Модуль 04: «Іргелі білім»


Дисперстік жүйелердің жіктелінуі



бет29/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Дисперстік жүйелердің жіктелінуі
Барлық ғылым не өндіріс салалары сияқты коллоидты химия да өздерінде кездесетін өзіндік ерекшеліктер мен қасиеттерге, өлшемдер мен көрсеткіштерге орай жіктеле келіп, сұрыпталады. Әр кезде коллоидтық және дисперстік жүйелерді әр түрлі принциптермен классификациялады. Енді сол әр түрлі принципке негізделген дисперстік жүйелердің классификацияларына қысқаша тоқталайық.

  1. Дисперстілік көрсеткіші бойынша. Дисперстілік бойынша немесе дисперсті жүйелердегі дисперсті фаза өлшемі бойынша, яғни дисперсті бөлшектің өлшемін, ұнтақтылығын көрсететін өлшеміне орай жіктеу: ірі дисперсті; жоғары дисперсті (микрогетерогенді); коллоидты; молекулалық (гомогенді).

Мұндағы ірі дисперсті жүйенің бөлшектері сүзгіш қағаздан өтпейді, кәдімгі микроскопта көрінеді, өзінен ауырлау ортада жүзгін ретінде аз уақыт болып, тез отырады, ал өзінен ауырлау ортада жүзгін ретінде жүре береді. Жүйе жоғары дисперсті болса, біршама тұрақты, бөлшегі ұсақтау, сүзгіш қағаздан оңай өтсе де, жартылай өткізгіштерден өтпейді, кәдімгі оптикалық микроскопта көрінбейді, дисперсті ортада жүзгін ретінде ұзақ сақталады.

  1. Дисперстік фаза мен дисперсті ортаның агрегаттық күйіне байланысты. Белгілі үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік жүйені 9 түрге бөлуге болады, 1 –кесте.






Дисперсті
фаза

Дисперсті
орта

Жүйе
белгісі

Жүйе түрі

Мысалдар

1

қатты

сұйық

қ/с

суспензиялар

жүзгін, металл золі

2

сұйық

сұйық

с/с

эмульсиялар

сүт, мұнай, май

3

газ

сұйық

г/с

көбіктер

сабын көбігі

4

қатты

қатты

қ/қ

қатты коллоид ертінді

минералдар, қортпалар

5

сұйық

қатты

с/қ

қуыс дене, гель капилляр

топырақ, балшық

6

газ

қатты

г/қ

ксерогельдер

пемза, активті көмір

7

қатты

газ

қ/г

аэрозоль, шаң түтін

түтін, шаң

8

сұйық

газ

с/г

тұман

тұман, бұлт

9

газ

газ

г/г

ауа

атмосфера, ауа

Жоғары дисперсті жүйелерді зольдер дейді және осыған орай дисперсті ортаның сипатына сәйкес аэрозольдар, гидрозольдер, органозольдер болып бөлінеді. Дисперстік фаза қатты, ал дисперсті ортасы сұйық болып келген микрогетерогенді жүйелерді суспензиялар (жүзгіндер) деп атайды, ал фаза да, орта да сұйық болса, оны эмульсиялар дейді.

  1. Дисперстік фазаның бөлшектерінің өзара әрекеттесуі бойынша. Бұл классификация бойынша дисперстік жүйелер дербес (бос) және байланысқан дисперстік жүйелер болып бөлінеді.

Дербес дисперстік жүйелер дегеніміз – дисперсті фаза мен дисперсті орта бір-бірімен өзара байланыспай әрқайсысы бос жүретін жүйе. Оларға мысал, жүзгіндер, эмульсиялар, эмульсиялар, жалпы зольдер жатады.
Байланысқан дисперстік жүйелерде дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара берік молекулалық күштер бойынша байланысқан. Оған капиллярлы кеуек заттар, диафрагмалы денелер, жұқа пленка – мембраналар, кәдімгі полимерлер, қатты ертінді- қортпалар жатады.

  1. Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесуі бойынша. Дисперті фаза мен дисперсті ортадағы заттар фазааралық беткі қабатта әрқашанда молекуааралық әсерлесу күшінің есебінен әрекеттесіп жатады және мұндағы әрекеттесу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Мінеки, осы әрекеттесу шамасына орай дисперсті жүйелер лиофильді және лиофобты болып бөлінеді. Лиофидьді жүйелерде тобына жататын дисперсті жүйелердегі дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара әрекеттеседі. Мұның нәтижесінде жалпы химиядан белгілі сольватацияға (еріткіш су болғанда гидротация) ұқсас, дисперсті фаза бөлшегінің айналасында дисперсті орта бөлшектерімен қоршалған қабат пайда болады. Ал, лиофобты жүйелер тобына енетін дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар нашар әрекеттеседі.

Дисперсті жүйелерді тағы да екі улкен топқа бөлуге болады: Жүзгіндер (суспензиодтар) және молекулалық коллоидтар. Жүзгіндер дегеніміз өзін қоршаған ортадан анық белгіленгін физикалық шегі бар, атомдар немесе молекулалардың бірігіп өз алдына жеке агрегат құраған бөлшектерден тұратын жоғары дисперсті, гетерогенді жүйелер. Ал, молекулалық коллоидты жүйелер дегеніміз, жеке кинетикалық өлшем ретінде болатын молекулалардың сольваттануын өздігінен құрайтын, тұрақты және қайтымды бір фазалық гомогенді жүйелер. Мұндағы ірі молекулалардың өлшемі коллоидтық дисперстілік өлшеміне шамалас болады. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда жоғары молекулалық қосылыс ертінділері дисперсті молекулалық коллоидты жүйелерге жатады, ал олардың гомогенділігі беткі бос энергия, фазааралық шек жайлы ойлауға да мүмкіндік қалдырмайды. Бұл да олардың өзіне ғана тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет