Жүйке тармақтары (ствол), түйіндері мен байламдарын новокаиндік тежеу. Новокаиндік тежеу патогенетикалық терапия болып табылады. Ол
жануарлар организмі мен әртүрлі ұлпалардағы қабыну процестерін емдеуде
және алдын-алуда спецификалық заттарды, оның ішінде новокаин ерітіндісін
қолдануға негізделген.
И.П. Павловтың жүйке жүйесінің трофикалық функциясының
физиолонмясын негізге ала отырып, А.А.Вишневский қабыну процестері
барысындағы ұлпалар мен органдардағы трофикалық өзгерістер, ұлпалық
реакциядарды жүйке жүйесі реттейтінін анықтады. Жүйке жүйесі қозудың
басында тітіркеген күйде болады, орталық жүйке жүйесінің күшті тітіркенуі
жағымсыщ трофикалық реакция туғызады, ал әдсізі – жағымды.
А.В.Вишневский алғаш рет күшті тітіркенуді әлсіз жүйкені новокаиндеуді
ұсынды.
А.В.Вишневский мен А.А.Вишневскийдің новокаиндік тежеуді
құрамына тежелу элементтері мен тітіркену кіретін орталық және
периферикалық жүйке жүйесіне жүйелі әсер ретінде қарастырады.
Новокаиндік тежеу импульстың берілуіне кедергі кедтіру арқылы тежеу
эффектін жақсартып қана қоймай, зақымданған ошақ пен организмде
трофикалық қозғалыс тудыратын жүйке жүйесінің әлсіз тітіркендіргіші
болып табылады. Терапиялық әсер патологиялық ошаққа жақын жердегі
соматикалық немесе вегетативті жүйке жүйесін новокаинмен тежегенде
жақсы байқалады.
А.А.Вишневский, С.П.Протопопов, К.Ф.Догаев мәліметі бойынша
новокаин әсер ету диапазоны кең ауқымды зат болып табылады. Ол
нейротропты, қабынуға қарсы және антипарабиотикалық қасиетке ие. Жүйке-
рефлекторлық механизм арқылы әсер етіп, новокаин қабыну салдарынан
жоғарылаған капилляр өткізгіштігін төмендетеді, қанның бактериоцидтік
және лизоцимдік активтілігін, лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігін
және
жануар
организмінің
иммунобиологиялық
реактивтілігін
жоғарылатады.
Новокаиндік тежеудің әсері патологиялық процестің алғашқы
сатысында және антибиотиктермен бірге қолданғанда жақсара түседі.