45
қолданылады. Бұл
мөлшер сөзінің ғылыми мәтіндерге тән ұғым екенін, сондай-
ақ ресми мәтіндер тіліне тиесілі сөз екенін аңғартады. Ал
шама сөзі
мөлшер,
өлшем сөздеріне қарағанда, көркем әдеби стиль мен публицистикалық стильді
мәтіндерде жиі қолданылған. Бұл аталған сөздің семантикалық табиғаты
ресмиліктен гөрі, еркін қолданысқа бейім екенін түсіндіреді.
Сондай-ақ 7 миллионнан астам сөзқолданыстан тұратын мәтіндік базадағы
36265 негізсөз сөзтізбесінің жиілігінде
мөлшер сөзінің қолданылыс жиілігі 813-
орынды [167, 751 б.],
шама сөзі 751-орынды [167, 750 б.],
өлшем сөзі 1225-
орынды иелеген [167, 759 б.]. Ал, лингвистикада мөлшер категорияның ғылыми
атауы ретінде беріліп жүрген
сан-мөлшер сөзі
ғылыми мәтінде бір-ақ рет
қолданылып, өзге стильді мәтіндерде мүлде қолданылмаған [167, 527 б.]. Міне,
бұл сандық фактілер зерттеу нысаны етілген категорияны
сан-мөлшер
категориясы, өлшем категориясы, шама категориясы деп алмай,
мөлшер
категориясы деп алуымыздың себебі, оның кеңінен қолданылатын сөз болуымен
қатар, ғылыми тілге тән ұғым екенін есепке алуда жатқанын анықтай түседі.
Әдетте кез келген категорияны өзге категориялардан ерекшелеп тұратын
басты-басты белгілер болады. Ол кейде семантикалық та, грамматикалық та,
тіпті одан басқа да белгілер болуы мүмкін. Өте ауқымды категория болуына
қарамастан, мөлшер категориясының да өзін құрайтын микроұғымдардың бәріне
ортақ, жалпылық сипаттағы мынадай басты белгілері бар:
- мөлшер семантикалы тілдік бірліктер бір ұғым аясында
(микромөлшер
ұғымдардың бірінде) сатылы тіресім (градуальная оппозиция) құруы керек;
- мөлшер семантикалы тілдік бірліктер «қанша?», «қаншалық?» деген
грамматикалық сұрақтың аясында жатуы тиіс;
- мөлшер семантикалы синтаксистік, морфологиялық бірліктердің түзілуіне
табиғаттағы бір зат пен екінші затты, бір құбылыс
пен екінші құбылысты
салыстыру, ұқсату негіз болуы, бірі өлшеуші, екінші өлшенуші қатынасынан
туындауы тиіс;
- әрбір микромөлшер ұғымдардың тілдік көрсеткіштері тілдің барлық
деңгейінде болуы тиіс.
Бұдан тыс мөлшер категориясын құраушы жекелеген микромөлшер
ұғымдары аясында танылатын, олардың өзіне ғана тән көптеген белгілері бар.
Алайда оның бәрін мұнда жеке-жеке санамалаудың реті келмейді.
Сондықтан
ендігі кезекте мөлшер категориясының «парадигма», «тарихи парадигма»
ұғымдарымен арақатынасына назар аударайық.
Біздің зерттеуіміздің тірек ұғымдарының бірі саналатын «парадигма»
терминін XX ғасырдың 60-жылдары америкалық философ Томас Кун ғылыми
айналымға енгізген. Бұл «ғылыми парадигма» атауымен беріліп, ғылымның даму
мен қоғам өмірінің белгілі жүйесін, заңдылықтарын сабақтастықта қараумен
байланысты туған. Аталған термин ең алғаш тіл білімі саласында қолданыс
тапты. Тіл білімінде тілді парадигмалық аспектіде зерттеудің лингвистикалық
негізі Ф. де Соссюрдің еңбектерінен бастау алады [168, 155-159 бб.]. Кейін келе
оның қолданыс аясы кеңейіп, 1960-1970 жылдардан кейін философия, саясаттану,
педагогика, психология, әлеуметтану сияқты гуманитарлық ғылым салаларында
кеңінен қолданыла бастады. Осымен байланысты әртүрлі сала ғалымдары
аталмыш терминге
өзіндік тұрғыдан келіп, өзінше анықтама береді.
46
Тіл білімі саласында да «парадигма» ұғымы кеңінен қолданылып, әртүрлі
анықтамалар беріліп жүр. Ал қазіргі қазақ тіл білімінде «парадигма» ұғымы екі
түрлі ұғымда түсіндіріледі: бірі – тар мағынада, лексикология, семасеологияның
нысаны ретінде қарастырылып, сөздердің синтагматикалық қатынасы аясында
танылатын, бір ғана синтаксистік позицияда бірінің орнын екіншісі ауыстыра
алатын, ішкі дифференциалды семасы бар синонимдік қатарлар ретінде
түсіндіріледі; ал кең мағынада тілдің барлық деңгейін қамтитын әмбебап ұғым
ретінде қаралады. Яғни парадигматикалық қатынастар аясында танылатын
лексика-семантикалық
топ,
морфологиялық
формалар,
синтаксистік
құрылымдар, т.б. тілдік бірліктердің ішкі бірлігі
мен қарсылықты қатынасы
ретінде түсіндіріледі.
Отандық тіл біліміндегі беделді анықтамалық сөздіктерде «парадигма»
терминіне мынадай анықтама берілген:
- «Парадигма (грек. paradeigma – мысал, үлгі): – 1. Тілде олардың мүшесінің
формалды немесе семантикалық ортақтық принципі бойынша оңашаланған және
сонымен бірге осы негіздердің біріне сүйене отырып, бір-біріне қарама-қарсы
қойылған белгілі деңгейдегі лингвистикалық единицалардың (топтардың)
жиынтығы; 2. Жекелеген семантикалық белгілері және қарама-қарсы
грамматикалық мағыналары бірігіп, бір лексеманы білдіретін сөз формаларының
жүйесі. Мыс. Сөз П. оның барлық сөзформаларын сөздік құрайды (сөздіктерді,
сөздіктермен, сөздікті және т.б.)» [169, 264 б.].
- Ғ.Қалиев: «Парадигма грек сөзі (paradigma). Тура аударғанда үлгі деген
мағынаны береді. Тіл білімінде бірнеше мағынада қолданылады: 1) кең мағынада
бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы
біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы; 2) осындай топтар мен жиынтықтардың
жасалу моделі (үлгісі) мен схемасы (сызбасы). Тіл бірліктері тобының жүйесіне
қарай парадигма
морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және
сөзжасамдық
болып жіктеледі», – деп түсіндіреді [170, 245 б.]. Тілдік терминдердің ұғымдық
аясы, функционалды әлеуеті әуелгі қолданысқа енген кезінен әлдеқайда кеңейіп,
артып отыратынын ескерсек, әрине кең мағынадағы қолданысын құптаймыз.
Яғни «парадигма» тілдің барлық деңгейінде категория құрайтын тілдік
бірліктердің жүйелі ұйымдасқан тобын көрсетеді. Тіл деңгейлеріндегі категория
құраушы тілдік бірліктерден танылатын мұндай
бірлік пен
қарсылық мөлшер
категориясынан да көрінеді. Мысалы, мөлшер
категориясының жекелеген
микроұғымдары бірін-бірі қайталамайды, өзінше ерекше және олар жалпы
«мөлшер» грамматикалық мағынасы аясында бірігеді. Сондай-ақ әрбір мөлшер
мәнді тілдік бірліктер дифференциалды сема жағынан бір-бірінен ерекшеленеді,
ал грамматикалық мағына, лексика-семантикалық топ аясында олар бірігіп,
бірін-бірі толықтыратын қатарлар құрайды.
«Тарихи парадигма» дегенде «тарихи» сөзі көне, ескі дегенді білдірмейді.
Керісінше,
біртұтас уақытты, тілдік құбылыстардың тууынан, бүгініне дейінгі
барлық кезеңдерді тұтастай қамтиды. Демек,
тарихи парадигма – тілдің барлық
Достарыңызбен бөлісу: