Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет22/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.3-кесте 
Зерттелетін саладағы олқылықты анықтаудың үш негізгі жолы және олардың нұсқалары


37
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
жаңашылдық болып есептелсе де, зерттеушілер арасында әлі то-
лық мойындалған жоқ (Alvesson & Sandberg, 2013). 
Жоғарыда аталып өткендей, зерттеу тақырыбын таңдау, зерт-
теу мәселесі мен мақсатын айқындау, сондай-ақ зерттеу сұрақта-
рын әзірлеу зерттеу жұмысының ең күрделі қадамдары болып та-
былады. Зерттеу дизайнын сандық, сапалық және комбинаторлық 
зерттеулерге сәйкес әзірлеп шығуды аталмыш кезеңнің ең қиын 
тұсы деуге болады.
Келесі бөлімде білім беру зерттеулеріндегі үш негізгі тәсілді 
талқылаймыз. 
1.5 Зерттеудің негізгі тәсілдері
Әдетте білім беру зерттеулерінің барлық тәсілі сандық, сапалық 
және аралас (құрамдастырылған) деп жіктеледі. Біз өз моногра-
фиямызда Робсон мен МакКартонның (Robson & McCartan, 2016) 
ізімен «бекітілген дизайн», «икемді дизайн» және «мультистрате-
гия» ұғымдарын қолданамыз. Аталған терминдер деректерді жинау 
барысындағы сандық зерттеулерде қатаң ізбе-ізділіктің, сапалық 
зерттеулерде икемді кеңістіктің, сандық және сапалық зерттеу әді-
стерінің біріктірілуімен қалыптасқан «мультистратегия» деп атала-
тын шығармашылық жұмсалымның ерекшеліктерін көрсетеді. 
Зерттеу сұрақтарын пысықтау және әдебиетке шолу жасау – қай-
таланып отыратын үдеріс. Жазбаны қайта қарап, бақылап, бағалап 
отыру зерттеу жұмысыңыздың бір бөлігі болып табылады. Жазбадағы 
мәселелерді алдын-ала зерттемей не болмаса өз ойыңызды тексеріп 
отырмай, тиімді зерттеу сұрақтарын әзірлеу қиын болады: зерттеу 
жұмысы немесе жазба жобада біздің не айтқымыз келгенін түсіндіріп 
беретіні анық. Тақырыпты зерттеп, оқып, жазған сайын зерттеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет