Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Әдеп кодекстері және ғылыми зерттеулердің



Pdf көрінісі
бет110/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.3 Әдеп кодекстері және ғылыми зерттеулердің 
институционалдық әдеп комитеттері
Адамдардың қатысумен жүргізілетін зерттеулерде әдеп нор-
маларын реттеп отыру бірнеше деңгейден өтеді: 1) заңнамалық 
деңгей; 2) кәсіби қауымдастықтар мен бірлестіктердің әдеп кодек-
стері және 3) әдеп сипатының жеке тұлғалық деңгейі және дербес 
әдеп кодекстері. Дербес деректерді қорғауда аталған үш деңгейдің 
қай-қайсысы да маңызды бөлік ретінде қарастырылады. Коэн мен 
оның телавторларының көзқарасынша, дербес деректермен (яғни 
оны берген тұлғаны бірегей анықтайтын деректер) жұмыс істеудің 
заңнамалық деңгейде екі принципі бар, олар: 1) дербес деректер 
тек нақты да заңды мақсаттар үшін ғана сақталуы керек және 2) 
рұқсат етілмеген дербес деректерді пайдалануға немесе өзгертуге, 
ашуға немесе жоюға, сондай-ақ олардың кездейсоқ жоғалып ке-
туіне қарсы тиісті қауіпсіздік шаралары қабылдануы тиіс (Cohen 
et al., 2011, 99-б.). Заңнамалық деңгейде дербес деректерді ретте-
уге арналған түрлі құқықтық актілер мен заңдар, атап айтқанда, 
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылдың 21 
мамырындағы Қазақстан Республикасының Заңы бар. Аталмыш 
Заңның мақсаты «адамдар мен азаматтардың дербес деректерін 


172
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
жинап, өңдеу кезіндегі құқықтары мен бостандықтарын қорғау-
ды» қамтамасыз ету болып табылады (Ақорда, 2013). Күн сайын 
қарқынды дамып жатқан ақпаратқа тәуелді бүгінгі әлемде бұл заң 
дербес деректерді (электрондық, қағаз түрінде немесе кез келген 
өзге де материалдық тасымалдағышта бекітілген) теріс пайдалану-
дан қорғау үшін қауіпсіздік шараларын белгілеудің қажетті шарты 
болып табылады. Құқықтық актілерді сақтау зерттеушілердің әдеп 
мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
Кәсіби қауымдастықтар мен зерттеушілер бірлестігі деңгей-
інде зерттеушінің мінез-құлқын реттейтін әдеп кодекстері жұмыс 
істейді. Әдеп кодекстері заңнамалық құжат болып табылмаса да, 
әдеп стандарттарын белгілеп, адамдардың қатысуымен зерттеу 
жүргізетін зерттеушілерге құнды бағыт-бағдар бере алады. 2020 
жылы Қазақстанда білім беру зерттеулері тарихында алғаш рет 
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамының 
(Kazakhstan Educational Research Association, KERA) әдеп кодексі 
құрылды. Оның авторлары «Зерттеушінің әдеп кодексін әзірлеу иде-
ясының негізінде зерттеудегі адалдықты қамтамасыз етудің отан-
дық жүйесін құру мәселесі жатқандығын, ондай жүйенің құрамдас 
бөліктері халықаралық тәжірибеде кең тараған зерттеулерді әдеп 
тұрғысынан реттеудің қағидаттары, нормалары мен тетіктері бо-
лып табылатындығын» атап көрсетеді (KERA, 2020, 4-б.).
KERA әдеп кодексімен интернетте мемлекеттік және орыс 
тілдерінде толық танысуға болады
28
. Кодекс үш негізгі бөлімнен 
тұрады: 1) білім беру саласындағы зерттеушінің құндылықтары 
мен қағидаттары, 2) білім беру саласындағы зерттеушінің әдеп 
нормасы және 3) зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігі. 
Кодексте зерттеу әдебі саласында жиі қолданылатын терминдердің 
глоссарийі қамтылған.
Әдеп қағидаттары мен әдеп кодексінің талаптарын сақтау 
зерттеушінің ғана емес, сондай-ақ зерттеуші жұмыс істейтін ұй-
ымның да жауапкершілігі екенін атап өткен жөн. Қазақстан білім 
беру зерттеушілерінің әдеп кодексінің авторлары атап өткендей, 
«кодекс білім беру саласындағы зерттеушілердің зерттеуді әдеп 
28
Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексімен KERA сайтында танысуға болады: 
www.kera.kz


173
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
тұрғысынан жүргізу жөніндегі міндеттерін ғана емес, сонымен қа-
тар зерттеу жүргізілетін ұйым басшыларының қолайлы, ашық және 
шығармашылық зерттеу ортасы мен мәдениетін қалыптастырып, 
дамытудағы міндеттерін де нақтылап береді» (KERA, 2020, 18-б.). 
Адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізуде әдеп нормасын сақтау-
дың маңыздылығын топ болып түсіну, қолдау жас зерттеушілердің 
кәсіби қалыптасуына оң ықпал жасайды және әрбір зерттеушінің 
кәсіби қауымдастық алдындағы жауапкершілігінің құнды мысалы 
ретінде қызмет етеді.
Жоғары оқу орындарында ұлттық әдеп кодекстерінен басқа 
ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитеттері де жұ-
мыс істейді деп болжануда. Алайда ақпараттарға сүйенсек, мұндай 
комитеттер қазіргі таңда Қазақстанда кейбір жоғары оқу орын-
дарында ғана құрылған. Олардың ішінде ең үздік үлгі ретінде На-
зарбаев Университеті ғылыми зерттеулерінің институционалдық 
зерттеу әдебі комитетін
29
айтуға болады. Комитеттің негізгі мін-
деті – «Назарбаев Университетінің профессор-оқытушылар құра-
мы, ғылыми және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ студенттері 
жүргізетін зерттеулерге қатысушы барлық адамның құқықтарын 
қорғау және олардың игілігі үшін әрекет ету» (Назарбаев Универ-
ситеті, 2022). Біз қазақстандық жоғары оқу орындарының кәсіби 
қауымдастығын оқытушылардың зерттеуші ретінде кәсіби дамуын 
қамтамасыз ететін және адамдардың қатысумен жүргізілетін зерт-
теулердегі әдеп мәселесін реттеу құралы ретінде қызмет ететін ин-
ституционалдық әдеп комитеттерін құруға шақырамыз.
Келесі бөлімшеде атап өтетініміздей, әдеп саласына қатысты 
бірлестіктер мен комитеттердің әдеп кодекстері мен стандарттары 
зерттеу әдебіне қойылатын сыртқы талаптар ғана болып табыла-
ды. Зерттеу жүргізу барысында кейбір әдеп мәселесіне интуитивті 
қатынасты дамыту үшін зерттеуші өз жұмысын, әрекетін мораль-
дық жағынан қадағалап отыру мақсатында өзінің дербес әдеп ко-
дексін әзірлеп, үнемі жетілдіріп отыруы керек. Коэн мен оның те-
лавторлары әртүрлі қауымдастық дайындаған әдеп кодекстерінің 
басшылыққа алынатын қағидаттары мен талаптарына белгілі бір 
29
Назарбаев Университеті ғылыми зерттеулерінің институционалдық әдеп комитетінің жұмысы ту-
ралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: 
https://nu.edu.kz/ru/nauka/ofis-provosta/komitet-institutsionalnoj-etiki-nauchnyh-issledovanij


174
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
дәрежеде бірдей тән екенін атап өтеді (Cohen et al., 2011). «Әдеп ко-
декстері нұсқаулық ретінде пайдалы болғанымен, зерттеушіге кез 
келген жағдайда не істеу керектігін айта алмайтындығын» түсін-
ген жөн (Cohen et al., 2011, 101-б.). Осыған байланысты, зерттеуді 
жаңадан бастағандар әрбір нақты жағдайда әдеп мәселесі бойын-
ша өз құндылықтары мен көзқарастарын дамытып отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет