Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет106/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Әділдік принципі
Әділдік принципін сақтау үшін зерттеуші өзінен: «Зерттеудің 
пайдасын кім көреді, ал оның ауыртпалығын кім көтеруі керек?» 
деп сұрауы керек (Belmont Report, 1979, 5-б.). Аталмыш принципті 
«бөлу кезіндегі әділдік» және «еңбекке қатысты әділдік» сынды екі 
аспектіде қарастыруға болады. Зерттеу әдебінің бұл принципін 
талдамас бұрын, оны адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас 
мәнмәтінінде қысқаша қарастырайық. Өйткені әділдік принципі, 
ең алдымен, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын анықтаудың әмбе-
бап өлшемі болып табылады (Сомкин, 2016). Әділдік принципінің 
негізін салушы – Аристотель. Оның пікірінше, әділдік принципі 
«теңге – тең, тең емеске – тең емес» дегенді білдіреді. Заманауи 
түсіндірмеде бұл принцип былайша көрсетіледі: «адамдар өзі қаты-
сып отырған жағдайға байланысты» мінез-құлқымен, қасиетімен 
ерекшеленбесе, олардың бәріне бірдей қарау керек (Velasquez et al., 
2014, 6-б.). Мәселен, ер жігіт пен қыз баласы бірдей жұмыс істеп, 
олардың арасында немесе атқаратын жұмысында айтарлықтай ай-
ырмашылық болмаса, әділдік үшін оларға еңбекақы бірдей төленуі 
керек. Ал егер ер жігітке ер адам немесе еуропалық болғандықтан 
ғана қыз баласына қарағанда көбірек төленетін болса, онда әділет-


167
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
сіздікпен күресуге тура келеді. Себебі қалыпты жұмыс жағдайында 
нәсіл мен жыныстың ешқандай артықшылығы жоқ (Velasquez et 
al., 2014, 6-б.). 
Дегенмен адамдардың арасындағы қарым-қатынастың әртүр-
лілігіне қатысты негізделген өлшемдер бойынша көптеген жағдай-
лар орын алады. Веласкес пен оның телавторлары атап өткендей, 
«театр кассасында кезекте кім бірінші тұрса, билетті бірінші сол 
адамның таңдауы тиіс деп ойлаймыз; үкіметтің жәрдемақыны 
бай азаматтарға емес, мұқтаж жандарға беруі әділетті деп са-
наймыз; жазаны ешқандай тәртіп бұзбағандарға емес, қандай 
да бір тәртіпсіздік жасағандарға қолданған дұрыс деп ойлаймыз; 
сонымен қатар жоба жұмысына анағұрлым күш жұмсаған неме-
се көбірек үлес қосқандар өзгелерге қарағанда жобадан көбірек 
пайда табатынын әділетті деп санаймыз» (Velasquez et al., 2014, 
7-б.). Осылайша, әділдік принципін сақтау барысында адамдар-
мен дифференциалды қарым-қатынас жасаудың түрлі өлшемдерін 
(мысалы, қажеттілігі, сіңірген еңбегі, қосқан үлесі және жұмсаған 
күш-жігері) мойындауымыз керек.
«Бөлу кезіндегі әділдік» және «еңбекке қатысты әділдік» аспек-
тілерін сақтау барысында зерттеуші зерттеудің пайдасын барлық 
қатысушыларға тең бөлуге кепілдік беруі қажет. Әділдік принципі 
бұзылған жағдайда әділетсіздік туындайтыны анық. Белмонт баян-
дамасының авторлары атап өткендей, «әділетсіздік адамға берілуі 
тиіс кейбір жеңілдіктің белгісіз себептермен берілмеген жағдайда 
не болмаса әділетсіз түрде ауыртпалық түскен кезде орын алады» 
(Belmont Report, 1979, 5-б.).
Әділдік принципін бұзу жайттары зерттеуге қатысушыларды 
іріктеу кезінде туындайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, зерттеу 
әдебі «дау-дамай кезінде туған» (Levin, 1988). Белмонт баяндама-
сының авторлары әділдік қағидатын талқылау барысында Таскиги 
қаласында (Алабама штаты, АҚШ) мерез ауруын зерттеуде өрескел 
бұзушылықтардың орын алғандығын атап өтеді. 1932 жылы АҚШ 
Денсаулық сақтау қоғамдық қызметінің (PHS) зерттеушілері зертте-
уге мерезбен ауырған 400-ге жуық қара нәсілді ер адамды тіркейді, 
өйткені зерттеудің мақсаты аурудың әсерін бақылау болған (Salganik, 
2019). Белмонт баяндамасының авторлары аталған зерттеудегі зерт-
теу әдебі өрескел бұзылғандығына төмендегі мәліметтерді атап өтеді:


168
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет