Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет113/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Утилитарлық
ая
Деонтологиялық
ая
Қарым-қаты-
нас аясы
Экологиялық
ая
Қаты-
сушылар-
ды жинау
Ақпаратты 
келісім
Өзара байланыс
Ынтымақ-
тастық
Мәдени 
сезімталдық
Деректерді 
жинау
Зиянды 
болдырмау
Кері әрекеттерден 
аулақ болу
Өз көзқараста-
рын таңудан 
аулақ болу 
Шет қалдыруды 
болдырмау
Зерттеу 
нәти-
желерін 
хабарлау 
Құпиялылық
Әділдік
Қатысушылар 
тарапынан 
расталуы 
Ықыластық 
және жедел 
қарым-қатынас 
7.3-кесте 
Флиндерстің әдеп аясы (Flinders, 1992, 113-б.)


179
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
туда «өзара әрекеттесу» түсінігі «зерттеушінің неге қол жеткізуге 
тырысып отырғанын толық түсінуін тану үшін қатысушылардың 
іс-әрекет сигналдарын» іздеуі керек дегенді білдіреді (Stutchbury & 
Fox, 2009, 494-б.). Әдеп тұрғысынан ойлаудың утилитарлық аясы 
зерттеуге қатысушыларға пайдасын тигізіп, белгілі бір жағдайда 
адамгершілік тұрғысынан оңтайлы шешім қабылдау дегенді таны-
тады. Мысалы, зерттеуші белгілі бір зерттеу әдіснамасын алдын 
ала анықтап, әзірлеп қойған болса да, егер баламалы әдіснама 
зерттеуге қатысушыларға көбірек пайда әкелетін болса, ол зерттеу 
әдістері жөніндегі шешімін өзгертуге дайын болуы керек.
Флиндерстің әдеп тұрғысынан ойлауының экологиялық аясы 
Сидхауз пирамидасының сыртқы талаптар деңгейін толықтырады. 
Экологиялық ая «не зерттеуші, не зерттеуге қатысушы жағдайды 
толық бақылай алмайды және жұмыс жүргізілетін жағдаят әдеп 
мәселелерін тудыруы мүмкін» дегенді білдіреді (Stutchbury & Fox, 
2009, 493-б.). Флиндерстің қатынас аясы (Flinders, 1992) Сидхауз 
пирамидасының ең жоғары деңгейіне (индивидуалды деңгей) сәй-
кес келеді. Қатысушыларға зерттелетін мәселеге өз көзқарастарын 
таңудан аулақ болуы, ынтымақтастыққа дайын болуы және тал-
данған деректерді қатысушылардың растауын іздеуі қатынас ше-
гінің бөлігі болып табылады.
Сонымен, біз әдеп тұрғысынан ойлаудың түрлі бағытын, дең-
гейін, үдерісін талдадық. Сидхауз пирамидасы мен Флиндерстің 
әдеп аясы адамгершілік теориясына негізделген жан-жақты әрі ло-
гикалық талдауды қамтиды (Flinders, 1992; Seedhouse, 1998).
Бұл тарауда біз «зерттеу әдебі» ұғымының тарихи, философи-
ялық және әдіснамалық маңызды қырларын білім беру зерттеу-
лері мәнмәтінінде қарастырдық. Зерттеу әдебі бағытындағы басты 
ұғымдарды, негізгі қағидаттар мен мәселелерді ашуға тырыстық. 
Оқырманды зерттеушінің әдеп тұрғысынан ойлауы мен әдеп бол-
мысын қалыптастырудың маңызды негіздерімен таныстыру мақ-
сатында зерттеу әдебі саласындағы басты деген еңбектер қарасты-
рылды. Дегенмен тарауда ұсынылған материалдарды білім беру 
зерттеу саласындағы әдеп мәселелеріне қатысты толыққанды ақпа-
рат деп санауға болмайтынын атап өткен жөн. Біз оқырманның 
білім беру зерттеулеріндегі зерттеу әдебінің негіздері мен кейбір 
мәселелерін ары қарай қарастыруды жалғастырады деп сенеміз.


180
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет