№ 1 мысал. Мектеп таңдау постпозитивтілік пен конструктивтілік ұстанымының зерттеу тақырыбы ретінде Постпозитивтілік. Зерттеудің постпозитивтілік парадигмасы субъекті-
ден тәуелсіз өмір сүретін объективті шындықты зерттеуге бағытталған-
дықтан, бұл тақырып ата-аналардың мектеп таңдауына әсер ететін белгілі
бір факторларды анықтап, өлшеумен сипатталатын болады. Атап айтқан-
да, ата-ана тәрбиесі, отбасында ата-ананың бірдей болуы (толық/толық
емес отбасы), отбасының табысы, отбасындағы бала саны және т.б. По-
стпозитивтілікте себеп-салдарлық байланыс орталық өзек болып табыла-
ды, сондықтан зерттеуші ата-аналардың мектеп таңдауында ең маңызды
рөл атқаратын факторларды (және олардың арасындағы өзара әрекетте-
суді) анықтауға тырысады. Мысалы, постпозитивтілік парадигмасындағы
зерттеу сұрағы: «Балаға мектеп таңдауда әлеуметтік-экономикалық жағдай
мен ата-ананың білім беру факторлары өзара қалай байланысады?» – деген
секілді болуы мүмкін.
Конструктивтілік. Мектепті қалай таңдауға болатынын сапалық зерттеу
әдістерін пайдалану арқылы (ата-аналармен қаланың белгілі бір бөлігінде-
гі белгілі бір мектепті таңдауы туралы сұхбаттасу) ата-аналардың пікіріне
сүйене отырып зерттеуге болады. Сәйкесінше, «мектеп таңдау» құбылысын
ата-ана тұрғысынан зерттеу басты орын алады. Мысалы, конструктивтілік
парадигмасы аясындағы зерттеу сұрағы: «Мектеп таңдау» мәселесі әлеу-
меттік орта және төмен топтардағы отбасылар үшін нені білдіреді?» – де-
ген сипатта болуы мүмкін. Зерттеуші конструктивтілік парадигмасы мен
сапалық зерттеу әдістерін (әр ата-анамен жеке сұхбат немесе ата-аналар-
дың фокус-топтарындағы сұхбат) пайдалану негізінде мәліметтердің жал-
пы және түрлі тақырыптық категорияларын анықтай отырып, алынған са-
палы деректерді талдай алады.