміне және қоршаған ортаға зиянды және қауіпті басқа заттар бөлу мүмкіндігі бар аралық өнімдегі және дайын өнімдердегі компоненттердің шикізатта болуын реттейтін көрсеткіштер енгізіледі.

2) шикізаттар, реагенттер, дайын өнімдер және өндіріс қалдықтарының жарылыс өрт қауіптілік және улылығы бойынша қасиеттері «Өндірісті қауіпсіз пайдалану» тарауында келтіріледі.

24. Өндірістік объектілердің технологиялық процесстері мен технологиялық сызбасының сипаты:

1) регламенттің графикалық қосымшасы болып табылатын сызбасына сәйкес, технологиялық процесстердің сипаты, бірізділігі, сипаты тарауда келтіріледі;

2) технологиялық сызбаның сипаты процестің негізгі технологиялық параметрлері (температура, қысым, процеске қатысатын және технологиялық сызба құрамына енгізілген негізгі қондырғылар) көрсетіле отырып, шикізаттың түсуінен бастап, технологиялық процесс сатылары бойынша келтіріледі. Сызба мазмұны бойынша автоматтандыру және блокировкалау, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныстың негізгі жүйелері көрсетіледі.

25. Технологиялық режим нормалары:

1) үзіліссіз және мерзімді процестерге арналған технологиялық режим нормалары 2 кестедегі үлгі бойынша келтіріледі;

2-кесте
Технологиялық режим нормалары


р/н


Процесс сатысының, қондырғылар, атаулары, редим көрсеткіштерінің атауы

Сызбадағы аспап позициясының нөмірі

Өлшеу

бірлігі


Технологиялық параметрлердің рұқсат етілген шектері

Өлшеу аспаптарының талап етілетін нақтылық класстары

Ескерту

1 1

2

3

4

5

6

7

2) «Процесс сатысының, қондырғылар, атаулары, режим көрсеткіштерінің атауы» бағанында процестің әртүрлі сатысындағы қондырғылар мен сепараторлардағы (тұндырғыштардағы, электрдегидраторлардағы, колонналар, пештер, реакторлар, жылу алмасу және басқа аппаратуралардағы) режимнің реттелетін көрсеткіштері: температура, қысым, шығын, операция уақыты, тиелетін немесе берілетін компоненттер мөлшері және қауіпсіз пайдалануға және өнім сапасына әсер ететін басқа көрсеткіштер көрсетіледі;

3) БӨҚАҚ құралдарын маркирлеу кезінде басқару щиттерінде құралдар позицияларының нөмірлері технологиялық сызбадағы позициялар нөмірлеріне сәйкес келеді;

4) өлшеу бірліктері қолданыстағы метрикалық жүйеде келтіріледі;

5) режимнің барлық көрсеткіштері, соның ішінде қысым, температура қауіпсіз пайдалануды және берілген сападағы дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін мүмкін рұқсат етулерімен көрсетіледі. Жоғары және төменгі шектік мәндерді шектеуге жол беріледі. Мысалы: «вакуум, кем емес», «температура артық емес»;

6) пештерді қолдану арқылы өнім өндіру кезінде «Процесс сатысының, қондырғылар, атаулары, режим көрсеткіштерінің атауы» бағанында пештердегі (оттегінің болуы, тракт бойынша разрядталу, шығатын газдар температурасы) отын жануының тиімді режимін қолдау жөніндегі негізгі талаптар қосымша енгізіледі.

26. Технологиялық процессті бақылау:

1) технологиялық процестің барлық сатылары бойынша технологиялық процесті аналитикалық бақылау 3 кесте үлгісі бойынша баяндалады.

3-кесте
Технологиялық процесті аналитикалық бақылау


р/н


Процесс сатысының атауы, анализденетін өнім

Сынама алу орны (БӨҚАҚ

құрылғылары)



Бақыланатын көрсеткіштер

Бақылау әдістері (анализдеу әдістері)

Норма

Бақыдау жиілігі

1


2

3


4

5

6

7

Кесте басында зертханалық бақылау нөмірі, содан кейін автоматты бақылау нормалары көрсетіледі:

2) егер бақыланатын өнімдерде металдың тот басуын және басқа зиянды заттардың бөлінуін тудыратын агрессивті компоненттер болса, онда осы компоненттердің рұқсат етілген болу шектері және бақылау әдістері көрсетіледі;

3) сигнал беру, блокировкалау жүйлері арқылы технологиялық процесті бақылау 4 кесте үлгісі түрінде келтіріледі.

27. Қалыпты және авариялық жағдайда өндірістік объектілерді іске қосу және тоқтатудың негізгі шарттары:

1) тарауды өндірістік объектілерді негізгі шарттар, іске қосу және тоқтату тәртібі көрсетіледі. Басқа технологиялық және көмекші объектілермен өзара әркеттер, шикізатпен, электр энергиясымен, бумен, сумен, ауамен, инертті газбен және басқа материалдармен және ресурстармен қамтамасыз ету көрсетіледі;

2) жылдың суық уақытында іске қосу және тоқтату ерекшеліктері көрсетіледі;

3) жарылыс өрт қауіпті өндірістерді іске қосу және тоқтату тәртібінде жұмыстың бірізділігі, олардың бұзылу салдары көрсетіле отырып, талап етілетін режимді сақтау баяндалады.

4-кесте
Блокировкалар мен сигнал беру тізімі


№ р/н

Параметрлер атауы

Қондырғылар атауы

Соңғы

пара-


метрлер

Белгіленетін шектер шамасы

Блокировка

Сигнал беру

Ажырату, іске қосу, қайта іске қосу және басқа әрекеттер жөніндегі операциялар

мини-

малды


макси-

малды


мини-

малды


макси-

малды


мини-

малды


макси-

малды


11

2

3


4

5

6

7

8

9

10

11

28. Өндірісті қауіпсіз пайдалану. Аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі:

1) тарауда өртке, жарылысқа, улануға әкеліп соғатын қолда бар өндірістік қауіптіліктер және өндірістің минималды деңгейін және жұмыскерлердің тиімді санитарлық-гигиеналық еңбек шарттарын қамтамасыз ететін техникалық, технологиялық және ұйымдастыру шаралары кешені көрсетіледі;

2) пайдаланылатын және алынатын заттардың жарылыс өрт қауіпті және токсикалық қасиеттері мемлекеттік стандарттар, еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесіне, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес сипатталады және 5 кесте үлгісі бойынша келтіріледі;

5-кесте
Шикізат, жартылай өнімдер, дайын өнімдер және өндіріс

қалдықтарының жарылыс өрт қауіпті, токсикалық қасиеттері


р/н


Шикізат, жартылай өнімдер,

дайын өнімдер және өндіріс

қалдықтарының атауы


Агре-

гатты жағдайы



Қауіптілік классы

Температура

Концентрациялық шегі

Токсикалық сипаты (адам организміне әсері)

Өндірістік ғимарттардағы жұмыс аумағы ауасының шектік жіберілетін концентрациялары

тұтану

жалындау

өзіндік жалындау

Төменгі шек

Жоғарғы шек

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

3) технологиялық блоктарды жарылыс өрт қауіптілігі бойынша классификациялау өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормативті техникалық құжаттар талаптарына сәйкес іске асырылады, 6 және 7-кестелер үлгілері бойынша келтіріледі;

6-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет