Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Сауалнаманы сынама түрінде өткізу



Pdf көрінісі
бет54/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

3.4 Сауалнаманы сынама түрінде өткізу
Кең ауқымды сауалнаманы бастамас бұрын ондағы анықта-
малар мен сұрақтардың дұрыс жазылғанын айқындау үшін, сон-
дай-ақ жауаптың респондентке жүктелгенін және сұрақтардың 
респонденттер құзыреттілігі деңгейінен асып кетпегенін тексеру 
үшін сынама сауалнама өткізу қажет. Сынама тәжірибе сауалнама-
ны толтыруға орта есеппен қанша уақыт кететінін тексеру үшін де 
қажет. Сауалнаманы толтыру ұзақтығы сауалнаманың сәтті өтуінің 
маңызды факторы болып табылады. Ең дұрысы, сауалнаманы 15-
25 минут уақыт аралығында толтырған дұрыс. Көп сұрақ бермеген 
жөн, себебі респонденттердің сауалнамаға деген қызығушылығы 
жоғалуы мүмкін. Сауалнаманы жүргізу барысында сауалнаманы 
алушылармен сұрақтардың анық/анық еместігі, олардың шамадан 
Миға шабуыл
Жоспарланған зерттеу жобаңыздың негізінде детерминацияланған 
(ықтималдықсыз) іріктеуге мысал келтіріңіз. Сауалнамаға қаты-
сушыларды қайдан және қалай тартатыныңызды және іріктеу жаса-
уға қандай факторлардың ықпал ететінін ойластырыңыз.


90
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
тыс эмоционалдығы және сауалнама құрылымының анықтығы 
жөнінде кері байланыс жасап алу қажет.
3.5 Сауалнама жүргізу әдістері 
Үлестірмелі сауалнамалар
Сауалнаманы толтыру жұмысы көп шығынды, сондай-ақ бір-
шама ресурсты талап етеді, себебі онда респонденттерге нұсқау бе-
ретін, сауалнаманы толтыру кезінде түсіндіру жұмысын жүргізетін 
және қажет болған жағдайда ауызша сауалнама өткізетін арнайы 
мамандардың қатысуы күтіледі. Ең қолайлысы – зерттеуші толты-
ру барысын бақылай алатын 25-30 адамднан тұратын топтардан 
алынатын сауалнама. Бұл сауалнаманың құндылығы шамамен 
100%-ды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет