Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет112/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

206. Төрт баған.
Ойыншылар саны: 10-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы. Керекті құрал-жабдықтар: кішкентай доп.
Ойынның мақсаты: доп соғу мен тез бұлтарып жүгіру арқылы жеке басының қимыл қозғалыс әрекеттерін үйлестіруге үйретеді.
Ойынға дайындық: балалар араларынан екі капитан сайлайды. Қалған ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтар сөре сызығына тізбек жасап тұрады. Екінші топтың балалары ойын алаңында шашырап жүреді. Алаңның төрт жеріне алшақтығы бір-бірінен 6-8 метрлік етіп, биіктігі екі метрге дейін келетін бағандар қойылады.
Ойын мазмұны: сөре сызығы үстінде тұрған бірінші ойыншыға доп береді. Ойын басталуға белгі берілгеннен кейін осы ойыншы неғұрлым алаңның алыс шетіне допты бір қолмен соғады да, өзі тез жүгіріп, төрт бағанға да қолын тигізіп, қайта сөре сызығына жүгіріп келеді. Егер үлгерсе тобына ұпай әкеледі. Алаңда тұрған ойыншылар допты тез ұстап алып, бағандағы айналып жүрген ойыншыны доппен соғуы керек. Жүгіріп жүрген ойыншы доптан қашып бір бағанның қасына тұра қалса, оны соғуға болмайды. Ойыншы үлгермей қалып оған доп тисе, топтар орындарын тез ауыстырады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Ойынның ережесі: алаңдағы ойыншы доп алаңда болғанда бағандардың арасымен жүгіре алады; Бағаннан ұстап тұрған ойыншыны ұруға болмайды; допты соғатын ойыншы доптың алаң шеңберінен асып кетпеуін қадағалайды; алаңда тұрған ойыншылар допты бір-біріне лақтырып беруіне болады.
Ойынның педагогикалық маңызы: баланы ойын барысында туындайтын сан алуан жағдайларда шұғыл әрекет жасауға үйретеді. Батыл, епті болуға дағдыландырады. Өзінің шамасын анықтап, күш-қуатын, шапшаңдылығын, шыдамдылығын арттыруға тырысады.
207. Секіргіш торғайлар
Ойыншылар саны: 10-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Ойынға дайындық: алаң ортасына үлкен шеңбер сызылады. Жүргізуші 2-3 «мысық» ойыншыларды сайлайды. «Мысықтар» шеңбер ортасында отырады. Қалған ойыншылар «торғайлар» шеңбер бойына айнала орналасады.
Ойын мазмұны: жүргізушінің белгісі бойынша «торғайлар» шеңбер ішіне секіріп кіре бастайды. «Мысықтар» ішке секіріп кірген «торғайларды» ұстап алуы керек. Ұсталған «торғайлар» шеңбер ортасына отырады немесе шеңбер жанындағы орындыққа отырады. Келісім бойынша төрт бес «торғай» ұсталғаннан кейін ұсталмаған «торғайлардың» арасынан жаңа «мысықтар» сайланады. Ойын жаңадан басталады. Мүлде ұсталмаған «торғай» мен аз уақытта көп «торғай» ұстаған «мысық» үздік ойыншы болып саналады.
Ойын ережесі: «мысық», «торғайды» тек шеңбер ішінде ұстауы тиіс; «торғайлар» тек бір аяқпен секіруі керек; «торғайлар» шеңбер ішінде жүгіріп кетсе, ойыннан шығып, ұсталған «торғайлардың» қасына барады; ұсталған «торғайлар» жаңа «мысық» сайланғанша ойынға қатыса алмайды.
Ойынның педагогикалық маңызы: ойын оқушылардың шапшаңдық, ептілік, секіру қабілеттерін дамытып, жетілдіреді. Тез шешім қабылдауға, ұйымшылдыққа, бағдарлауға тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет