156
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
жүргізілетін зерттеулерге байланысты адамгершілік,
әдеп және
заң мәселелерін қарастырудан туды. Аталмыш кодекс кейіннен
адамдардың қатысуымен медициналық эксперимент жүргізудің
әдеп нормалары мен стандарттарын әзірлеуге негіз болды. Бүгінде
Нюрнберг кодексінің принциптері медициналық әдеп кодекстері-
не дейін кеңейтілді
24
. Атап айтқанда, ол адамдардың қатысуымен
жүргізілетін медициналық эксперименттерде көптеген халықара-
лық және ұлттық заңнамалық актілерге негіз болды. 1964 жылы
Нюрнберг кодексінің негізінде Хельсинки
декларациясы қабыл-
данды. Ол медициналық зерттеулердің халықаралық деңгейдегі
әдеп ережелерін бекітті.
Нюрнберг кодексінің көптеген принципі өзге де ғылым сала-
ларында, оның ішінде әлеуметтік ғылымдарда да
әдеп кодекстерін
әзірлеуге негіз болды. Нюрнберг кодексі прициптерінің ішінде
заманауи әдеп кодекстерінің және адамдардың қатысуымен жүр-
гізілетін зерттеу ережелерінің құрамдас
бөлігі болып табылатын
басты үш принципті бөліп көрсету керек, олар: 1) ерікті келісім; 2)
зерттеу пайдасы мен тәуекелдің арақатысын талдау және 3) келе-
шектегі салдарын ескермей зерттеуге қатысудан бас тарту құқығы
(7.1-суретті қараңыз). Нюрнберг кодексінің аталған үш принципі
нені білдіреді? Толығырақ қарастырайық.
24
Мысалы, қараңыз: Сарымсакова Б. Е., Розенсон Р.И., Баттакова Ж. Е. (2007). «Руководство по эти-
ке научных исследований» (методические рекомендации). Казахская государственная медицинская
академия: Астана. http://www.rcrz.kz/docs/etic/23..pdf
157
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Достарыңызбен бөлісу: