197
а б
Сурет 149. Жылқының асықты жіліктік (
а) және шыбықтық (
б) жүйкелерін тежеу
Жүйкенің жуандығына байланысты және оны қоршаған майлы қабаты
қалың болғандықтан 20 мл 3 – 4%- дық немесе 10 мл 5 – 6%- дық новокаин
ерітіндісімен инъекциялайды.
Инъекцияның дұрыс нәтижесі (ақсақтық жойылуы) ақсақтық
құбылысы тұсамыс және жіліншік буындар
аралығында орналасқанын
көрсетеді. Егер ақсақтық қалса және негізгі ауру жіліншік буын болуы
сезіктенсе, жедел шыбықтық жүйкені тежеуге кіріседі, себебі ол буын осы
жүйкемен жүйкеленеді. Ақсақтық туралы ақырғы мәселені тежеумен шешуге
болады.
Жылқының шыбықтық жүйкесінің жалпы діңін тежеу.
Көрсетуі.
Тілерсек, жіліншік және саусақтардың аумағында операция жасағанда
(асықты жіліктік, жасырынды және сирақтың жамбас тері жүйкелерімен
үйлестіріп тежейді).
Тежеу техникасы. Шыбықтық сүйектің басында инені қадайтын
орынды анықтайды. Осы орында жүйке екі
бұтаққа бөлінеды оны тері
астынан ұстап байқауға болады. Жүйке теріден сирақтың беткі және терең
фасциямен бөлінеді. Осы сүйек пунктан 1,5 – 2 см төмен, инені жоғарыдан
төмен фасция астына ұшы сүйекке тигенше қадайды. 20 мл 3 – 4 %- дық
новокаин ерітіндісімен инъекциялайды. Инъекциядан кейін тез тарап кететін
бұлшық еттің жазылдырғыштарының салдануы байқалады. Бұл тежеуді
диагноздық мақсатпен қолданбайды.
Терең және беткейлік шыбықтық жүйке бұтақтарын тежеу.
Көрсетуі. Шпатқа күдік болғанда диагноздық инъекция; тілерсек, жіліншік
және саусақтардың аумағында операция жасағанда, асықты жіліктік,
жасырынды және сирақтың жамбас тері жүйкелерімен бірге тежейді.
Тежеу техникасы. Жылқыны қабырғада бекемдеп, бұрау салып
бекітеді. Сирақтың сыртқы бетінде, саусақтардың ұзын және шеттік
жазылдырғыш сіңірлерінің үштен бір аралық орта және төменгі шекарасында
шыбық сүйектің науашасы анық байқалып тұрады, оның тереңдігінде
Қоршау техникасы . Кішкене бас облысында сүйек малоберцовойы ине
шаншу орынын анықтайды . Мына учаскеде жүйке өз бұтақтарым емес
198
шыбықтық жүйкенің терең бұтағы жүреді. Егер аяғын аздап жоғары көтерсе,
науаша кеңейеді, инъекция жасауы жеңілденеді. Ол
учаскеде тері астында
шыбықтық жүйкенің үстіңгі бұтағын пальпациямен байқауға болады. Инені
аталған сіңірлердің арасына, саусақтың ұзын жазылдырғыш сіңірдің артқы
қырына бағытап төмен жағынан жоғары қарай 2 см тереңдікке қадайды.
Тығызды фасцияны тесіп өтуі керек, 10 мл новокаин ерітіндісімен
инъекциялайды (сурет 149
б). Бұл тәсілмен терең бұтақты тежейді. Егер
инені тері астына шығарып оны оң және сол жаққа бұрап, тағы сол мөлшерде
ерітінді жіберсе, онда үстіңгі бұтақтары тежеледі.
Жылқының сирақтық-жамбас тері жүйкесін тежеу.
Көрсетуі. Аяқтың дистальды бөліміне операция жасау: асықты
жіліктік, шыбықтық және жасырынды жүйкелердің бір уақытта тежеу қажет.
Тежеу техникасы. Жылқының қарама қарсы тұрған артқы аяғын,
тағалағандағыдай көтереді. Инені өкше сүйек
төбесінен алақан еніндей
жоғарырақ, ахилл сіңірдің тіккелей алдынан, тері және фасция астына
қадайды. Алдымен фасцияның астына, содан соң, инені тері астына шығара 5
мл 3%- дық новокаин ерітіндісімен инъекциялайды. Жансызданған аумағы
тілерсектің, сирақтың төменгі үштен бір латероплантарлық беттерінде және
жіліншіктің жоғарғы учаскесінде көрінеді.
Жылқының жасырынды жүйкесін тежеуі. Көрсетуі. Аяқтың
дистальды бөлімінде жансыздандыру үшін, асықты жіліктік, шыбықтық және
жасырынды жүйкелердің үйлестіріп тежеуі қажет.
Тежеу техникасы. Жылқыны бұрау арқылы бекітеді. Аяқты арқанмен
алға тартады. Инені оң қолмен артқы аяқтардың аралығына арттан немесе
алдынан әкеліп, жасырын қан тамырының орнын анықтайды. Инені
сымбатты
бұлшық етің төменгі шекарасына, жақсы көрінетін және ұстап
байқалатын жасырынды тамырдың үстінен, тері астына қадайды. Инені
тамырдың алдына және артына бұрады, ерітіндіні тамырдың екі жақтарына
таратып инъекциялайды. 10 - 15 мл 3%-дық новокаин ерітіндісін қолданады.
15 минуттан кейін санның төменгі ішкі беттерінің, тілерсек буының,
сирақтардың және жіліншікткер бөлімдерінің терісінің жансызданғаны
көрінеді.
Плантарлық жүйкелердің және олардың бұтақтарын тежеу- дәл
алдыңғы аяқтағыдай.
Ірі қара малдың саусақ жүйкелерін тежеу.
Анатомо - топографиялық
деректері. Ірі қара мал саусақтарыны жансыздандыруға
плантарлық және
дорсальды жіліктік жүйкелерін тежеу қолданады. Бірінші жүйке асықты
жілік, ал екіншісі шыбықтық жүйкелердің жалғасы болып келеді. Беткейлік
шыбықтық жүйке сирақтың және жіліншіктің дорсолатеральдық беттеріне 3
тармақталған бұтақтары қайтарады: латеральдық (IV дорсальды-латеральды
саусақ жүйкесі), медиалдық (III дорсальды, латеральды саусақ жүйкесі) және
орталық (жалпы дорсальды саусақ жүйкесі).
Сирақтың дистальды бөлімінде асықты жіліктік жүйкесі медиалдық
және латеральдық плантарлық жүйкелерге бөлінеді. Жүйкелердің онан арғы
тараулануы кеуде аяқтың тараулануына ұқсас келеді.
199
Тежеу техникасы. (Т. Шабровтың өзгертілген тәсілдерімен). Аяқты
тілерсек буында бүктейді. Дорсальды жүйкелердің тежеуін, тері астында
ұстап байқалатын саусақтардың ұзын жазылдырғыш сіңірін бағдар етеді.
Тілерсек буының бүктеуінен 3 - 5 см төмен,
бұл сіңірлердің латеральдық
және медианалдық беткейлігіне, фасция және тері астына, неғұрлым үлкен
алаңға жеткізіп, ине ұшын тілерсек сүйектің науашасын бойлай бағыттап 20
мл 4% - тік новокаин ерітіндісімен инъекциялайды. Бұл инъекциямен
саусақтың дорсальды жүйкелерін тежейді.
Плантарнық жүйкелерді тежегенде аяқты жазылған күйде бекітеді.
Бағдарға саусақ бүккіштердің терең сіңірлердің қыры болады. Инені тілерсек
буынан 7 см төмен (немесе сирақтың ортасына), фасцияның астына 1 - 1,5 см
тереңдікке қадайды. 20 мл 4 – 5 %-дық новокаин ерітіндісімен
инъекциялайды.
Ринеримен тежеу техникасын алдыңғы тақырыптардан қараңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: