41
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, теориялық ұғым-түсінік-
тің көпшілігі квантификацияға (сандық бағалауға) бағынады. Са-
уалнамалық зерттеу (survey research) мәнмәтінінде «конструкт»
(ұғым-түсінік) деп аталатын бөлік сауалнаманың ең маңызды да
алғашқы өнімі болып табылады. Конструкт – зерттеушінің сауална-
ма сұрақтарының көмегімен өлшенетін жалпылама идеясы, басты
тақырып немесе зерттеу пәні. Ол өзінің мазмұндық күрделілігімен
ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде алғанда, олардың кейбірін
қарапайым (мысалы, саяси партияға қатысты) деуге болады, тек
бір немесе бірнеше сұрақ арқылы өлшенуі мүмкін. Ал басқалары
күрделірек (мысалы, мұғалімдердің мектеп жағдайына қанағатта-
нуы) болып келеді және оларды зерттеушінің толыққанды жүзеге
асырып, аталған ұғым-түсінікті (конструкт) пайдалана алуы үшін
бірқатар сұрақ қажет болуы мүмкін (Әлеуметтік ғылымдар зерттеу
әдістерінің энциклопедиясы)
8
.
8
Сауалнамалық зерттеуді ұйымдастырудың қадамдары толыққанды сипатталатын 3-тарауды қараңыз.
Теория
К. Маркстың таптық күрес жөніндегі теориясы
Конструкт
(ұғым-түсінік)
Орта тап
Индикаторлары
Орташа байлық және өмір сүру деңгейі
Кәсіптің
беделі
Өз ұстанымына деген сенімділік
Айнымалылар
Ай
сайынғы табыс деңгейі
Білім деңгейі
Кәсібі
Өз
табысын тұрақты бағалау
Өз жұмыс орнын тұрақты бағалау
Мәні
Өз табысының
тұрақтылығын анықтау
(4-5 баллдық бағалау межесі)
Өз жұмыс орнының тұрақтылығын анықтау
(4-5 баллдық бағалау межесі)
1.4-кесте
Таптық күрес теориясы мысалында зерттеудің бекітілген
дизайнындағы айнымалыларды
жүзеге асыру үлгісі
42
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Сандық зерттеу екі немесе бірнеше құбылыс (айнымалылар)
арасындағы себеп-салдарлық байланысты ашуға ұмтылатындықтан,
аталған жайт зерттеу сұрақтарында көрініс табады.
Төменде сандық зерттеулердегі
сұрақтардың құрылымына
әртүрлі мысал ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: