200
Сурет 150. Ш. Шакуров тәсілімен ішкілік кеуде жүйкелерді
және симпатиялық
шекаралық діңді плевра үстінен тежеуі
В. В. Мосинмен құрсақ жүйкелерін және симпатикалық
шекара діңді плевра үстінен тежеу
Көрсетуі. Құрсақ және жамбас қуыстарда қабыну құбылыстарын
сақтандыру алдын алу немесе емдеу, ішкі ағзаларды жансыздандыру,
абдоминалды
естен тануға жол бермеу, тегіс бұлшық еттің тонусын
қалыптастыру, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етуін жақсарту, ас
қорытатын бездердің секрециясын күшейту мақсатымен жасалады.
Тежеу техникасы. Ірі малдан түрегеп тұрған жайда бекітеді. №10120
немесе №10150 (ірі малға арналған) ұзын ине қажетті.
Ине шаншу пункті
жылқыда және ірі қара малда соңғы ќабырғаның алдынан, ал қалған малда
артынан анықтайды. Инені 30 – 35
0
горизонтальге бұрышпен, омыртқа
денесіне тірелгенше жылжытып қадайды (сурет 151,
а). Бос шприцты инеге
қосып аспирирдеп қан тамырларға тимегеніне көзді жеткізеді.
Содан сон
ерітіндімен толтырылған шприцті қосып оның поршенін басып, инені
алғашқы орнынан үстіне қарай қисайтып плевра үстіндегі клечаткаға шағын
мөлшерде ерітінді жіберіп шприцті шешеді.
Сурет 151. В. В. Мосинмен құрсақ жүйкелерін және симпатикалық шекара діңді
плевра үстінен тежеу
201
Ине дұрыс тұрса оның канюласынан ерітінді тамшылап ағады, ал
иненің өзі қолқа тамыры дүрсіліне және тыныс
қозғалыстарға синхронды
тербеленеді. Плевра тесілген жағдайда инеден сұйықтық шықпайды,
керісінше ине арқылы плевральдық қуысына ауаны кіреді. Ондай жайда
инені сәл жоғары шығарып оның орнын өзгертіп инъекцияны тамамдайды
(б). Қарама-қарсы жаққа тұра осындай тәсілді қайталады.
0,5%-дық новокаин ерітіндісін жалпы мөлшерін 1 кг малдың салмағына
0,5 мл есептейді. Оны әрбір жаққа бірдей мөлшерде бөліп инъекциялайды.
Итке, ќойға, ешкіге және шошқаға 1 кг салмағына 2 мл ерітінді енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: