40
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Жоғарыда
атап көрсетілгендей,
теориялар дедуктивті пай-
ымдау негізінде іріктеледі де, алынған деректерді әрі қарай талда-
уды айқындайды. Сәйкесінше, зерттеу сұрақтары мен болжамдар
зерттеушінің тексеріп немесе дәлелдеуге тырысатын белгілі бір те-
ориясына негізделеді. Сандық зерттеулерге бекітілген дизайн тән
болғандықтан, теориялық ая әдетте жұмыстың басында ұсыныла-
ды және зерттеуші ауыспалы және тиісті мәлімдемелердің/дәлел-
дердің бір-бірімен қалай және неге өзара байланысты екенін толық
түсіндіретін «теориялық негіздеме» ретінде қызмет етеді (Creswell
& Creswell, 2020). Мысалы, ата-аналардың (тәуелсіз айнымалы)
білім деңгейі баланың (тәуелді айнымалы) мектепті таңдауына қа-
лай әсер етеді?!
Сандық зерттеулерді ұйымдастыру
барысында зерттеліп оты-
рған әлеуметтік құбылысты қарастыруда пайдаланылатын теори-
яның немесе ұғымның жүзеге асуын есепке алу қажет (1.5-сурет,
4-қадам). Өз зерттеуіңізде сіз К. Маркстың таптық күрес теори-
ясын қолдануды шештіңіз деп алайық. Осы теорияның негізінде
сандық көрсеткіштер мен айнымалыларды қалай жасауға болады
деген сұрақ сандық зерттеулерде теорияны/тұжырымды жүзеге
асырудың әдіснамалық мәселесіне жатады. 1.4-кестеде ары қарай
зерттеуге қатысушылардың сауалнамасы
негізіне жататын сан-
дық көрсеткіштерде К.Маркстың теориясын жүзеге асыру мыса-
лы
ұсынылады
7
.
7
Келтірілген мысал Жоғары экономика мектебінен алынды https://bit.ly/3tuoIdD
Теорияны кемпірқосақпен салыстыру оның қалай жұмыс істейтіндігін
көз алдына елестетуге көмектесуі мүмкін. Мысалы, зерттеуде кем-
Достарыңызбен бөлісу: