Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет102/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.2-суретБелмонт баяндамасының үш негізгі принципі (Belmont Report, 1979)
Белмонт баяндамасының 
үш негізгі принципі 
Жеке тұлғаны құрметтеу принципі
Әділдік принципі
Қамқорлық принципі


162
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
тысуымен жүргізілетін зерттеулердегі әдеп мәселелерін түсінуге 
мүдделі азаматтарға көмектеседі». Енді аталған әдеп принциптерін 
толығырақ қарастырайық.
Жеке тұлғаны құрметтеу принципі
Аталмыш принциптің негізгі бағыты – зерттеудің әлеуетті қа-
тысушының дербестігі (тәуелсіздігі). Белмонт баяндамасына сәй-
кес, тәуелсіз тұлға – «жеке мақсаттары жөнінде ойлануға және өз 
көзқарастарына сәйкес әрекет етуге қабілетті жеке тұлға» (Belmont 
Report, 1979, 4-б.). Бұл әдеп принципінің мәні екі талапты сақта-
уға негізделген: 1) әлеуетті қатысушы тұлғасының дербестігін тану 
және 2) дербестігі шектеулі адамдарды, яғни әртүрлі жағдайға бай-
ланысты зерттеуге қатысуды өз еркімен шеше алмайтын тұлғалар-
ды қорғау. Шешімді өзі қабылдай алмайтын адамдардың категори-
ясы «қауқарсыз адам» деп аталады. Қауқарсыз адам деп физикалық, 
психологиялық және/немесе әлеуметтік тәуекелдің жоғары болуы-
ның салдарынан зерттеуге қатысуға толық келісім бере алмай-
тын кез келген тұлғаны атауға болады. Олар белгілі бір жастағы 
адамдар (балалар, кәмелетке толмағандар), ерекше психикалық 
қабілеті бар адамдар, психикалық немесе физикалық денсаулығы 
сыртқы факторларға тәуелді науқастар, белгілі бір әлеуметтік то-
пқа жататын адамдар (мысалы, панасыздар, түрмеде отырғандар) 
және өзге де адамдар (мәселен, аяғы ауыр әйелдер) болуы мүмкін. 
Сол себепті зерттеу жүргізу барысында әлеуетті қатысушылардың 
қажеттілігін ескеріп отыру қажет және олардың зерттеуге қатысуға 
толық келісім беруіне қатысты туындауы мүмкін ықтимал про-
блемаларды да есте ұстаған жөн. Принцип сипаттамасында атап 
өтілгендей, «жеке тұлғаның ерік қабілеті өмір бойы жетілдіріліп 
отырады, ал кейбір адамдар түрлі ауруға, психикалық ауытқуларға 
немесе тәуелсіз өмір сүруге кедергі келтіретін жағдайларға байла-
нысты бұл қабілеттен толықтай немесе ішінара айырылып қалады» 
(Belmont Report, 1979, 4-б.).
Осыған байланысты, жеке тұлғаны құрметтеу принципінде 
мынадай мәселеге мән берілуі тиіс: бір жағынан, зерттеушілер қа-
уқарсыз адамның зерттеуге қатысуына теңдей мүмкіндік берілгені-
не көз жеткізу керек, екінші жағынан, қауқарсыз адамның (зерт-
теуге қатысу/қатыспауы жөнінде) шешім қабылдауына сыртқы 


163
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
ықпалдың әсер ету қаупі бар (мысалы, медицина қызметкерлері 
өздерінің кәсіби беделіне, үстемдігіне немесе ғылыми деректері-
не сүйене отырып, аяғы ауыр әйелдерді зерттеуге қатысуға көн-
діре алады). Белмонт баяндамасында түрмеде отырғандар туралы 
мысал келтіріледі. Бір қарағанда, түрмеде отырғандар зерттеуге 
өз еркімен қатысатын сықылды көрінуі мүмкін. Дегенмен оларды 
зерттеуге қатысуға жасырын түрде мәжбүрлеу қаупі бар. Мәсе-
ленің мәнісі қауқарсыз адамдарға «еріктілікке» рұқсат беруде не-
месе «оларды қорғауда» (Belmont Report, 1979, 5-б.). Зерттеушілер 
жеке тұлғаны құрметтеу принципінде ұсынылған бәсекелес көзқа-
растардың тепе-теңдігін ескеруі керек (Belmont Report, 1979).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет