Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет99/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.1-суретНюрнберг кодексінің үш негізгі принципі
Нюрнберг кодексінің үш
басты әдеп принципі 
Зерттеуге өз еркімен 
қатысуға келісу
Зерттеу пайдасы мен тәуекелдің 
арақатысын талдау 
Келешектегі салдарын ескермей 
зерттеуге қатысудан бас тарту 
құқығы
Зерттеуге өз еркімен қатысуға келісу
Адамдарды эмпирикалық зерттеулерге тартудың ең алғашқы 
қажетті шарты олардың өз еркімен қатысуға келісім беруі болып 
табылады. Бұл әлеуетті қатысушының зерттеуге қатысуға неме-
се қатыспауға заңды құқығы болуы керек дегенді білдіреді. Оған 
қандай да бір күштің, алаяқтықтың, алдап-арбаудың, ашық неме-
се жасырын мәжбүрлеудің араласуынсыз таңдау еркіндігіне мүм-
кіндік беру қажет. Зерттеуге саналы түрде қатысу үшін әлеуетті 
қатысушының зерттеу бағытын терең түсініп, оны жүргізудің әді-
стерін жеткілікті тануы, сондай-ақ денсаулығына кері әсер ететін 
ықтимал физикалық немесе психикалық жайсыздықтар мен қа-
уіптердің салдарын білуі қажет (Нюрнберг кодексі, 1949; Shuster, 
1997). Зерттеуге қатысу не қатыспау жөніндегі ерікті шешім ақпа-
ратты келісімнің басты шарты болып табылады. «Ақпаратты 
келісім» ұғымы «зерттеуге қатысу туралы шешімдеріне әсер етуі 
мүмкін деректерден хабардар болғаннан кейін адамдардың зерт-
теуге қатысу-қатыспау туралы шешім қабылдайтын үдерісі» болып 


158
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
табылады (Diener & Crandall, 1978, 57-б.). Ақпаратты келісім тура-
лы толыққанды ақпарат 7.2-бөлімінде беріледі.
Зерттеуге өз еркімен қатысу принципіне сәйкес әлеуетті қа-
тысушыларға ықтимал тәуекел туралы толық ақпаратты зерттеуші 
өкілі не болмаса басқа қызметкерлер емес, зерттеушінің тікелей 
өзі беруі тиіс. Өз еркімен келісу жайында Нюрнберг кодексінде 
атап өтілгендей, «дұрыс жасалған келісім зерттеуге бастамашы бо-
лып, жетекшілік ететін немесе оны жүргізуге қатысатын әркімнің 
өз еркінде» деуге болады (Нюрнберг кодексі, 1949, 1-б.). Сонымен, 
зерттеуге өз еркімен қатысу немесе одан бас тарту зерттеушінің 
жеке міндеті әрі жауапкершілігі болып есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет